Әділет аттестациялық комиссия туралы

Әділет министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы N 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1652. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 189 бұйрығымен.

Күшін жойған

  ------------Бұйрықтан үзінді------------------

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      "Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы бұйрығы N 113 (N 1652 нөмірімен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық арқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланды 2001 жылы, N 40-41, 525-құжат);
      ........

      Министр
----------------------------------------------- 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235  қаулысымен  бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінің 
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Әділет аттестациялық комиссияның құрамы бекітілсін.
      2. Әділет аттестациялық комиссия Жұмысының регламенті бекітілсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Әдiлет аттестациялық   
комиссиясы туралы"    
Қазақстан Республикасы  
Әдiлет министрiнiң    
2001 жылғы 8 қазандағы  
N 113 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы

       Ескерту: Комиссия құрамы өзгертілді - ҚР Әділет министрінің
2002 жылғы 28 наурыздағы N 42   бұйрығымен 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234   бұйрығымен .

      Меркель                        Әдiлет Бiрiншi вице-Министрi,
      Иоган Давидович                комиссия төрағасы

      Қуанышбаева                    Қазақстан Республикасы
      Роза Сақтағанқызы              Адвокаттap Одағының президентi
                                     (келiсiм бойынша)

      Каршегенов                     Алматы қалалық адвокаттар
      Кенжеғали Қадырұлы             алқасының төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      Жанабилова                     Республикалық нотариаттық
      Әсел Болатқазықызы             палатаның төрайымы
                                     (келiсім бойынша)

      Тоқтарова                      Қарағанды облыстық
      Жанар Төкенқызы                нотариаттық палатаның төрайымы
                                     (келiсім бойынша)

      Нұрмағамбетов                  Қазақстан заңгерлер
      Аманжол Мағзұмұлы              Ассоциациясының өкiлi
                                     (келiсiм бойынша)

      Дүсіпов                        Кадр жұмысы, iшкi қауiпсiздiк
      Қайрат Көкенұлы                және әдiлет аттестациялық
                                     комиссиясы басқармасының
                                     бастығы

      Әділет министрінің  
8 қазан 2001 ж. N 113
бұйрығымен бекітілген

  Әділет аттестациялық комиссиясы
жұмысының регламенті 

1. Жалпы ережелер  

      1. Әдiлет аттестациялық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестациядан өткiзу мақсатында құрылады. 

      2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысымен  бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiне (бұдан әрi - Ереже) және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. 

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың кәсiби бiлiм деңгейiн және бiлiктiлiк дәрежесiн анықтау болып табылады. 

      4. Комиссия өз құзыретi шегiнде адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды (бұдан әрi - үмiткерлер) аттестациялайды, үмiткерлердi аттестациялау не аттестацияламау туралы жазбаша шешiм шығарады. 
      5. Комиссия 7 адамнан тұрады, Ереженiң 2-тармағында көзделген адамдардан құрылады және екi жыл iшiнде жұмыс iстейдi. 
      Комиссия мүшелерiнiң бiреуi шыққан жағдайда шыққан күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жаңа мүше оның құрамына кiруге тиiс. 
       Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002
жылғы 14 тамыздағы N 114   бұйрығымен 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234   бұйрығымен .

      6. Комиссия қызметiн ұйымдастыру үшiн отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс берумен оның құрамынан екi жыл мерзiмге Комиссия хатшысы сайланады. 

      7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Комиссияның қызметiн ұйымдық қамтамасыз етудi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Ереженiң негiзiнде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiне жүктейдi. 

  2. Әдiлет аттестациялық комиссиясы
мүшелерiнiң құзыретi  

      8. Комиссия Төрағасы: 
      1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, Комиссия отырыстарында қарау және оларды бекiту үшiн мәселелердi дайындауға басшылық етудi жүзеге асырады; 
      2) комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң жұмысын үйлестiредi; 
      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етедi және оның шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; 
      4) Комиссия қызметiнде Регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi. 

      9. Комиссия төраға болмаған жағдайда оның өкiлеттiктерiн Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс беру жолымен жүктейдi. 
      Төраға функцияларын комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеу туралы комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi. 

