Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1623

Қолданыстағы
      Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                               ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" V970327_ 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119 қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiне байланысты заң бұзушылықтарға айыппұл салу және өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы" V980664_ 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 285 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін

жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
     4. Екінші деңгейдегі банктер осы қаулыны және Ережені алған күннен 
бастап бес күн ішінде оларды өздерінің қосылма тұлғаларына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.



     Ұлттық Банк 
      Төрағасы  
     




                                         Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Басқармасының 2001 жылғы 13 шiлдедегi N 279 қаулысымен бекiтiлген


      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге,
      банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға,
         олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi
      банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану
                                    ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заңнамалық кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген және Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктерге (бұдан әрi - банктер), олардың қосылма тұлғаларына, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрi - ұйымдар), сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiне қатысты банк заңнамасын бұзғаны үшiн ықпал ету шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ банктер депозиторларының мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық Банк шоғырландырылған негiзде, оның iшiнде банктерге, олардың қосылма тұлғаларына, ұйымдарына, сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiне қатысты ықпал ету шараларын қолдану арқылы банктердiң қызметiне бақылау жасайды.
      2. Осы Ереже мақсатында заңнамалық кесiмдерде көзделген қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiндегi ұсынымдар, шектеулi ықпал ету шаралары, санкциялар және мәжбүр ету шаралары ықпал ету шаралары болып түсiндiрiледi.
      3. Заңнамада көзделген жағдайларда бiр ықпал ету шарасын қолдану басқаларын қолдануды жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтатпайды және күшiн жоймайды.
      4. Ұлттық Банктiң жазбаша нұсқауына сотқа шағым беру оның орындалуын тоқтатпайды.
      5. Ұлттық Банк қолданылған ықпал ету шараларының есебiн жүргiзедi.

      2-тарау. Қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiндегi ұсынымдар

      6. Банктiң қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайларда Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 45-бабына сәйкес оның акционерлерi алдында банкке ұсынымдар берудi қоса алғанда қаржылық сауықтырудың қажеттiлiгi, банктiң басшылығын ауыстыру немесе оны қайта құру туралы мәселені қоюға құқылы.
      7. Ұлттық Банктiң банктiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды беру туралы хаты оның бiрiнші басшысына (немесе оның орнындағы адамға) жiберiледi, ол бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.
      8. 30 күнтiзбелiк күннен кейiн банк өзiнiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды орындау туралы бiрiншi басшы (немесе оның орнындағы адам) қол қойған дәлелдi шешiмдi ұсынуы тиiс.

     3-тарау. Шектеулi ықпал ету шаралары

     Міндеттеме хат

     9. Ұлттық Банк Заңның 46-бабында көзделген негiздемелер бойынша 
банктен, банктiң қосылма тұлғасынан немесе ұйымнан мiндеттеме хатты талап 
етуге құқылы, онда бар кемшiлiктердi тану фактiсi және банк басшылығының, 
банк қосылма тұлғасының немесе ұйымның оларды жоспарланған iс-шаралардың 
тiзбесiн көрсете отырып қатаң белгiленген мерзiмде жою жөнiндегi кепiлi 
болуы тиiс.

     Жазбаша келiсiм



      10. Ұлттық Банк Заңның 46-бабында көзделген негiздемелер бойынша банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен екi жақты немесе банкпен және банктiң қосылма тұлғасымен анықталған кемшiлiктердi тез арада жою қажеттiлiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы үш жақты жазбаша келiсiм жасауға құқылы.
      11. Ұлттық Банк банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен бар заң бұзушылықтарды және кемшiлiктердi жоюға екi айдан асатын мерзiм талап етiлетiндiгi туралы қорытындыға келген жағдайларда жазбаша келiсiм жасалады.
      12. Жазбаша келiсiм екi (үш) дана етiп жасалады және оған банктiң, заңды тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасының және ұйымның атынан бiрiншi басшы (оның орнындағы адам) немесе жеке тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасы тiкелей қол қояды.

