Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 25 маусым N 255 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1611

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы

                             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
       2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
       1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулы және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ереже күшіне енгізілген күннен бастап:
      1) мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банкке бақылау жасау құқығына ие болу және жүзеге асыру шарттары туралы" V960435_ Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 қаулысының;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 қаулысымен бекітілген "Банкке бақылау жасау құқығына ие болу және жүзеге асыру шарттары туралы" ереженің күші жойылды деп танылсын;
      2) Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ереженің талаптары қолданылатын, оның ішінде банкке бақылау жасау құқығына ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты бар тұлғалар екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім алу үшін жоғарыда аталған Ережеде белгіленген тәртіппен 60 күнтізбелік күн ішінде өтініш беруге не осы мерзім ішінде Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкіне растау құжаттарын бере отырып, банктің 
дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесін он проценттен 
төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.



     Ұлттық Банк
      Төрағасы     


                                                Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген


                 Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік
             холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға
                 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
                  келісім беру тәртібі туралы ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі - банк) немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібін белгілейді.
                               1. Жалпы ережелер

      1. Банктің бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын банктің, банктік холдингтің ірі қатысушы тұлғалары және бірлескен банктік холдинг болып табылатын тұлғалар Заңның 17-1 бабында айқындалған.
      2. Банктің немесе банктік холдингтің бірлескен ірі қатысушысының банктің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі банктің шығарылған (төленген) дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
      3. Осы Ереженің талаптары Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес бас банкінің Қазақстан Республикасының резидент еншілес банкін ашу немесе ие болу құқығына қолданылмайды.

       2. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне
           ие болуға рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес заңды немесе жеке тұлғалары ие болу күніне дейін кем дегенде отыз күн бұрын:
      дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентіне тікелей немесе жанама ие болу, немесе
      дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің дауыс беруші акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі, немесе
      шарттың күшіне қарай немесе басқаша түрде банк қабылдайтын шешімге ықпал ету (банк қабылдайтын шешімді анықтау) мүмкіндігі
      осы Ережеге N 1 қосымшаның нысаны бойынша жасалған банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алу туралы өтінішті Ұлттық Банкке беруге міндетті.
      Тұлға банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы белгілеріне өзіне байланысты емес себептермен ие болған жағдайда, осы тұлғаның өзі немесе Ұлттық Банк банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы белгілеріне ие болу фактісін белгілеген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке өтініш беруге міндетті.
      5. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алу туралы өтініш беруші тұлға өтінішпен қатар Ұлттық Банкке Заңның 17-1-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді, сонымен бірге өтініш беруші - жеке тұлға туралы қысқаша мәліметтер осы Ереженің N 2 қосымшасының нысаны бойынша беріледі, ал өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша мәліметтер осы Ереженің N 3 қосымшасының нысаны бойынша беріледі.
      Резидент емес заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ оларда Ұлттық Банк белгілеген негізгі рейтинг агенттіктерінің бірінің ең аз талап етілген рейтингі бар екендігі туралы мәліметтерді қосымша береді.
      6. Тұлға банк акцияларының он немесе одан да көп процентін (қатысу үлесін) иеленген жағдайда (оның дауыс беру мүмкіндігі болса):
      банк акционерлері (қатысушылары) болып табылатын немесе банк акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалардың, немесе
      банк акционерлері (қатысушылары) болып табылатын немесе банк акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар акцияларының он немесе одан да көп процентін (қатысу үлесін) тікелей немесе жанама иеленуші (дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғалар жанама иеленуші (дауыс беруші) болып табылады.
      Сонымен бірге тұлғаның банк акцияларының жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) үлесі банк акционері (қатысушысы) болып табылатын немесе банк акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар тұлға иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) банк акцияларының үлесіне сәйкес келеді.
      7. Ұлттық Банк өтінішті осы Ережеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарайды.
      Қажет болған жағдайда, Ұлттық Банк Заңның Z952155_ 17-бабының 7-тармағына сәйкес банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысушы тұлғалардан ірі қатысушыны анықтауға қажетті басқа да ақпаратты сұратуға құқылы.
      Құжаттарды белгіленген мерзімде немесе уақтылы бермеген жағдайда, не дұрыс емес ақпарат берілсе, бұрынғы Ұлттық Банк алған құжаттар осы Ережеге сәйкес, қаралмай және шешім қабылданбай өтініш берушіге қайтарылады.
      8. Бұрын банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алған, бірақ бұдан кейін банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысының белгілері жоқ тұлға осындай сәйкессіздік туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде оны растайтын құжаттарды ұсына отырып, бұрынғы Ұлттық Банк берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш беруге міндетті.
      9. Бұрын банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Ұлттық Банктің келісімін алған және бұдан кейін банктің ірі қатысушысы деген белгісі ғана бар тұлға осындай сәйкессіздік туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде мұндай өзгерісті растайтын құжаттарды ұсына

