Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 15 мамыр N 828 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2001 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1569

Жаңартылған

      Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру әдiстемесiн жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 15) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
      2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелгеннен кейiн 15 күннен соң қолданысқа енетiндiгі белгіленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар департаментi:
      1) басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 11 ақпанда 458-нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 161 қаулысының  күшi жойылған деп танылсын.

      Ұлттық комиссияның
          Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен   
2001 жылғы 27 сәуірде
келісілген     

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен 
2001 жылғы 30 сәуірде 
 келісілген     

Қазақстан Республикасы 
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы   
Директоратының    
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 828 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту: Қағидалардың мәтiнi бойынша түрлi септiктегi "Ұлттық комиссия" деген сөздер тиiстi септiктегi "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

      Осы Қағидалар бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және жергiлiктi атқарушы органдар шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру және мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiне есеп жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту: Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

1-тарау. ЖАЛПЫ ШАРТТАР

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) алынып тасталды ;
      2) алынып тасталды ;
      3) "ҰБН" - ұлттық бiрiздендiру нөмiрi немесе егер бұл контекстке негiзделсе ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi;
      4) "Жауапты қызметкер"- уәкiлеттi органның ҰБН-iн беруге жауапты қызметкерi;
      5) "эмитент" - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органы.
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

      2. ҰБН бағалы қағаздарға оны біріздендіру, әртүрлі эмиссиялардың бағалы қағаздарын белгілеуді бірегейлендіру және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген бағалы қағаздарға есеп жүргізуді жүйелендіру мақсатында уәкілетті орган беретін бірегей әріптік-сандық код болып табылады.

2-тарау. ҰБН БЕРУ

      3. Эмиссиясы жобаланып отырған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН берудi эмитенттiң еркiн нысанда жазған және мазмұнында осы эмиссия туралы мынадай мәлiметтер бар сұрауының (бұдан әрi "Сұрау" деп аталады) негiзiнде уәкілетті орган жүргізеді:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрi - олардың толық атауы немесе жалпы қолданылатын белгiсi (қысқаша атауы, аббревиатурасы);
      2) эмиссияның валютасы;
      3) айналыс мерзiмi;
      4) эмитент пайдаланатын нөмiрлеуге сәйкес эмиссияның реттiк нөмiрi;
      5) орналастыру жобаланған күн;
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-таблицасында көрсетiлмеген мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн - осы бағалы қағаздардың мынадай белгiлерi бойынша сипаттамасы:
      осы бағалы қағаздар құжаттандырылған немесе құжатсыздандырылған болып табыла ма әлде жоқ па;
      осы бағалы қағаздар дисконттық (олар бойынша сыйақы дисконт - атаулы құны мен орналастыру бағасының арасындағы он айырмасы түрiнде төленедi) бiр мезгiлде осы бағалы қағаздарды өтеумен және олардың атаулы құны шегiнде) немесе купондық (олар бойынша сыйақылар купон - осы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына сәйкес атаулы құнынан жоғары мерзiмдiк (бiр немесе бiрнеше дүркiн) төлеуге жататын сома түрiнде төленедi) болып табыла ма әлде жоқ па;
      осы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды қандай да болмасын көрсеткiш бойынша индекстеудi көзделе ме әлде жоқ па;
      егер осы бағалы қағаздар купондық болып табылса, олардың шығарылым шарттарында осы бағалы қағаздардың атаулы құнынан өзгеше (дисконтпен немесе сыйлықпен) баға бойынша орналастыру көзделе ме, яғни осы бағалы қағаздар дисконттық - купондық болып табыла ма әлде жоқ па;
      7) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн - негiзiнде бағалы қағаздардың осы эмиссиясы жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлердi көрсету.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жобаланып отырған бiрнеше, оның iшiнде белгiлi бiр кезеңге алға, эмиссияның мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰБН беруге сұрау жасауға жол беріледі.
      5. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      6. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      7. Жауапты қызметкер сұрауды алғаннан кейiн оның мына бөлiктерде жасалуының дұрыстығын тексередi:
      1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес сұрауда көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердiң толықтығын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрiн көрсетудің дұрыстығын;
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздар түрiнiң олардың жобаланып отырған эмиссияларының осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-7) тармақшаларында көрсетiлген өлшемдерiне сәйкес келуiн;
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздардың жобаланып отырған эмиссиясының реттiк нөмiрiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздардың осы түрiнiң алдыңғы эмиссиясы туралы уәкілетті органда бар ақпаратқа сәйкес келуiн;
      5) эмиссиясы жобаланып отырған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН беру үшiн қажеттi өзге де ықтимал шарттардың сақталысын.
      8. Сұрату бойынша ескертпелер жоқ болған кезде Жауапты қызметкер осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтiрiлген әдiстемеге сәйкес ҰБН жасайды, бағалы қағаздардың айналыста жүрген эмиссияларының осындай ҰБН бар жоқ екенiн тексередi, ҰБН беру жөнiнде эмитентке беретiн хат дайындайды және негiзiнде ҰБН құрылған сұратуды қоса бере отырып оны келесi бұрыштаманы қою үшiн бередi.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      9. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

