Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 388 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1660

Қолданыстағы
      Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларының жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                               ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 V980641_ қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру бекiтiлсiн және толықтыру мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бағалы қағаздар рыногын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы және Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысатын өзiн өзi басқару ұйымдарына (оларға осы қаулымен өздерiнiң мүшелерiн таныстыру мiндетiн жүктей отырып), "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне және кастодиан-банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                             Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 388 қаулысымен БЕКIТIЛДI


         Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық

           комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
           компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық
      актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11  

V980641_

  қаулысымен
      бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың
                 инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне
                                   ТОЛЫҚТЫРУ

     2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "4-1) "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-ның облигациялары - 5%-тен көп 
емес.".
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Қасымбеков Б.А.