Шоғырландырылған банктік қадағалауды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі күшіне енгізілген күннен бастап 30 күн ішінде Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінің талаптары қолданылатын тұлғалар соңғы есепті күнге қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінде көзделген қаржылық есеп пен мәліметтерді беруге міндетті.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы
N 256 қаулысымен
бекітілген
БАНКТЕР МЕН БАНКТІК ХОЛДИНГТЕРДІҢ
ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ
ЕСЕП ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сәйкес әзірленген және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) шоғырландырылған банктік қадағалауды жүзеге асыруы мақсатында банктердің және банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру тәртібін, нысанын және мерзімін белгілейді.
Ескерту: Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304
қаулысымен
.
1. Ірі қатысушылар және банктік холдингтер Қазақстан Республикасының резидент банктерін қоспағанда, қаржылық есепті және оған шоғырландырылған банктік қадағалауды жүзеге асыруға арналған қажетті мәліметтерді Банктер туралы заңда және осы Ережеде белгіленген мерзімде Ұлттық Банктің банктерді қадағалайтын бөлімшесіне ұсынады.
2. Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының қаржылық есебіне уәкілетті орган бекіткен мынадай нысандар кіреді:
бухгалтерлік баланс;
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
ақша қозғалысы туралы есеп;
түсіндірме жазба.
2-тарау. Банктің немесе банктік холдингтердің ірі
қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық
есеп және мәліметтер беру тәртібі
3. Банктің ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға тапсырады.
Банктік холдинг келесі есепті тоқсандағы қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға тапсырады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304
қаулысымен
.
4. Банктің ірі қатысушысының жылдық қаржылық есебінің түсіндірме жазбасында, сондай-ақ банктік холдингтің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есебінің түсіндірме жазбасында мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) ірі қатысушының (банктік холдингтің) қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, онда мынадай ақпарат болуы тиіс:
банктің осы банкке қатысты банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдарға қатысты есеп айырысу-касса қызмет көрсетуін қоспағанда жасалу мақсатын көрсете отырып осы Ережеге сәйкес есепті кезеңде жүзеге асырылған барлық маңызды операциялары туралы. Акцияларға орналастырылған активтерді және басқа адамдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін есептемегенде жасалу күніне банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының меншік капиталының он және одан да көп проценті болатын операциялар маңызды болып танылады;
банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушыларына банктің есеп-айырысу касса қызмет көрсетуін қоспағанда банк және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы арасындағы барлық басқа да операциялар, сондай-ақ осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес банк және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы бірлесіп қатысатын барлық операциялар туралы;
2) банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысына қатысты қатысушы болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу мөлшері және үлесі (осы Ереженің NN 2 және 3 қосымшаларына сәйкес), олардың қызмет түріне немесе түрлеріне сипаттама, ірі қатысушы (банктік холдинг) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебі, сондай-ақ:
шарт бойынша банктің шешіміне бірлесіп ықпал етуге байланысты немесе басқаша түрде, оның ішінде міндетті түрде осындай ықпалды жүзеге асыру мүмкіндігін белгілейтін өкілеттіктер берілуінің сипаттамасы бар барлық ақпарат;
банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының лауазымдық тұлғалары туралы, оның ішінде банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымда және осы Ереженің N 4 қосымшасына сәйкес оларға кез келген ұйымда тікелей немесе жанама тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып көрсетілген адамдардың қызметтерінің сипаттамасы бар барлық ақпарат;
ірі қатысушының (банктік холдингтің) осы Ереженің N 5 қосымшасына сәйкес заем сомасы және сатып алынған қатысу үлесін (акцияларын) міндетті түрде көрсете отырып заемдардың есебінен сатып алынған басқа ұйымдарда қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алуына байланысты барлық ақпарат;
ірі қатысушы (банктік холдинг) қатысушы болып табылатын (болып табылған), оның ішінде басқа адамдармен бірлесіп, оның ішінде мынадай ақпараты бар, ұйымдар тізбесінің есепті кезеңде өзгеруімен байланысты барлық ақпарат;
ірі қатысушы (банктік холдинг) қатысушы болып табылатын (болып табылған) ұйымдардың қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алу (ие болу) мақсаттары туралы;
мәміле сомалары туралы;
мәміленің қаржылық нәтижелері туралы.