      10. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      11. Сұратуда қате және/немесе толық емес мәлiметтер анықталған кезде уәкiлеттi орган эмитентке бас тарту себебiн көрсете отырып ҰБН беруден жазбаша бас тарту жiбередi.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      12. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      13. Сұрауды қарау (ҰБН беру туралы немесе ҰБН беруден бас тарту туралы эмитентке жазылған хатты жөнелту (беру) мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде аяқталу керек, бiрақ уәкілетті орган сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей (осы тармақтың екiншi азатжолында белгiленген ерекшелiктi қоспағанда).
      Егер эмитент алты және одан да көп эмиссиялары жобаланған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН берудi сұраған жағдайда, сұрауды уәкілетті орган алған күннен бастап үш жұмыс күнiне дейiн, ҰБН беру туралы эмитентке жазылған хатты жөнелтудiң (берудiң) мерзiмiн ұзартуға жол берiледi.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

      14. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

3-тарау. БЕРІЛГЕН ҰБН-не ЕСЕП ЖҮРГІЗУ

      15. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰБН-не есеп жүргізу:
      1) қағаз тасымалдағыштағы "Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық біріздендіру нөмірлерін тіркеу журналы" тізілім-журналын (бұдан әрі "Журнал" деп аталады);
      2) "Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық біріздендіру нөмірлерін тіркеудің электрондық журналы" электрондық мәліметтер базасын (бұдан әрі "Электрондық журнал" деп аталады);
      3) мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰБН беру мәселелері бойынша алмасу файлдарын (бұдан әрі "Алмасу файлдары" деп аталады) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      16. Журналдың мазмұны мен Электрондық журналдың мазмұны бір-бірімен ұқсас және мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) ҰБН беру туралы жазбаның реттік нөмірі;
      2) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі;
      3) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
      4) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың валютасы;
      5) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының реттік нөмірін эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес сандық белгілеу;
      6) ҰБН беру күні;
      7) берілген ҰБН;
      8) ҰБН беруге арналған негіз (сұраудың күні және нөмірі);
      9) Жауапты қызметкердің тегі және аты-жөні.
      17. Журналды (Электрондық журналды) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген не жалпы қолданылатын белгілеулер қолданылады, мысалы, "НСО", "МЕККАМ-6", "теңгелік ноттар". Бұл ретте айналыс мерзімдері бірдей мемлекеттік бағалы қағаздардың бірнеше түріне әртүрлі белгілеулерді қолдануға жол берілмейді.
      18. Журналды (Электрондық журналды) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қатысты "Қаржымині" қысқаша атауын немесе "ҚМ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты "Ұлттық Банк" қысқаша атауын немесе "ҰБ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;
