Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 57 өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 14 тамыздағы N 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1635

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес

                                БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы" мемлекеттік мекеме бағдарламасы әкімшісі бойынша 3 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобындағы 48 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:

     "Тарихи және мәдени мұраларды сақтау, халықтың тарихи, ұлттық және 
мәдени салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын дамытуға жәрдемдесу".
     2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет 
департаменті (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Министр
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Багарова Ж.