Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54 "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы N 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1638

Қолданыстағы
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жетілдіру мақсатында
                                  БҰЙЫРАМЫН:




      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54 "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" V011521_ бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

     Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет 
органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі 
Нұсқаулыққа:
     45 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "45. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Қазақстан 
Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 635-бабының 
талаптарына сәйкес жасалады."
     48-тармақ жойылсын.
     2. Осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен 
күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Министрдің
     міндетін атқарушы
     
     
      
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.