отырып, бұрынғы Ұлттық Банк берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш 
беруге міндетті.
     10. Банктің ірі қатысушысы немесе банктік холдинг отыз күндік 
мерзімде Ұлттық Банкке өзі тікелей немесе жанама иленетін немесе тікелей 
немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар банктің дауыс беруші акциялар 
үлесінің өзгергенін растайтын құжаттарды ұсына отырып хабарлауға міндетті. 
Сонымен бірге мұндай өзгерістерге Ұлттық Банктің келісімін алу қажет емес.

                            3. Қорытынды ережелер

     11. Банктердің ірі қатысушылары және банктік холдингтер өздеріне 
қойылған банк заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
     12. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін банктің ірі қатысушыларына 
және банктік холдингтерге Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заң 
кесімдерінде көзделген ықпал етудің шектеулі шараларын, санкцияларды және 
мәжбүр ету шараларын қолдануы мүмкін.
     13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.



     Төраға                                           





                                      Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережеге № N 1 қосымша G011611a а


                     Банктің немесе банктік холдингтің

                 ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу туралы
                                  ӨТІНІШ

     1. Өтініш беруші тұлға туралы мәліметтер:

     -  жеке тұлға         - Қазақстан Республикасының резиденті
     -  заңды тұлға        - Қазақстан Республикасының резидент емесі

     Өтініш беруші тұлға ______________________________________________
                                  (аты-жөні немесе толық атауы)
     Өтініш беруші тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер       
     немесе оны куәландыратын құжаттың деректері:________________________
     ____________________________________________________________________

     Тұрақты мекен-жайы немесе тұрған орны _______________________________
     _____________________________________________________________________
           (почталық индексі, елі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)

     2. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысының белгілері:
     Банктің толық атауы: _______________________________________________
     _____________________________________________________________________

     банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға (10%-тен 24,99%-ке дейін) ______
     банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға (10% және одан да көп) ______
     банктік холдинг - заңды тұлға (25% және одан да көп) ______

     банк акцияларын тікелей иемдену проценті ______
     банк акцияларын жанама иемдену проценті ______
 
     банк акцияларымен тікелей дауыс беру проценті ______
     банк акцияларымен жанама дауыс беру проценті ______

     банк қабылдайтын шешімге (шешімді анықтауға) басқаша ықпал ету        
     мүмкіндігі ______
   _____________________________________________________________________
    Рет № Банктің ірі қатысушысы болып табылатын өтініш беруші тұлғамен 
     N             немесе банктік холдингпен бірлескен тұлғалар
   ______________________________________________________________________
   ______________________________________________________________________  


    _____________________________________________________________________
    Рет № Жарғылық капиталдарға қатысу арқылы банктің дауыс беруші        
     N    акцияларын жанама иеленуді және акциялармен дауыс беруді 
                жүзеге асыратын заңды тұлғалардың толық атауы
    ______________________________________________________________________
    ______________________________________________________________________ 

     4. Міндетті түрдегі мәліметтер (қоса беріледі):

