Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 13 шілде N 274 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1624

Қолданыстағы
      Екiншi деңгейдегi банктердiң салымшыларының (депозиторларының) - жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi қатысушыларының мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                              ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн бекiту туралы" V990984_ 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне)

міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен 
толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық 
филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы



                                        Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                        Банкi Басқармасының
                                        2001 жылғы 13 шiлдедегi N 274      
                                                  қаулысымен
                                        БЕКIТIЛГЕН


            Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
            1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекiтiлген
       Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке      
              тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi
                ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiне
                        өзгерiстер мен толықтырулар



      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 V990984_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Кiрiспесiндегi:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2-тармақ:
      1) мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) осы Ереженiң 19-тармағында көзделген жағдайларда осы Ережеге сәйкес қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге кепiлдiк берiлетiн қатысушы-банк салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерiнде Қорға аударатын банктiң төлемi ақша сомасы;";
      2) 5) тармақшадағы "инвестициялық" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 7) тармақша:
      "жарналары" деген сөзден кейiн "ерiксiз таратылатын қатысушы-банктiң Қордың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiнде алынған банк төлемi, ақшасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сондай-ақ Қор активтерiн орналастырудан таза инвестициялық кiрiстiң" деген сөздер "сондай-ақ жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қордың таза кiрiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 3-тармақтың екiншi азатжолындағы "Қор Басқармасының шешiмi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
      4. 4-тармақтың:
      бiрiншi азатжолындағы:
      "негiзгi борыш" деген сөздер "салынған салым (депозит)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ол бойынша" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар бойынша Ұлттық Банктiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан елу процент мөлшерiнде есептелетiн сома шегiнде немесе АҚШ долларындағы және еуродағы салымдар бойынша салынған салым (депозит) сомасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      соңғы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "банктiк салым шартын жасау күнi сыйақы ставкасы Қордың Директорлар кеңесi ұсынатын салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы ставкаларының шектi көлемiнен асатын салымдарға (депозиттерге).".
      5. 6-тармақтағы "және қатысушы банктер" деген сөздер алынып тасталсын.
      6. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қордың қызметiне Директорлар кеңесi жалпы басшылық жасайды, ол жетi адамнан тұрады. Қордың Директорлар кеңесiнiң құрамына Ұлттық Банктiң төрт өкiлi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен және Қазақстан Қаржыгерлерi ассоциациясынан бiр-бiр өкiл және Қордың ағымдағы қызметiне басшылық жасайтын және Ұлттық Банк тағайындайтын Қордың Бас Директоры кiредi.".
      7. Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "Басқармасы", "Басқармасының", "Басқарма Төрағасының", "Басқарма Төрағасы" деген сөздер тиiсiнше "Директорлар кеңесi", "Директорлар кеңесiнiң", "Бас Директорының", "Бас Директоры" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 12-тармақтың:
      4) тармақшасы алынып тасталсын;
      5) тармақшаның "Қордың салымшыдан (депозитордан) сатып алған талаптарын Қор осы банктiң салымшыларына (депозиторларына) төлеген өтем мөлшерiнде" деген сөздер "ерiксiз таратылатын қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 13-тармақтың:
      1) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай редакциядағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) өзiнiң жылдық балансын, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептi қатысушы банктерге ұсынады және мерзiмдi басылымдарда жариялап отырады.".
      10. 14-тармақтың 3) тармақшасындағы "күшiн жоюды" деген сөз "қайтарып алуды" деген сөзбен ауыстырылсын.
      11. 16-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Ережеге сәйкес банктiң мiндеттi күнтiзбелiк және басқа да жарналары мен төлемдерiн жасау тәртiбi мен мерзiмi туралы және осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi, оның iшiнде Қордың банктiң келiсiмiнсiз оның банктiк есепшоттарынан мерзiмiнде төленбеген күнтiзбелiк, басқа да жарналар және төлемдер сомасындағы ақшаны алуға құқығын көздейтiн Қормен Шарт жасау;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Ереженiң 19-тармағында көзделген жағдайларда алты ай iшiнде кепiлдiк берiлетiн салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелердi дербес өтеуге немесе банктiң салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелердi өтеу үшiн қажеттi сомада Қорға төлемдер жасауға;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) осы Ережеге сәйкес банктiк салым шартында жеке тұлғаның салымына (депозитiне) кепiлдiктiң болуы немесе болмауын мiндеттi түрде көрсетуге;";
      7) тармақшадағы "осы Ережеге сәйкес қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге кепiлдiк берiлетiн жеке тұлғалардан салымға (депозитке) ақша қабылдағанын растайтын мәлiметтердi және құжаттың банк куәландырған көшiрмелерiн беруге" деген сөздер алынып тасталсын.
      12. 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Қатысушы банк мынадай жағдайларда:
      1) барлық банк операцияларын жүргiзуге лицензияны қайтарып алуды қоспағанда жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге қатысушы банктiң лицензиясын қайтарып алған кезде;
      2) қатысушы банкке қатысты Мiндеттi күнтiзбелiк, басқа да жарналар мен банктiң төлемдерiн жасау тәртiбi мен мерзiмi туралы шартқа сәйкес Қордың мерзiмiнде төленбеген күнтiзбелiк және басқа да жарналары және банктiң келiсiмiнсiз оның банктiк есепшоттарынан банк төлемдерi сомасындағы ақшаны алу түрiнде жүйелi түрде (он екi кейiнгi күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан да көп рет) шараларды қолданған кезде және осы Шарттың талаптарын орындамауына жауапкершiлiк болған кезде;
      осы Ереженiң 16-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындауға мiндеттi, осыдан кейiн банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылады және одан қатысушының куәлiгi қайтарып алынады.
      Сонымен бiрге қатысушы банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылады және қатысушы банктiң заңды тұлға ретiндегi қызметi тоқтатылған жағдайда оның қатысушы куәлiгi қайтарып алынады.".
      13. 21-тармақтағы:
      "үш жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жиырма жұмыс күнi iшiнде - банкке қатысушының куәлiгiн беру туралы, үш жұмыс күнi iшiнде - қатысушы банктi шығару және қатысушының куәлiгiн қайтарып алу туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
      14. 26-тармақтың бiрiншi сөйлемiндегi "қатысушы банктердiң" деген сөздер "қатысушы банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. 29-тармақтың екiншi азатжолындағы:
      "жарналар" деген сөзден кейiн ", банк төлемдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қор активтерiн орналастырудан түскен инвестициялық табыстар" деген сөздер "жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. 30-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "30-1. Жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн резервке жатқызылады.".
      17. 31-тармақтағы:
      1) "салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн Қор қарыз алған ақша, сондай-ақ Қордың жарғылық капиталы есебiнен төленген өтем ақшасының есебi" деген сөздер "салымдар (депозиттер) бойынша өтем ретiнде Қор төлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "ықтиярсыз таратылған қатысушы банкке регрестiк талаптарды" деген сөздер "таратылған қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты Қордың болашақ талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      18. 36-тармақтағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
      19. 37-тармақтағы "жетi" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
      20. 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Қор агенттiк келiсiм негiзiнде мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиiс агент банк арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейдi:
      банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болуы тиiс;
      банктiң касса операцияларын жүргiзуге лицензиясы болуы тиiс.
      Агент банктi таңдаған кезде мыналар ескерiледi:
      банктiң агенттiк келiсiмдi жасаған күнге дейiн алты ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
      салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу үшiн қажеттi орындарда филиалдардың және/немесе есеп айырысу-касса бөлiмдерiнiң болуы;
      банк Қор және қатысушы банктердiң салымшыларына салымдар (депозиттер)

