Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 14 маусым N 225 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1579

Қолданыстағы
      Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң кейбiр мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

                               ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" V011410_ 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақтағы "мамырына" деген сөз "маусымына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақтағы "маусымына" деген сөз "шiлдесiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
     
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.