ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N№178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс бекітілсін және Ережеге өзгеріс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 316 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1. 4-тармақтағы "кепілдік операцияларын жүргізуге" деген сөздер "аккредитивті ашуға (ұсынуға) және растауға және олар бойынша міндеттемелерді орындауға" деген сөздермен ауыстырылсын. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.