      3) егер мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтерге сүйене отырып біржақты түрде эмитент тек қана Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын жағдайда Журналдың тиісті бағанасы (Электрондық журналдың тиісті жолы) толтырылмайды;
      4) егер мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы болып табылған жағдайда эмитент аймағының атауы "жергілікті атқарушы орган", "әкімият" және "облыс" сөздерін (түрлі септеуде) қолданусыз көрсетіледі, мысалы, "Шығыс Қазақстан", "Алматы қ.".
      19. Журналды (Электрондық журналды) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының валютасы туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде, егер мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтерге сүйене отырып бір жақты түрде олар тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе тек қандай болсын шетелдік валютада шығарылуы мүмкін болады делінсе, тиісті бағана (тиісті жол) толтырылмайды.
      20. ҰБН беру туралы жазбалар Журналға және Электрондық журналға ҰБН берілген күні енгізілуге жатады.
      21. Журнал беттері бойынша нөмірленуі, тігілуі және уәкілетті органның мөр таңбасымен (жартылай тігістің түйініне жапсырылған жазба қағазға жартылай параққа) бекітілуі керек.
      Журналдағы ҰБН беру туралы әрбір жазба Жауапты қызметкердің қолымен расталуы керек.
      Журнал аяқталғаннан кейін оның сыртқы парағына "Журналда ҰБН беру туралы барлығы (ҰБН туралы соңғы жазбаның реттік нөмірі) жазбалар бар" деген жазба енгізіледі, еркін нысандағы форматта Журналдың аяқтау күні көрсетіледі, Жауапты қызметкердің қолы
қойылады.
      Жаңадан ашылатын Журнал бұрынғы Журналдағы соңғы жазбаның реттік нөмірінен бір бірлікке асатын ҰБН беру туралы жазбаның реттік нөмірінен басталады.
      ҰБН туралы аяқталмаған жазбаны бір Журналдан екіншісіне ауыстыруға тыйым салынады. Бұндай жазба әрбір бағанада "Z" белгісімен сызып тастау арқылы жойылуы керек.
      Ескерту: 21-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      22. Уәкілетті орган орталық аппаратының Электрондық журналды жүргізуді жүзеге асыратын қызметкерлері оған рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізуден қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      23. ҰБН беру үшiн ұсынылған құжаттар жазысқан хаттар файлдарына хронологиялық тәртiппен тiгiледi.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      24. Алмасу файлдарына енгізілген құжаттардың барлық парақтары төменгі оң жақ бұрышына нөмірленеді. Алмасу файлдары аяқталғаннан кейін оған бірінші парағында "Осы файлда ("кк.аа.жж" форматтағы күн)-нен бастап ("кк.аа.жж" форматтағы күн)-ге дейінгі құжаттардың барлығы (соңғы құжаттың соңғы (жоғарғы) парағының реттік нөмірі) парағы бар" деген жазба жасалатын құжаттардың тізбесі енгізіледі және Жауапты қызметкердің қолы қойылады.
      Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      25. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰБН туралы мәліметтер уәкілетті орган тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кез келген мүдделі тұлғаға беріледі.

      Ұлттық комиссияның
          Төрағасы

Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық 
комиссиясы Директоратының 
2001 жылғы 15 мамырдағы 
N 828 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін
беру қағидаларына    