Осы ақпаратта банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының жарғылық капиталында есепті кезеңдегі қатысуы уақытша болған және есепті күнге N 6 қосымшаға сәйкес тоқтатылған барлық ұйымдар туралы мәліметтер болуы тиіс;
3) банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауы, сондай-ақ банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының жарғылық капиталына қатысатын ұйымның ірі қатысушылары болып табылатын барлық адамдардың тізбесі, қатысу мөлшері және үлесі (акциялары), қызмет түрі немесе түрлерінің сипаттамасы және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың шоғырландырылған қаржылық есебі.
5. (Банктік холдингтің) ірі қатысушысының қаржылық есебіне түсіндірме жазбада осы Ереженің 4-тармағында атап көрсетілген мәліметтерден басқа ақпараттың толық ашылуына қажетті шоғырландырылған есепті жасау жөніндегі жұмыс кестелері және (банктік холдингтің) ірі қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есебіне енгізілген (банктік холдингтің) ірі қатысушысының еншілес және тәуелді ұйымдарының тиісінше ресімделген (бірінші басшы және бас бухгалтер қол қойған, сондай-ақ ұйымның мөрімен бекітілген) қаржылық есебі баптарының талдамаларын қоса отырып шоғырландырылған қаржылық есебін жасау әдістерінің толық сипаттамасы болуы тиіс.
6. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке жүргізілген аудит туралы есептің көшірмелерін және аудит ұйымының ұсынымдары мыналар:
осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде банктік холдинг;
осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде банктік холдинг ірі қатысушы болып табылатын ұйымдардың шоғырландырылған жылдық қаржылық есебінің нысандарымен бірге банктік холдинг ірі қатысушы болып табылатын ұйымдар уәкілетті органға ұсынуы тиіс.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304
қаулысымен
.
3-тарау. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын
жеке тұлғалардың мәліметтер беру тәртібі
7. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде N 7 қосымшаға сәйкес уәкілетті органға кірісі мен мүлкі туралы мәліметтер ұсынады.
Салық заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарына кірісі туралы декларацияны ұсынған жағдайда банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде салық қызметі органының оны қабылдау туралы белгісі бар декларацияның нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуы тиіс.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304
қаулысымен
.
8. Кірісі мен мүлкі туралы мәліметтерге, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың кірісі туралы декларациясына міндетті түрде олар қол қойған мынадай мәліметтер қоса берілуі тиіс:
1) жеке тұлғаның басқа тұлғалармен бірлесіп олардың арасындағы шарт бойынша банктің шешіміне ықпалы туралы немесе басқаша түрде, оның ішінде міндетті түрде осындай ықпалды жүзеге асыру мүмкіндігін белгілейтін өкілеттіктер берілуінің сипаттамасы бар барлық ақпарат;
2) осы Ереженің N 8 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның кез келген ұйымдарда қатысу үлесін (акцияларын) көрсете отырып жеке тұлғаның атқаратын қызметтері туралы барлық ақпарат;
3) осы Ереженің N 5 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін (акцияларын) алынған заемдар есебінен сатып алуы туралы барлық ақпарат;
4) осы Ереженің N 9 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) және жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, апа-қарындастары туралы барлық ақпарат, оның ішінде:
аты-жөні, әкесінің аты;
жеке тұлғаның жақын туыстары, жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары оларға қатысты лауазымдық тұлғалар болып табылатын ұйымдардың атауы, атқаратын қызметін көрсете отырып;
жеке тұлғаның жақын туыстарына, жеке тұлғаның жұбайына (зайыбына), жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына тиесілі кез келген ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (акциялары);
5) осы Ереженің№N 6 қосымшасына сәйкес жеке тұлға қатысушы болып табылатын (болып табылған) ұйымдар тізбесінің есепті кезеңде өзгеруіне байланысты барлық ақпарат, оның ішінде:
мәміле (мәмілелер) сомасы;
мәміленің (мәмілелердің) қаржылық нәтижесі.
