БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы "Ақпараттық қызмет көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 6 V001035_ бұйрығына келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету Ережесi:
мына мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Ақпараттық анықтамалардың түрлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiмен бекiтiледi.";
16 тармақта:
мына мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) жылжымайтын мүлiктiң қаржы лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалар";
мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамаларда жылжымайтын мүлiк объектiсiне қатысты құқықтар, шектеулердiң (шек қою) бары немесе жоғы туралы мәлiметтер болмау керек";
20 тармақта:
"ақпараттық қызметтердiң" деген сөздерден кейiн ", жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен "Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң
теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардағы мәлiметтер 15 күнге дейiн берiлген сәтiнен жарамды болып табылады" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардағы мәлiметтерiнiң нысаны және жылжымайтын мүлiктiң қаржы лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Тiркеу қызметi комитетi осы бұйрық күшiне енгеннен кейiн бiр апталық мерзiмде бекiтедi. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.