Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 59 өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2001 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1637

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1093 P011093_ қаулысына сәйкес

                                БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" кіші функциясында 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі бойынша 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасының 34 кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің 
әкімдерін сайлауды өткізу".
     2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет 
департаменті (Б .Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.


     
     Министр
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.