Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1678

Қолданыстағы
      1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңын

 

Z990427_

  , 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету 
таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы"  

Z990456_

  
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, 
сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
     2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету 
жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     Төрайым
                                             Қазақстан Республикасының     
                                                 Әдiлет министрлiгi
                                      Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi
                                          комитетi төрайымының 2001 жылғы 
                                    10 тамыздағы N 31 бұйрығымен бекiтiлген
      Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық,
          сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы туралы
                                   Ереже
                            1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) K990409_ 1001, 1031-баптарына, 1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңы Z990427_ 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Z990456_ Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер қолданылады:
      1) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiп үлгiлерi, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары;
      2) қорғау құжаттары - өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патент, өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге патент, тауар таңбаларына немесе қызмет көрсету таңбаларына куәлiк;
      3) лицензиялық шарт - шарт, ол бойынша өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқықты иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиiстi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр үлгіде уақытша пайдалану құқығын бередi;
      4) сублицензиялық шарт - лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн уақытша пайдалану құқығына арналған ерекше лицензияны беруi туралы шарт.
      3. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқық күшiнде болатын мерзiм iшiндегi кез келген уақытта жасалуы мүмкiн.
      Сублицензиялық шарт лицензиялық шартпен көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
      4. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнде (әрi қарай - Комитет) мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
      Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт оларды тiркеген күннен бастап күшiне енедi.
      5. Сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiне, егер осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ереже қолданылады.
      6. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартты тiркеуден бас тарту үшiн:
      1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне арналған ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
      2) заңнамаларда көзделген негiздердiң, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға арналған лицензия беруге кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
      3) шартта Қазақстан Республикаларының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;
      4) осы Ереженiң ережелерiн сақтамау негiз болып табылады.

               2. Лицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi

      7. Лицензиялық шарттарды тiркеу оларға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Қазақстандық патенттiк сараптау институты (әрi қарай - Институт) жүргiзген сараптама нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      8. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартты тiркеу туралы өтiнiш (әрi қарай - өтiнiш) Л-1 немесе Л-2 нысаны бойынша Комитетке берiледi (осы Ережеге 1 және 2-қосымшалар).
      Өтiнiш бiр шартқа қатысты болуға тиiс.
      9. Өтiнiштi лицензиялық шарт тараптарының бiрi не олардың мұрагерлерi немесе құқықтық мирасқорлары бередi.
      Мұрагер немесе құқықтық мирасқор өтiнiш берген кезде оған мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық құқығын растайтын құжаттың куәландырылған көшiрмесi қоса тiркеледi.
      Заңды тұлға атынан өтiнiшке ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi тұлға лауазымын көрсете отырып қол қояды.
      Патенттiк сенiм бiлдiру немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген кезде өтiнiшке тиiсiнше патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өкiл қол қояды.
      10. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) лицензиялық шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт дана түпнұсқалары;
      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген жағдайларда, сенiмхат;
      3) тиiстi ақы төленгенiн растайтын құжат.
      11. Өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Басқа құжаттар мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлдерде ұсынылады. Егер басқа құжаттар басқа тiлде ұсынылса, олардың белгiленген тәртiппен куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасы өтiнiшке қоса тiркеледi.
      12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар беру шарттарын тiркеуге байланысты iстi Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрушiлерi арқылы жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар, лицензиялық шарттарды тiркеуге байланысты iстi, Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазуға арналған мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрусiз жүргiзе алады.
      13. Өтiнiш түскен кезден бастап он бес күн iшiнде Комитет келiп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізедi, оның барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi.
      Лицензиялық шарттың қабылданған материалдары бойынша оларға бiр ай мерзiмде мәнi жөнiнен сараптама жүргiзiледi.
      14. Құжаттарды ресiмдеудiң талаптары бұзылған немесе осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген, лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн, алайда оларды жоюға болатын негiздер болған жағдайда, өтiнiм берушiге оны жөнелткен күннен бастап үш ай мерзiмде құжаттарда жоқтарын немесе түзетiлгендерiн берудi немесе қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсына отырып, сұрау салу жiберiледi. Бұл жағдайда осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген мерзiмдер түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды ұсынған күннен бастап есептеледi. Егер сараптама жүргiзу барысында жекелеген мәселелер бойынша басқа ұйымдардың қорытындысын алу талап етiлсе, онда бұл жағдайда көрсетiлген мерзiмдер қорытынды ұсынылған күннен бастап есептеледi.
      15. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда Институт лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны Комитетке жiбередi.
      16. Лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн, жойылуы мүмкiн емес негiздер болған немесе өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, Институт Комитетке лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып қорытынды жiбередi.
      17. Лицензиялық шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi Комитет қабылдайды.
      Комитет лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда қаралып отырған шарт бойынша құжаттар жиынтығы тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша қайтарылады.
      18. Комитет лицензиялық шартты тiркеу туралы шешiм шығарғаннан кейiн:
      1) лицензиялық шарттың нысанасы болып табылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына қосымшаны ресiмдейдi. Тауар таңбаларын немесе өнертабысқа еуразиялық патенттi халықаралық тiркеуге қатысты жасалған лицензиялық шарт үшiн аталған iс-қимыл жүргiзiлмейдi;
      2) лицензиялық шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, шарт парағының және оның қосымшасының санын, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
      3) тiркелген лицензиялық шарттардың Тiзiлiмiне лицензиялық шарт туралы мәлiметтердi ендiредi;
      4) хат жазысу үшiн өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша лицензиялық