      Жазбаша ескерту

      13. Ұлттық Банк Заңның 46-бабында көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты жазбаша ескерту беруге құқылы.
      14. Жазбаша ескерту Ұлттық Банктiң банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты егер бар кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған жағдайда, Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы болып табылады.
      15. Жазбаша ескерту банктiң бiрiншi басшысына (немесе оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi.
      16. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.

      Жазбаша нұсқау

      17. Ұлттық Банк Заңның 46-бабында көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға орындауға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге құқылы.
      18. Ұлттық Банктiң жазбаша нұсқауы дегенiмiз банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқауы. Түзету шаралары жазбаша нұсқауда көрсетiледi және Заңның 45-бабында көрсетiлген орындауға мiндеттi шараларды бiлдiредi.
      19. Жазбаша нұсқау банктiң бiрiншi басшысына (оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi.
      20. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.

      Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану жөнiндегi негiзгi талаптар

     21. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым Ұлттық Банктiң өзiне қатысты шектеулi ықпал ету шараларын қолдану туралы хабарламасын алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қажет болған жағдайда басқа да құжаттарды қоса отырып бар кемшiлiктердi жою жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн Ұлттық Банкке ұсынуға мiндеттi.
      Ұлттық Банк жоспар-кестенi қарайды және өз қорытындысын банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға он күнтiзбелiк күн ішiнде жiбередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда Ұлттық Банк банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде нақты іс-шараларды орындау қажеттiлiгi туралы нұсқау жiберуге құқылы.
      22. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым мiндеттеме хаттың,

жазбаша келiсiмнiң, жазбаша нұсқаудың немесе жазбаша ескертудiң осы 
құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы туралы хабар беруге мiндеттi.
     Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банк, 
банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым ай сайын Ұлттық Банкке кезең-кезеңiмен 
орындау туралы хабар беруге мiндеттi.
     23. Банктiң, банктiң қосылма тұлғасының немесе ұйымның Ұлттық Банктiң 
шектеулi ықпал ету шараларын қолдануы туралы шешiмiнде көзделген шарттар 
мен iс-шараларды орындау мерзiмiнiң басы олардың тиiстi құжатты алған күні 
болып есептеледi.
    
     4-тарау. Санкциялар

     24. Банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерi Заңның 47-бабында 
көзделген негiздемелер бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындаудан тұрақты 
түрде немесе уақытша босатылуы мүмкін.
     25. Ұлттық Банктiң банктiң немесе ұйымның басшы қызметкерiнiң 
атқаратын қызметiнен босатуы туралы шешiмдi банк үш жұмыс күнi iшiнде 
орындауы тиіс.
     Ұлттық Банктiң шешiмiн орындау туралы Ұлттық Банкке хабарлама ұсыну 
мiндеттi болып табылады.

     5-тарау. Банктiң қосылма тұлғаларына қатысты қолданылатын мәжбүр ету
              шаралары



      26. Ұлттық Банк Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
      27. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг Ұлттық Банктiң оларға мәжбүр ету шараларын қолдану туралы шешiм шығарғанынан кейiн он күнтiзбелiк күн ішiнде Ұлттық Банкке оның шешiмiн орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қажет болғанда басқа да құжаттарды қоса бере отырып ұсынуы тиіс.
      28. Ұлттық Банк жоспар-кестенi қарайды және банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке он күнтiзбелiк күн ішiнде өз қорытындысын бередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда Ұлттық Банк банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке белгiленген мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау жiберуге құқылы.
      29. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг осы құжатта

көрсетiлген мерзiмде Ұлттық Банк шешiмiнiң орындалуы туралы Ұлттық Банкке 
хабар беруге мiндеттi.
     Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банктiң 
iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг ай сайын Ұлттық Банкке 
кезең-кезеңiмен орындау туралы хабар беруге мiндеттi.
     30. Банктiң iрi қатысушысының немесе банктiк холдингтiң Ұлттық 
Банктiң шешiмiнде көзделген шарттар мен iс-шараларды орындау мерзiмiнiң 
басы олардың тиiстi құжатты алған күн болып есептеледi.

     6-тарау. Қорытынды ереже

     31. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
қолданылып жүрген заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
     
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Шарипова М.Е.