бойынша өтем төлеудiң неғұрлым тиiмдi талаптарын ұсынады.
     Өзге талаптардан басқа депозиттер бойынша Қор және агент банк
арасында жасалатын өтем төлеуге арналған агенттiк келiсiмде мiндеттi түрде
агент банктiң Қордың агент банкке салымдар (депозиттер) бойынша өтем
төлеуге аударған салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резерв ақшасын
уақтылы және мақсатты пайдалануы жөнiндегi мiндетi болуы тиiс.
     Қор агент банктiң қызметiне сыйақы төлемейдi.".
     21. 40-тармақтың бiрiншi азатжолындағы:
     "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
     екiншi сөйлемдегi "нотариалдық куәландырылған" деген сөздер алынып
тасталсын.
     22. 41-тармақтың бiрiншi азатжолындағы:
     "салымшымен Қордың төлеген өтемi бойынша талап ету құқығын беру
туралы шарт жасайды және" деген сөздер алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Егер өтем төлеген кезде комиссия шығыстарын төлеу көзделсе, олар
агенттiк келiсiмге сәйкес Қор есебiнен төленедi.".
     23. 42-тармақтағы:
     "Салымшыға (депозиторға) өтем төлеген кезде" деген сөздерден кейiн
"салым (депозит) бойынша өтеуге ұсынылған сомадан толық емес көлемде"
деген сөздермен толықтырылсын;
     "нотариалдық куәландырылған" деген сөздер алынып тасталсын;
     "және талап ету құқығын беру шарты" деген сөздер алынып тасталсын.
     24. 43-тармақтағы "және олардың нотариалдық куәландырылған
көшiрмелерiн, сондай-ақ талап ету құқығын беру туралы шарттарды" деген
сөздер "және олардың агент банк куәландырған көшiрмелерiн" деген сөздермен
ауыстырылсын.
     25. Мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:


      "43-1. Агент банк агенттiк келiсiмнiң барлық шарттарын орындаған кезде ол салымшыларға (депозиторларға) төленуi тиiс, бiрақ олар талап етпеген ақшаны салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резервке есептеу үшiн Қорға қайтарады.".
      26. 44-тармақтағы:
      "Қордың регрестiк талапты қанағаттандырғаны үшiн" деген сөздер алынып тасталсын.
      27. Мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
      "44-1. Қатысушы банктiң тарату комиссиясының Қормен талаптарды

қанағаттандыруы жөнiндегi есеп айырысуы банктердi ықтиярсыз тарату
мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
     Сонымен қатар Қордың салымдар (депозиттер) бойынша өтемдi есептеуге
сәйкес, ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктен алған, бiрақ Қордың нақты
төлеген өтем сомасынан асатын ақша сомасы резервке салымдар (депозиттер)
бойынша өтем үшiн жiберiледi.".
     
     
     
     Төраға
     
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Шарипова М.Е.