      10. Комиссия хатшысы: 
      1) Комиссия қызметiнiң құжаттамалық ресiмделуiн қамтамасыз етедi; 
      2) үмiткердiң заң актiлерiнiң талаптарына сәйкестiлiгi не сәйкессiздiгi туралы қорытынды жасайды, оған қол қояды және Комиссияның қарауына шығарады; 
      3) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 

      11. Комиссия хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру жолымен Комиссия оның мүшелерiнiң бiреуiне жүктейдi. 
      Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне хатшының функцияларын жүктеу туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi. 

      12. Комиссия мүшелерi: 
      1) аттестация сұрақтарының базасына қосуға жататын сұрақтардың және оларға жауаптардың тiзбесiн жасайды және бекiтедi; 
      2) компьютерлiк тестке қосуға жататын құқықтың саласы бойынша сұрақтардың санын және тестiлеу уақытын бекiтедi; 
      3) Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттарды тиiстi ресiмдеу тәртiбiн және олардың қолданылу мерзiмiн белгiлейдi; 
      4) Комиссияның қарауына ұсынылған аттестациялық материалдармен танысады; 
      5) аттестациялық материалдарды зерделеуге және тексеруге қатысады; 
      6) комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарайды. 

      13. Егер комиссия мүшесi: 
      1) үмiткердiң туысқаны болса; 
      2) үмiткердi аттестациялаудың нәтижесiне жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi немесе оның риясыздығына негiздi күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол үмiткердi аттестациялауға қатыса алмайды. 

      14. Осы Регламенттiң 13-тармағында аталған мән-жайлар болған жағдайда Комиссия мүшесi бас тартуды бiлдiруге мiндеттi. 
      Сол негiздемелер бойынша бас тартуды отырысқа қатысатын Комиссия мүшелерi не аттестациялық материалы қаралатын үмiткер бiлдiре алады. 

      15. Бас тарту және қарсылық негiздi болуға тиiс және оларды 
аттестацияға дейiн де, аттестация барысында да жариялауға болады.

      16. Егер бас тартатын Комиссия мүшесi түсiнiк беруге ниет бiлдiрсе, Комиссия оның пiкiрiн тыңдайды және бас тарту бiлдiрiлген адам болмағанда оған қатысты шешiм қабылдайды.

      17. Комиссия мүшесiнiң бас тарту (қарсылық) бiлдiруi туралы шешiмдi Комиссия отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және бас тартуды бiлдiрген Комиссия мүшесi және үмiткер болған кезде жариялайды.

      18. Бас тартуды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешiм шағымдануға жатпайды.

  3. Әдiлет аттестациялық комиссиясының
отырыстарын өткiзу тәртiбi

      19. Комиссия отырыстарды қажеттiлiк бойынша, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзедi.
      Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң кемiнде 5 мүшесi қатысса, ол заңды деп саналады.
       Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 
2002 жылғы 14 тамыздағы N 114   бұйрығымен 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234   бұйрығымен

      20. Комиссия үмiткерлердi аттестациялауды өткiзу бойынша көшпелi отырыстар өткiзуге құқылы.

      21. Комиссия отырыстары ашық және жариялы түрде өтедi.
      Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттiк органдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. 

      22. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы өткiзедi. 
      Комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарау Комиссия отырысына ұсынылған аттестациялық материалдарды алдын ала зерделеген Комиссия төрағасының немесе мүшесiнiң баяндамасымен басталады. 

      23. Комиссия қаралатын мәселелер бойынша отырысқа қатысатын мүшелер көпшiлiк дауысымен тиiстi шешiм қабылдайды. 
      Комиссия мүшелерi дауыс беруден бас тартуға құқылы емес. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Комиссия мүшесi Комиссия шешiм шығарған кезде ескерiлетiн жазбаша нысанда ерекше пiкiрiн айтуға құқылы. 
      Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

      24. Комиссияның шешiмдерi оларды шығару күнi мен орны, мәселенi қараған Комиссия құрамы, қабылданған шешiмнiң негiздемелерi көрсетiле отырып, жазбаша нысанда қабылданады.
      Отырысқа қатысатын Комиссияның барлық мүшелерi шешiмге қол қояды.

      25. Комиссияның отырысы отырысқа қатысатын Комиссияның барлық 
мүшелерi қол қоятын хаттаманы мiндеттi жүргiзумен өткiзiледi.
      Комиссия отырысының хаттамасында тиiстi отырыста қабылданған барлық шешiмдер көрсетiледi.