шарттың тiркелген екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi 
(болған жағдайда).
     Лицензиялық шарттың үшiншi және төртiншi данасы Комитет пен 
Институтта сақталады және бақылау даналары болып табылады.
     19. Институт тiркелген лицензиялық шарттар бойынша:
     1) тiркелген лицензиялық шарттарды автоматтандырылған өңдеудi және 
есептеудi жүргiзедi;
     2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi 
Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу үшiн тiркелген лицензиялық шарттар туралы 
мәлiметтердi ай сайын әзiрлейдi;
     3) тiркелген лицензиялық шарттар, атап айтқанда:
     шарттың тiркелген нөмiрi мен күнi;
     шарт тараптарының атаулары (тегi, аты, әкесiнiң аты);
     шарттың нысанасы;
     шарттың күшiнде болу мерзiмi; 
     шарт күшiнде болатын аумақтар туралы мәлiметтердi бюллетенге тоқсан 
сайын жариялайды. 


      20. Тiркелген лицензиялық шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер немесе толықтырулар сарапталуға, тiркелуге тиiс және ол тiркелген лицензиялық шарттардың Тiзiлiмiне енгiзiледi.
      Тiркелген лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш Л-3 немесе Л-4 нысаны бойынша Комитетке берiледi (осы Ережеге 3 және 4-қосымшалар).
      21. Тiркелген лицензиялық шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшке:
      1) шарттың екi тарабы да қол қойған, енгiзiлген өзгерiстердiң немесе толықтырулардың тiзбесi мазмұндалған қосымша келiсiм;
      2) тиiстi ақы төленгенiн растайтын құжат.
      22. Қоса берiлiп отырған құжаттарды ресiмдеудiң және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш берудiң тәртiбiне, сондай-ақ тiркелген лицензиялық шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу мен сараптаудың тәртiбiне осы Ереженiң 9, 11-19-тармақтарында белгiленген ережелер қолданылады.

                         3. Қорытынды ережелер

      23. Лицензиялық шарттарға және сублицензиялық шарттарға сараптама жүргiзуге және тiркеуге байланысты iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақы алынуы мүмкiн.
      24. Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар Тiзiлiмiнен тiркелген лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт туралы мәлiметке қатысты көшiрменi ашық жариялау үшiн алуға құқылы.
      Лицензиялық шарт мәтiнiмен үшiншi тұлғаны таныстыруға, сондай-ақ одан көшiрме алуға шарт тараптарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      25. Лицензиялық шартты, сублицензиялық шартты сараптау мен тiркеудiң барлық сатыларында, ашық жариялау үшiн белгiленген мәлiметтердi қоспағанда, шарт жасасудың мазмұны мен шарттарына қатысты мәлiметтердiң құпиялылығы қамтамасыз етiледi.
     1-қосымша
                                                              Л-1 нысаны


