Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 10 тамыздағы N 30 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1679

Қолданыстағы
      1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңын

 

Z990427_

  , 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету 
таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы"  

Z990456_

  
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы 
шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
     2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету 
жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     Төрайым
                                             Қазақстан Республикасының     
                                                Әдiлет министрлiгi
                                       Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi
                                                комитетi төрайымының 
                                               2001 жылғы 10 тамыздағы
                                              N 30 бұйрығымен бекiтiлген
       Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы
                    шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы
                                   Ереже
                            1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң K990409_ (Ерекше бөлiм) 1000, 1029-баптарына, 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңы Z990427_ 11-бабының 6-тармағына және 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Z990456_ Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер қолданылады:
      1) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiп үлгiлерi, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары;
      2) қорғау құжаттары - өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патент, өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге патент, тауар таңбаларына немесе қызмет көрсету таңбаларына куәлiк;
      3) беру шарты - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқықты беру туралы шарт.
      3. Беру шарты соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқық күшiнде болатын мерзiм iшiндегi кез келген уақытта жасалуы мүмкiн.
      4. Беру шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнде (әрi қарай - Комитет) мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
      Беру шарты ол тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
      5. Беру шартын тiркеуден бас тарту үшiн:
      1) соған қатысты шарт жасалатын ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негiздердiң, сондай-ақ соған қатысты шарт жасалатын ерекше құқықтан қалыс қалуға кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
      3) шартта Қазақстан Республикаларының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;
      4) тауар таңбаларына және қызмет көрсету таңбаларына ерекше құқықты беруге байланысты тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты тұтынушыларды шатастыру;
      5) осы Ереженiң ережелерiн сақтамау негiз болып табылады.

                    2. Беру шарттарын тiркеудiң тәртiбi

      6. Беру шарттарын тiркеу оларға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Қазақстандық патенттiк сараптау институты (әрi қарай - Институт) жүргiзген сараптама нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      7. Беру шартын тiркеу туралы өтiнiш (әрi қарай - өтiнiш) У-1 нысаны бойынша Комитетке берiледi (осы Ережеге 1-қосымша).
      Өтiнiш беру шартының бiрiне қатысты болуға тиiс.
      8. Өтiнiштi беру шарты тараптарының бiрi не олардың мұрагерлерi немесе құқықтық мирасқорлары бередi.
      Мұрагер немесе құқықтық мирасқор өтiнiш берген кезде оған мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық құқығын растайтын құжаттың куәландырылған көшiрмесi қоса тiркеледi.
      Заңды тұлға атынан өтiнiшке ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi тұлға лауазымын көрсете отырып қол қояды.
      Патенттiк сенiм білдiру немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген кезде өтiнiшке тиiсiнше патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өкiл қол қояды.
      9. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) Беру шартының титулдық парақпен жабдықталған төрт дана түпнұсқалары. Беру шарты түпнұсқаларының орнына өтiнiм берушiнiң таңдауы бойынша:
      шарттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      құқықты беру фактiсi көрiнiс тапқан шарттан нотариалдық куәландырылған көшiрме;
      беру туралы куәлiкке қатысты Үлгiлiк халықаралық бланкiде ұйғарылғандай мазмұндағы шарт бойынша беру туралы куәландырылмаған және бұрынғы, сондай-ақ жаңа иелерi қол қойған куәлiк;
      беру туралы куәлiкке қатысты Үлгілік халықаралық бланкiде ұйғарылғандай мазмұндағы құқықты беру туралы куәландырылмаған және бұрынғы, сондай-ақ жаңа иелерi қол қойған құжат табыс етiлуi мүмкiн.
      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген жағдайларда, сенiмхат;
      3) тиiстi ақы төленгенiн растайтын құжат.
      10. Өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Басқа құжаттар мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлдерде ұсынылады. Егер басқа құжаттар басқа тiлде ұсынылса, олардың белгiленген тәртiппен куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасы өтiнiшке қоса тiркеледi.
      11. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар беру шарттарын тiркеуге байланысты iстi Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм білдiрушiлерi арқылы жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар, беру шарттарын тiркеуге байланысты iстi, Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазуға арналған мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрусiз жүргiзе алады.
      12. Өтiнiш түскен кезден бастап он бес күн iшiнде Комитет келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізедi, оның барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi.
      Беру шартының материалдары келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде Институт оларға мәнi жөнiнен сараптама жүргiзедi.
      13. Құжаттарды ресiмдеудiң талаптары бұзылған немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген, беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн, алайда оларды жоюға болатын негiздер болған жағдайда, өтiнiм берушiге оны жөнелткен күннен бастап үш ай мерзiмде құжаттарда жоқтарын немесе түзетiлгендерiн берудi немесе қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсына отырып, сұрау салу жiберiледi. Бұл жағдайда осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды ұсынған күннен бастап есептеледi. Егер сараптама жүргiзу барысында жекелеген мәселелер бойынша басқа ұйымдардың қорытындысын алу талап етiлсе, онда бұл жағдайда көрсетiлген мерзiмдер қорытынды ұсынылған күннен бастап есептеледi.
      14. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда Институт беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны Комитетке жiбередi.
      15. Беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн, жойылуы мүмкiн емес негiздер болған немесе өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, Институт Комитетке беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып қорытынды жiбередi.
      16. Беру шартын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi Комитет қабылдайды.
      Комитет беру шартын тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда қаралып отырған шарт бойынша құжаттар жиынтығы тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша қайтарылады.
      17. Комитет беру шартын тiркеу туралы шешiм шығарғаннан кейiн:
      1) беру шартының нысанасы болып табылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына қосымшаны ресiмдейдi;
      2) беру шартының титулдық парағына тiркеу күнiн, шарт парағының және оның қосымшасының санын, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
      3) тiркелген беру шарттарының Тiзiлiмiне беру шарт туралы мәлiметтердi ендiредi;
      4) хат жазысу үшiн өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша беру шартының тiркелген екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi.
      Беру шартының үшiншi және төртiншi данасы Комитет пен Институтта сақталады және бақылау даналары болып табылады.
      18. Институт тiркелген беру шарттары бойынша:
      1) тiркелген беру шарттарын автоматтандырылған өңдеудi және есептеудi жүргiзедi;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу үшiн тiркелген беру шарттары туралы мәлiметтердi ай сайын әзiрлейдi;
      3) тiркелген беру шарттары, атап айтқанда:
      шарттың тiркелген нөмiрi мен күнi;
      шарт тараптарының атаулары (тегi, аты, әкесiнiң аты) туралы мәлiметтердi бюллетенге тоқсан сайын жариялайды.
      19. Тiркелген беру шартына енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер немесе толықтырулар Комитетте тiркелуге тиiс және ол тiркелген беру шарттарының Тiзiлiмiне енгiзiледi.
      Тiркелген беру шартына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш У-2 нысаны бойынша Комитетке беріледi (осы Ережеге 2-қосымша).
      20. Тiркелген беру шартына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшке:
      1) шарттың екi тарабы да қол қойған, енгiзiлген өзгерiстердiң немесе толықтырулардың тiзбесi мазмұндалған қосымша келiсiм;
      2) енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың сараптамасына және тiркелуiне ақы төленгенiн растайтын құжат қоса берiледi.
      21. Қоса берiлiп отырған құжаттарды ресiмдеудiң және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш берудiң тәртiбiне, сондай-ақ тiркелген беру шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу мен сараптаудың тәртiбiне осы Нұсқаулықтың 8, 10-18-тармақтарында белгiленген ережелер қолданылады.

