Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 104-п бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1644

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 U973444_ Жарлығының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 U000349_ Жарлығымен бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасасу кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру тәртiбiнiң 2-тармағына сәйкес

                                БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасау кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру рәсiмiн жетiлдiру туралы" 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 V001120_ бұйрығына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      "Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн 2002 жылға

дейiнгi кезеңге арналған неғұрлым маңызды өндiрiстердің тiзiмi" 
3-қосымшада:
     2 "Өңдеушi өнеркәсiп" тарауы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"өте жаңа жоғары тиiмдi экологиялық таза технологиялар қолданылатын 
ферромарганецтi қорытпалар өндiрiсi".
     2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     
     Төраға
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.