Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша мiндеттемелер нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1495 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1697.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Осы бұйрыққа сәйкес қоса берiлiп отырған Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша мiндеттемелер нысандарының (бұдан әрi - Мiндеттеме) қосымша бекiтiлсiн.
      2. Мiндеттеме импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органына екi данада ұсынылатындығы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Мiндеттеменiң бiр данасымен қосылған құн салығын төлеушi - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тiркеу орны бойынша салық органдарын қамтамасыз етсiн. 4. Әдiстеме департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiп және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр С.С. Қанатовқа жүктелсiн. 6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2001 жылғы 14 қараша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1495 бұйрығына қосымша
 
 
              Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегі декларацияда көрсету бойынша МIНДЕТТЕМЕ ___________________________________________________________________________ алушы/импорттаушы ____________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе, егер алушы/импорттаушы ______________________________________________________________________ болып жеке тұлға болса аты-жөнi) Салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi ________________ _____ сериалы N ________ ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктi ______________________________________________________________________ (қала, аудан, облыс) бойынша салық комитетi 200_ ж. "___" __________ N ____________ ЖКД сәйкес есеп әдiсiмен бюджетке төленуге тиiстi _________________________ (_________________________) теңге ҚҚС (сома жазбаша түрде) сомасына _____________________________________________________________ (салық кезеңi) қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсетуге мiндеттенедi. Басшы (жеке тұлға)__________________________________________________________ (Басшының аты-жөнi, немесе жеке тұлғаның аты-жөнi ______________________________________________________ ______________ және оның жеке куәлігінiң нөмiрi) (қолы) Мiндеттеме 200_ ж. "___" ____________ қабылданды. Инспектор ____________________________________________ _____________ (Кеден органының лауазымды тұлғасының аты-жөнi) (қолы) Кеден органы М.О. ___________________________________________________________________________