9. Банктер осы Ережеге сәйкес банктің ірі қатысушыларының, банктік холдингтердің және олардың ірі қатысушыларының уақтылы және толық ақпарат ұсынуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен
бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 1 қосымша
МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ БАСҚА ОПЕРАЦИЯЛАР
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Ұйымның атауы__________________________________________________
Почталық мекен-жайы____________________________________________
Мекен-жайы_____________________________________________________
тел.:___________________________ факсы:________________________
2. МАҢЫЗДЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Операцияның Сомасы (мың) Контрагенттің Қаржылық
түрі (операция атауы нәтижесі (мың)
жасалған (кіріс
алынған)
валютада
көрсетіледі)
______________ ______________ ________________ ______________
3. ________________ БАНКІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
банктің атауы
Операциялардың Сомасы (мың) Мәміленің басқа Қаржылық
түрі (операция қатысушыларының нәтижесі
жасалған (кіріс атауы (мың)
алынған)
валютада
көрсетіледі)
_______________ ________________ ________________ __________
_______________ ________________ ________________ __________
_______________ ________________ ________________ __________
4. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР (АҚПАРАТТЫ ТОЛЫҚ АШУҒА ҚАЖЕТТІ
БАРЛЫҚ БАСҚА МӘЛІМЕТТЕР КӨРСЕТІЛЕДІ)
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен
бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 2 қосымша
БАСҚА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛҒА
ҚАТЫСУЫ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТТЕР
1. ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Ұйымның атауы_________________________________________________
Почталық мекен-жайы___________________________________________
Мекен-жайы____________________________________________________
тел.:__________________________ факсы:________________________
2. БАНКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
_ 2.1. Ірі қатысушы _ Жеке тұлға _ Тікелей қатысу
_ 2.2. Холдингтік компания _ Заңды тұлға _ Жанама қатысу
3. ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Қатысушының атауы Қатысу Қатысу үлесі (акциялар)
сомасы
Жеке Бірге
________________ ________________ _____________ ______________
_____________ _______________ __________
_______________ |_____________| |_______________| |__________|
_____________ _______________ ___________
_______________ |_____________| |_______________| |__________|
4. ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒА ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЙЫМДАР
ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Қатысушының атауы Қатысу Қатысу үлесі (акциялар)
сомасы
Жеке Бірге
________________ ________________ ______________ _____________
_____________ _______________ _____________
_______________ |_____________| |_______________||___________|
_____________ _______________ ___________
_______________ |_____________| |_______________||___________|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы
N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен
банктік холдингтердің ірі қатысушыларының
есеп және мәліметтер беру ережесіне
N 3 қосымша
БАНКТІҢ (БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ) ІРІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ
ҰЙЫМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ КЕСТЕСІ
(есеп беруші тұлғаға толық құрылымды
ұсыну қажет, шартты болып табылады)
______________ ______________
| 2. Қатысушы | | 1. Қатысушы |
______________ ______________
| |
| 22% | 10%
______________ _____________________
| 4. Қатысушы | | 3. Банктік холдинг |
______________ _____________________
| | | |
| 15% | 10% | 51% |10%
___________________________ | | ________________________
| 6. Жарғылық капиталына | |___________| |7. Жарғылық капиталына|
|қатысушы банк қатысушы | | 5. Банк | |банктік холдинг қатысу.|
|болып табылатын ұйым | |___________| |шы болып табылатын ұйым|
|__________________________| |_______________________|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 4 қосымша
БІРІГЕ ОТЫРЫП БАНКТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Ұйымның атауы ______________________________________________________
Почталық мекен-жайы ________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________________
тел.:___________________________ факсы:____________________________
Лауазымды Банктік хол. Атқаратын Басқа Қатысу Лауазымды
тұлғаның дингтің қызметі ұйым. сомасы тұлғаға
аты-жөні (банктің ірі дардың тиесілі
(есеп беруші қатысушысы. атауы қатысу
ұйымдардың ның) атауы үлесі
барлық (акциясы)
лауазымды
тұлғалары
көрсетіледі)
____________ ____________ ___________ ______ __________ ___________
Тікелей Жанама
________ ______
_____ _____ _______ _____
__________________ _____________ ______|_____||_____||______||____|
_____ _____ _______ _____
_________________ ____________________ |_____||_____||______||____|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ______________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 5 қосымша
ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН ИЕЛЕНУ ҮШІН ЗАЕМДАР
ҰСЫНУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Ұйымның атауы__________________________________________________
Почталық мекен-жайы____________________________________________
Мекен-жайы_____________________________________________________
тел.:________________________ факсы:_________________________
Заем беруші Заем алған Заемның Ұйымдардың, жеке Сатып
ұйымның ұйымның сомасы тұлғалардың сатып алынған
(жеке атауы (аты- алған заемдарының, акциялар.