     1) банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие    
        болу туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесі
     2) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер,  
        оның ішінде сатып алу үшін пайдаланылатын көздердің және ақша      
        сомаларының сипаттамасы (растау құжаттарымен қоса), өтініш беруші  
        адамның  мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкілі      
        туралы мәліметтер;
     3) жеке тұлғалар үшін:
        өтініш беруші тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша          
        мәліметтер, оған қоса білімі, еңбегі мен қызметі туралы, сондай-ақ 
        сотты болғандығы туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны   
        үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер;
        аудиторлық ұйым куәландырған өткен қаржы жылдарының соңғы екі      
        жылындағы қаржылық есеп, сондай-ақ банктің немесе банктік          
        холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру       
        туралы шешім қабылдау алдындағы өткен соңғы екі тоқсандағы         
        қаржылық есеп;
        банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие    
        болуға байланысты қаржылық болжам, оған қоса өтініш берушінің ие   
        болғаннан кейінгі болжамды есеп айрысу балансы, егер мұндайлар     
        болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банкті басқа заңды   
        тұлғалармен қосу немесе банктің қызметіне елеулі өзгерістер енгізу 
        немесе басқару жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстары (оған қоса      
        бизнес жоспары мен ұйымдық құрылымы);
        олардың ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі.

     5. Өтініш беруші тұлғаның мәліметтері мен міндеттемелерінің дұрыстығы:

     Осы бойынша өтініш беруші тұлға өтініште көрсетілген мәліметтердің    
     дұрыс және толық екендігін растайды, сондай-ақ банктің немесе банктік 
     холдингтің ірі қатысушысыларына қатысты белгіленген Қазақстан         
     Республикасының банктік заңнамасының талаптарын сақтауды міндетіне    
     алады.


     _____________________  ________________________________  ____________ 
     (Өтініш жасалған күн)   өтініш жасаушы тұлғаның немесе    (қолы, мөр) 
                             өтініш жасаушы тұлға басшысының 
                                        аты-жөні 






                                      Қазақстан Республикасының Ұлттық 

Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережеге № N 2 қосымша ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ

                        ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН
                             ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ
                              ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР

1. Аты-жөні _______________________________________________________________
2. Азаматтығы _____________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер ____________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)_____________________________
5. Еңбек қызметі туралы қысқаша тұжырымдама:
___________________________________________________________________________
    Жұмыс кезеңі              Жұмыс орны               Қызметі
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
  
6. Соттылығы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________________
Күні  Сот органының атауы  Соттың мекен-жайы  Құқық бұзу   Соттың шешім
                                                 түрі      қабылдаған күні
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
    
Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ма: ________
___________________________________________________________________________

7. Банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 
тартылуы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________________
Күні    Жауапкершілікке тарту    Органның мекен-    Құқық бұзу     Шешім
           туралы шешім              жайы             түрі      қабылданған
          қабылдаған орган                                           күн
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
                 ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ
     Мен осы өтініштегі ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық 
екендігін растаймын және мен ұсынған өтініште бұрмалаушылықтар мен 
қателіктер табылған жағдайда мұның банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие 
болу келісімін алудан бас тартуға негіз болатынын мойындаймын.

Аты жөні_____________________________
              (баспа әріптерімен)
Күні  ____________________

Қолы ____________________




                                      Қазақстан Республикасының Ұлттық 

Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережеге № 3 қосымша


             БАНКТІҢ/БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІНЕ

                 ИЕ БОЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРГЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ 
                  БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
               _________________________________________________
                                (банктің атауы)
1. Аты-жөні ______________________________________________________________
2. Азаматтығы ____________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер ___________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)____________________________
5. Жұмысының мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс телефоны________________
__________________________________________________________________________
6. Білімі (оған қоса біліктілігін жоғарылату курстары)
__________________________________________________________________________
    Оқуға түскен және аяқтаған     Оқу орнының атауы       Мамандығы
             жылы  
__________________________________________________________________________ 
    
7. Еңбек қызметі туралы қысқаша тұжырымдама:
___________________________________________________________________________
       Жұмыс кезеңі            Жұмыс орны            Қызметі
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
  
8. Соттылығы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________________
Күні  Сот органының атауы  Соттың мекен-жайы   Құқық бұзу   Соттың  шешім  
                                                  түрі      қабылдаған күні
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ма:________ 
___________________________________________________________________________

9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 
тартылуы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________________
Күні    Жауапкершілікке тарту     Органның    Құқық бұзу       Шешім
       туралы шешім қабылдаған   мекен-жайы      түрі      қабылданған күн 
               орган  
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
    
                 ЖОҒАРЫДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ
     Мен осы өтініштегі ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық 
екендігін растаймын.

Аты жөні_____________________________
              (баспа әріптерімен)
Күні  ____________________

Қолы ____________________
     
     
      Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Шарипова М.Е.