                                                   Қазақстан Республикасы  

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


                       Лицензиялық шартты тiркеу туралы

                                  Өтiнiш
     1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) 
қатысты лицензиялық шартты тiркеудi сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) нөмiрi 
(нөмiрлерi) _____________________________________________________________
     _ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Лицензиар (лицензиарлар) ________________________________________
                      тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен
телефон _________________________________________________________________
     4. Лицензиат ________________________________________________________
                    тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен
телефон _________________________________________________________________
     5. Лицензияның түрi ________________________________________________
     6. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерiн ескере отырып 
берiлетiн құқықтардың көлемi ____________________________________________
     7. Хат жазысуға арналған мекен-жай _________________________________
     8. Қосымша:
     _ парақ (________ парақ NN _______ қосымшаларымен) _________________
данада тiркелетiн шарт;
     _ Патенттiк сенiм бiлдiрiлушiнiң немесе өзге өкiлдiң өкiлеттiгiн 
растайтын сенiмхат;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) ________________________________________
                                                                    М.О.
     Өтiнiм берушi ___________________________________________
                   қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні __________________________
                                                               2-қосымша
                                                              Л-2 нысаны


                                                   Қазақстан Республикасы  

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


                    Сублицензиялық шартты тiркеу туралы

                                 Өтiнiш
     1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) 
қатысты сублицензиялық шартты тiркеудi сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) нөмiрi 
(нөмiрлерi) _____________________________________________________________
     _ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Лицензиат _______________________________________________________
                   тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен телефон
_________________________________________________________________________
     4. Сублицензиат ____________________________________________________
                     тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен телефон
_________________________________________________________________________
     5. Лицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi __________________
     6. Сублицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерiн ескере отырып 
берiлетiн құқықтардың көлемi ____________________________________________
     7. Хат жазысуға арналған мекен-жай __________________________________
     8. Қосымша:
     _ парақ (________ парақ NN ________ қосымшаларымен) ________________
данада тiркелетiн шарт;
     _ Патенттiк сенiм бiлдiрiлушiнiң немесе өзге өкiлдiң өкiлеттiгiн 
растайтын сенiмхат;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) ________________________________________
                                                                   М.О.
     Өтiнiм берушi _________________________________________
                  қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні _______________________
                                                               3-қосымша
                                                              Л-3 нысаны


                                                   Қазақстан Республикасы  

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


       Тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу

                                 туралы
                                 Өтiнiш
     1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) 
қатысты тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды 
тiркеудi сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) нөмiрi 
(нөмiрлерi) _____________________________________________________________
     _ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Лицензиар (лицензиарлар) ________________________________________
                      тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     _ Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсетілсін және жалғастыруға 
арналған парақта қажетті ақпарат келтірілсін.
     4. Лицензиат _______________________________________________________
                    тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     5. Лицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi __________________
     6. Қосымша:
     _ парақ _______ данада тiркелген лицензиялық шартқа тіркелетін 
өзгерістер мен толықтырулар;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) ________________________________________
                                                                   М.О.
     Өтiнiм берушi _________________________________________
                  қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні _______________________
                                                               4-қосымша
                                                              Л-4 нысаны


                                                    Қазақстан Республикасы 

Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi


        Тіркелген сублицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды

                              тiркеу туралы
                                 Өтiнiш
     1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) 
қатысты тіркелген сублицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды 
тіркеуді сұраймын.
     2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) нөмiрi 
(нөмiрлерi) _____________________________________________________________
     _ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және 
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
     3. Лицензиат _______________________________________________________
                   тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     4. Сублицензиат ____________________________________________________
                     тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
     5. Сублицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi _______________
     6. Қосымша:
     _ парақ ________ данада тіркелген сублицензиялық шартқа тiркелетiн 
өзгерістер мен толықтырулар;
     _ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
     _ Жалғастыруға арналған парақтар;
     _ Басқа құжат (көрсетiлсiн) ________________________________________
                                                                   М.О.
     Өтiнiм берушi _________________________________________
                  қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
     Күні _______________________
          
      Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Багарова Ж.А.