тұлғаның) жөні) банк акцияларының дың үлесі
атауы сомасы
____________ ___________ ___________ ________________ _________
________________ _________
__________ _____________ __________|_______________| |________|
_______________ _________
__________ _____________ __________|_______________| |________|
__________ _____________ __________ _______________ ________
__________ _____________ __________|_______________| |________|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 6 қосымша
УАҚЫТША ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Ұйымның атауы ______________________________________________________
Почталық мекен-жайы ________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________________
тел.:___________________________ факсы:____________________________
Ұйымның атауы Қатысу кезеңі Қатысу үлесі Мәміле сомасы Қаржы
(сатып алу (акциясы) нәтижесі
күні, сату (мың)
күні)
_____________ _______________ _____________ _____________ _________
______________ ____________ ____________ ________
__________ |_____________| |____________| |____________| |_______|
______________ ____________ ____________ ________
__________ |_____________| |____________| |____________| |_______|
______________ ____________ ____________ ________
__________ |_____________| |____________| |____________| |_______|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:
______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 7 қосымша
БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІ МҮЛКІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аты-жөні ___________________________________________________________
Жеке куәлік (төлқұжат)______________________________________________
(сериясы, номері, кім және қашан берді)
Почталық мекен-жайы_________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы_______________________________________________
тел.: үй _________________________ қызмет___________________________
____________________________________________________________________
N Атауы Өлшем Саны Сомасы
бірлігі
____________________________________________________________________
1. Есеп беру кезеңінде алынған кірістер:
1.1. Жалақы Х
1.2. Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу Х
үлесінен түскен дивидендтер мен кірістер
1.3. Салымдар бойынша сыйақы Х
1.4. Мүлікті жалға беруден түскен кіріс Х
1.5. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс Х
1.6. Мүлікті сатудан түскен кіріс Х
1.7. Кірістің басқа түрлері Х
2. Мүлік:
2.1. Ақша: Х
ұлттық валютада, оның ішінде Х
қолма-қол Х
банк есепшоттарында Х
шетел валютасында, оның ішінде Х
қолма-қол Х
банк есепшоттарында Х
2.2. Бағалы қағаздар
2.3. Ұйымдардың, оның ішінде ҚР резидент Х
еместерінің ұйымның жарғылық капиталына
қатысу үлестері (акциялар) (саны
төленген жарғылық капиталға проценттік
ара қатынаспен көрсетіледі)
2.4. Жылжымайтын мүлік
2.5. Басқа мүлік
____________________________________________________________________
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 8 қосымша
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аты-жөні __________________________________________________________
Почталық мекен-жайы________________________________________________
Тұрақты тұратын жері_______________________________________________
тел.: үй _________________________ факсы: _________________________
Ұйымның атауы Атқаратын Ұйымның атауы Қатысу Есеп беруші тұлғаға
қызметі тиесілі қатысу
үлесі (акция)
_____________ ____________ ______________ ______ __________________
Тікелей Жанама
_________ __________
_____________ _______ _________ _______
____________ _____________|____________||_______||________||_______|
____________ _______ ________ _______
____________ _____________|____________||_______||________||_______|
____________ _______ ________ _______
____________ _____________|____________||_______||________||_______|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер _____________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 25 маусымдағы N 256
қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік
холдингтердің ірі қатысушыларының есеп
және мәліметтер беру ережесіне
N 9 қосымша
БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫНЫҢ (ата-анасы, жұбайы (зайыбы),
аға-інілері, апа-қарындастары, балалары)
ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) ЖӘНЕ
АТА-АНАЛАРЫНЫҢ, АҒА-ІНІЛЕРІНІҢ, ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ)
АПА-ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ БАСҚА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ
КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒА ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Аты-жөні _______________________________________________________
Почталық мекен-жайы _____________________________________________
Тұрақты тұратын жері ____________________________________________
тел.: _________________________
Жақын туысының, Туыстық Ұйымның Жақын Қатысу Жақын туысына
жұбайының дәрежесі атауы туысының, сомасы жұбайына
(зайыбының) жұбайының (зайыбына)
және жұбайының (зайыбының) және жұбайының
(зайыбының) және жұбайы. (зайыбының)
жақын туыстары. ның(зайы. жақын туысына
ның аты-жөні бының) жақын тиесілі қатысу
туыстарының үлесі (акциясы)
атқаратын
қызметтері
______________ _________ _______ ____________ ______ ______________
Тікелей Жанама
____________ _______ ________ _______
_____________ ____________|____________||_______||________||_______|
____________ _______ ________ _______
____________ _____________|____________||_______||________||_______|
Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер _____________
қолы қолы
МО
Есепті жасау күні:
Орындаушы:______________ ________________ тел.: ________________
қолы (аты-жөні)