Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 18 қараша N 127/1-П бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1701

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 U973444_ "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 U000349_ Жарлығымен бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 V001120_ "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына келесi өзгерту енгiзiлсiн:
      Осы бұйрықпен бекiтiлген, 2002 жылға дейiнгi мерзiмге отандық және

шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмiндегi
     2 тарауды "Өңдеушi өнеркәсiп" "Ауылшаруашылық өнiмдi өнеркәсiптiк 
қайта өңдеу" жолынан кейiн келесi мазмұндағы "Крахмал және крахмал 
өнiмдерi өндiрiсi" жолмен толықтырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеу күннен бастап күшiне енедi.
     
     Төрағаның міндетін атқарушы
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева Ә.Ж.