1-қосымша

Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірін
ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ұлттық біріздендіру нөмірін (бұдан әрі "ҰБН" деп аталады) құру үшін араб сандары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("І" және "О" әріптерінен басқа) пайдалынылады.
      2. ҰБН-не қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген, тізбектелген он екі рәміздер (солдан оңға санаумен) кіреді және үш бөліктен тұрады:
      1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан рәміздер эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "KZ" коды пайдаланылады);
      2) үшінші-он бірінші позицияларда орналасқан рәміздер осы Әдістеменің 3-9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмірлер болып табылады;
      3) он екінші позицияда орналасқан рәміз осы Әдістеменің 10-тармағына сәйкес есептелген бақылау саны болып табылады.
      3. ҰБН үшінші позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін білдіреді:
      1)  "К" рәмізі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
      2)  "W" рәмізі - Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі;
      3)  "C" рәмізі - Ақмола облысының жергілікті атқарушы органы;
      4)  "D" рәмізі - Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы;
      5)  "B" рәмізі - Алматы облысының жергілікті атқарушы органы;
      6)  "E" рәмізі - Атырау облысының жергілікті атқарушы органы;
      7)  "F" рәмізі - Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы;
      8)  "H" рәмізі - Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органы;
      9)  "L" рәмізі - Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы;
      10) "M" рәмізі - Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы;
      11) "P" рәмізі - Қостанай облысының жергілікті атқарушы
органы;
      12) "N" рәмізі - Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органы;
      13) "R" рәмізі - Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы;
      14) "S" рәмізі - Павлодар облысының жергілікті атқарушы органы;
      15) "T" рәмізі - Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы;
      16) "X" рәмізі - Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы;
      17) "A" рәмізі - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;
      18) "Z" рәмізі - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.
      4. ҰБН төртінші позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:
      1) "1" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      2) "2" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;
      3) "3" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      4) "4" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;
      5) "5" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      6) "6" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;
      7) "7" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      8) "8" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;
      9) "9" символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған, номиналдық құнын индекстеу және сыйақы ставкаларын айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар.
      Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .
      5. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің ҰБН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын кодтары осы Әдістеменің 1-таблицасында келтірілген.
      6. ҰБН бесінші позициясында орналасқан рәміз эмиссияның валютасын білдіреді:
      1) "К" рәмізі - қазақстан теңгесі;
      2) "U" рәмізі - АҚШ доллары;
      3) "Е" рәмізі - евро.
      7. ҰБН алтыншы позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:
      1) "Y" рәмізі - жылдар;
      2) "M" рәмізі - айлар;
      3) "W" рәмізі - апталар;
      4) "D" рәмізі - күндер.
      8. ҰБН жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.
      Егер айналыс мерзімі 10-нан төмен тиісті өлшем бірлігін құраған жағдайда, жетінші позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
      9. ҰБН тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының олардың эмитенттері пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.
      Егер эмиссияның реттік нөмірі 100-ден төмен болып құралған жағдайда, тоғызыншы позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
      Егер эмиссияның реттік нөмірі 10-нан төмен болып құралған жағдайда, оныншы позицияда (тоғызыншы позициядағы "0" рәмізіне қосымша) "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
      Егер эмиссияның реттік нөмірі 999 асып кеткен жағдайда, оның бірінші саны көрсетілмейді.
      10. Бақылау саны мынадай түрде есептеледі:
      1) 1-қадам: осы Әдістеменің 2-тармағының 1) тармақшасына және 3-9-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;
      2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік рәміздер осы Әдістеменің 2-таблицасына сәйкес сандармен ауыстырылады;
      3) 3-қадам: сандық қатарда (оның оң жақ шетінен бастап) алынған әрбір сан коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позицияларда орналасқан сандар үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан сандар үшін;
      4) 4-қадам: 3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған сандар қатары қосылады;
      5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау саны "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау саны болып табылады.

1-таблица

      Ескерту: 1-кесте толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .

Мемлекеттік бағалы қағаздардың
жекелеген түрлері кодтарының
ТАБЛИЦАСЫ

____________________________________________________________________
           Бағалы қағаздың түрі                           Коды
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ)    

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,       2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ)  

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,       3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)    

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,       4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)    

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,       4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген
қазыналық міндеттемелері (МЕИКАМ)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,       2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның ұлттық
жинақ облигациялары (НСО)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде              1
номинацияланған қысқа мерзімді ноттары 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шетелдік валютада    3
номинацияланған қысқа мерзімді ноттары

Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигациялар (МАОКО)   9
____________________________________________________________________

2-таблица

Әріптік рәміздерді сандарға ауыстыру
ТАБЛИЦАСЫ

      __________________________________________________________
        А   10      F   15      L   20       R   25      W   30
        B   11      G   16      M   21       S   26      X   31
        C   12      H   17      N   22       T   27      Y   32
        D   13      J   18      P   23       U   28      Z   33
        T   14      K   19      Q   24       V   29
      __________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық 
комиссиясы Директоратының 
2001 жылғы 15 мамырдағы  
N 828 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін
беру қағидаларына    

