Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі N 71-б бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1571

Қолданыстағы
                                БҰЙЫРАМЫН:    



      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б V011432_ "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың":

     29-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына 
жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша 
жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және 
Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
Департаменттеріне жіберіледі".
     2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
     
     
     Министр
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.