                           3. Қорытынды ережелер

      22. Беру шарттарына сараптама жүргiзуге және тiркеуге байланысты iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақы алынуы мүмкiн.
      23. Кез келген тұлға тiркелген беру шарты туралы мәлiметке қатысты тiркелген беру шарттарының Тiзiлiмiнен көшiрменi ашық жариялау үшiн алуға құқылы.
      Беру шартының мәтiнiмен үшiншi тұлғаны таныстыруға, сондай-ақ одан көшiрме алуға шарт тараптарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      24. Беру шартын сараптау мен тiркеудiң барлық сатыларында ашық жариялау үшiн белгiленген мәлiметтердi қоспағанда, шарт жасасудың мазмұны мен шарттарына қатысты мәлiметтердiң құпиялылығы қамтамасыз етiледi.
                                                               1-қосымша

У-1 нысаны

                                                    Қазақстан Республикасы 

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


                        Беру шартын тiркеу туралы

                                Өтiнiш
     1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатын (қорғау құжаттарын) берудi 
тiркеудi сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және 
нөмiрi (нөмiрлерi) _______________________________________________________
     _______Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Иегер (иегерлер) _________________________________________________
                       тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     _______ Егер иегерлер бiрнешеу болса, көрсетiлсiн және жалғастыруға 
арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар)
__________________________________________________________________________ 
              тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен телефон
__________________________________________________________________________
     ______ Егер құқықтық мирасқорлар бiрнешеу болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта олардың әрбiрiнiң мекен-жайы мен телефонын 
қоса алғанда, қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     5. Құқықтық мирасқордың патенттiк сенiм бiлдiрушiсi немесе өзге өкiлi
__________________________________________________________________________
                          тегi, аты, әкесiнiң аты
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен телефон
__________________________________________________________________________
     6. Хат жазысуға арналған мекен-жай __________________________________
     7. Қосымша:
     _ парақ (________ парақ NN ________ қосымшаларымен)__________________
данада тiркелетiн шарт;
     _ Патенттiк сенiм білдiрушiнiң немесе өзге өкiлдiң өкiлеттiгiн 
растайтын сенiмхат;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) _________________________________________
     Өтiнiм берушi ____________________________________________     М.О.
                    қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні _____________________
                                                               2-қосымша
                                                              У-2 нысаны


                                                    Қазақстан Республикасы 

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


       Тiркелген беру шартына өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу туралы
                                     Өтiнiш

      1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына)

қатысты тiркелген беру шартына өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi 
сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және 
нөмiрi (нөмiрлерi) ______________________________________________________
     _ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Иегер (иегерлер) ________________________________________________
                      тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     _ Егер иегерлер бiрнешеу болса, көрсетiлсiн және жалғастыруға 
арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар)
_________________________________________________________________________
            тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     _ Егер құқықтық мирасқорлар бiрнешеу болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     5. Беру шартының тiркеу нөмiрi және күнi
     6. Қосымша:
     _ ________парақ ________ данада тiркелген беру шартына тiркелетiн 
өзгерiстер мен толықтырулар;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) ________________________________________
                                                                   М.О.
     Өтiнiм берушi _________________________________________
                  қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні __________________
     
      Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Багарова Ж.А.