2-қосымша

Мемлекеттік бағалы қағаздардың
ұлттық біріздендіру нөмірін
ҚҰРУДЫҢ МЫСАЛЫ    

Берілді (мысалдың шарттары):

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі алты ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін (бұдан әрі - МЕККАМ) айналысқа шығарады; эмиссияның реттік нөмірі - 123
                                 1-қадам:
____________________________________________________________________
Позицияның
 нөмірі      Рәміздер                      Түсіндірме
____________________________________________________________________
   1-2          КZ       Эмитенттің елін белгілеу (Қағидаларға
                         1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы)
    3           К        Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін
                         белгілеу:
                         Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті
                         ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы
                         министрлігіне "К" рәмізі сәйкес келеді
                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы және
                         мысалдың шарттары)
   4            I        Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрін
                         белгілеу:
                         МЕККАМ "І" рәмізіне  сәйкес келеді
                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 4-тармағы және
                         1-таблица)
   5            К        Эмиссияның валютасын белгілеу: МЕККАМ-ның
                         атаулы құны "К" рәмізіне сәйкес келетін
                         Қазақстан теңгесімен көрсетіледі
                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағы) 
   6            М        Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс
                         мерзімінің өлшем бірлігін белгілеу:
                         МЕККАМ-ның айналыс мерзімі "М" рәмізі
                         сәйкес келетін айлармен өлшенеді
                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағы) 
  7-8          06        Бағалы қағаздардың айналыс мерзімін
                         айлармен белгілеу: МЕККАМ-ның осы
                         эмиссияның айналыс мерзімі 10 айдан төмен
                         болғандықтан, жетінші позицияда "0" (нөл)
                         рәмізі көрсетіледі (Қағидаларға
                         1-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың
                         шарттары)
  9-11        123        Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының
                         реттік нөмірін белгілеу (Қағидаларға
                         1-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың
                         шарттары)
____________________________________________________________________
      Нәтижесінде МЕККАМ-ның осы эмиссиясының ұлттық біріздендіру
нөмірі (оны екінші позициядағы бақылау санынсыз) былайша көрінеді:
       _________________________________________________________
          K    Z    K    1    K    M    0    6    1    2    3
       _________________________________________________________

                                2-қадам:
      Қағидалардың 1-қосымшасындағы 2-таблицаға сәйкес әріпті
рәміздерді сандарға ауыстыру:
        _________________________________________________________
            1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3
        _________________________________________________________

                              3-қадам:
      Сандық қатарда (оның оң жақ шетінен бастап) алынған сандарды
коэффициентке көбейту: "2" - тақ позицияларда орналасқан сандар
үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан сандар үшін:
      сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):
       _________________________________________________________
            1 9 3 3 1 9    1    1 9 2 1   0   6   1   2   3
       _________________________________________________________
                      көбейту коэффициенттері:
       _________________________________________________________
            1 2 1 2 1 2    1    2 1 2 1   2   1  2  1  2
       _________________________________________________________
                          көбейту нәтижесі:
       _________________________________________________________
           1 1 8 3 6 1 1 8 1 2 9 4 1 0   6   2   2   6
       _________________________________________________________

                                  4-қадам:
      3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың сандарын қосу:
                1+1+8+3+6+1+1+8+1+2+9+4+1+0+6+2+2+6=62

                              5-қадам:
      4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 62 сомасы үшін осындай сан 70 болып табылады. Тиісінше бақылау саны 8-ге тең (70-62).
      Осы эмиссиядағы мемлекеттік бағалы қағаздардың толық ұлттық біріздендіру нөмірі мынаған тең:
      _________________________________________________________
       K    Z    K    2    K    M    0    6    1    2    3   8
      _________________________________________________________  

Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық 
комиссиясы Директоратының 
2001 жылғы 15 мамырдағы  
N 828 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін
беру қағидаларына    

3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымша алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 бұйрығымен .