1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсiн;
3) 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң инвестициялық стратегиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Үкіметімен мақұлданған 20 маусымның 2001 жылғы 9 маусымның 2001 ж. N 237 қаулысымен N 787 бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 U000402_ , "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлықтарына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 P010655_ қаулысына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) сенiмдi басқарған кезде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қорды сенiмдi басқарған кезде Ұлттық Банктiң инвестициялық операцияларды жүзеге асырудағы негiзгi мақсаттары:
1) Қор активтерiнің сақталуы;
2) Қор активтерi өтiмділігінің жеткiлiктi деңгейде болуын қолдау;
3) тәуекелдің деңгейi қалыпты болған жағдайда Қор активтерi түсiмділігінің перспективалы ұзақ мерзiмде жеткiлiктi түрдегi жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қор активтерi кiрiстiлігінiң перспективалы ұзақ мерзiмде жеткiлiктi түрдегi жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету кiрiстіліктiң қысқа мерзiмге ауытқуын көздейдi.
2-тарау. Негiзгi ұғымдар
3. Портфельдi активтiк басқару - бұл портфель кiрiстілiгiнiң ауытқу өзгермелiлігінiң мәнi 0.5%-тең асқан жағдайда басқару түрi.
4. Негiзгi валюта - Қор активтерiн басқарудың кiрiстiлігін бағалау үшiн пайдаланылатын валюта.
5. Бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлiгi - бағалы қағаздың (портфельдiң) процентпен көрсетiлген және оны өтегенге дейiн сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын белгiленген кiрiспен қоса бағалы қағаздың (портфельдiң) кiрiстiлігі. Бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлігін есептеу бағалы қағаз (портфельдің) купонының ставкасына, өтеу мерзiмiне және рыноктық құнына негiзделедi. Есептеген кезде купондық төлемдер бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстілігiне тең проценттiк ставка бойынша қайта инвестициялануы мүмкiн.
6. Бағалы қағаздың (портфельдiң) белгiленген кiрiстілiгiмен қоса дюрациясы - бағалы қағазды (портфельдi) өтеу кiрiстiлігі жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаз (портфель) құнының шамамен алғанда қаншалықты төмендегенiн/жоғарылағанын көрсететiн көрсеткiш.
7. Кiрiстіліктiң ауытқуының өзгермелiлiгi (tracking еrrоr) - портфель кiрiстiлiгінің эталон портфелi (tracking еrrоr) кiрiстiлiгiнен ауытқуының өзгермелiлiгiн көрсететiн эталон портфелiне қатысты портфельдiң рыноктық тәуекелiнiң негiзгi көрсеткiшi.
8. MSCI World Index excluding Energy индексi - Morgan Stanley Capital International компаниясынан тұратын энергетикалық сектор компаниясынан басқа, әлем елдерi компанияларының акцияларынан тұратын индекс. Индекстегi бағалы қағаздар құрамы рыноктық капиталдандыру және өтiмділік негiзiнде тоқсан сайын жаңартылып отырады. Кiрiстiлiк пен тәуекел көрсеткiштерi күн сайын есептеледi.
9. Salomon 6-month US Treasury Bill Index - Salomon Smith Barney компаниясының индексi, АҚШ-тың алты айлық қазынашылық вексельдерiнiң соңғы эмиссиясынан тұрады. Кiрiстілік пен тәуекел көрсеткiштерi күн сайын есептеледi.
10. Sоlомоn World Government Bond Indех 80% USD hedged (SWGB Index 80% USD hedged) индексi - өтеу мерзiмi бiр жылдан артық болатын дамыған елдердiң мемлекеттiк облигацияларынан тұратын Solomon Smith Barney компаниясының индексi, АҚШ долларына қарсы 80% хеджирленген. Индекстегi
бағалы қағаздар құрамы рыноктық капиталдандыру негiзiнде ай сайын өзгерiп тұрады. Кiрiстiлiк және тәуекел көрсеткiштерi күн сайын есептеледi. 11. Кредиттiк рейтинг - кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар эмитенттерiне Standard & Poors және Moody's кредиттiк рейтинг агенттiктерi беретiн қаржы құралдары бойынша кредиттiк тәуекел деңгейiнiң көрсеткiшi (кредиттiк тәуекелдiң өсуiне қарай кестеге орналастырылады): ___________________________________________________________________________ Standard & Poors Мооdу's ___________________________________________________________________________ Ұзақ мерзiмдiк кредиттiк рейтингтер ААА Ааа АА+ Аа1 АА Аа2 АА- Аа3 А+ А1 А А2 А- А3 Қысқа мерзiмдi кредиттік рейтингтер А-1+ Р-1 А-1 Р-2 ___________________________________________________________________________
12. Портфельдi пассивтiк (индекстiк) басқару - бұл портфель кiрiстiлiгi ауытқуының (tracking еrrоr) өзгермелi мәнi 0.5%-тен аспайтын жағдайдағы басқару түрі.
13. Өкiлеттi өкiл - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен белгiленетiн арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi), оның өкiлеттiгiне Ұлттық Банктiң атынан Қорды сенiмдi басқару бойынша жедел шешiм қабылдау кiредi.
14. Портфель - қаржы құралдарының жиынтығы, оның iшiнде Қордың ақшасы.
15. Жинақ портфелi - мақсаты ұзақ мерзiмдi перспективадағы активтердiң кiрiстілігiн көбейту болып табылатын портфель. Жинақ портфелiне түсетiн барлық түсiмдер және жинақ портфелiндегi трансферттер тұрақтандыру портфелi арқылы жүзеге асырылады.
16. Тұрақтандыру портфелi - мақсаты қысқа мерзiмдi перспективадағы активтердiң өтiмдiлігін қамтамасыз ету және кiрiстілігiн көбейту болып табылатын портфель.
17. Құрылымдық өнiм - әр түрлi қаржы құралдарының қосылуы болып табылатын активтер мен мiндеттемелердiң әдiсi. Құрылымдық өнiмдi сатып алуға арналған шарт осы өнiмнің эмитентiмен - компаниямен жасалады.
18. Жинақ портфелiнiң активтерiн тактикалық бөлу (tactical asset allocation) - кiрiсi шектелген акциялар мен бағалы қағаздар үлесiнiң туынды қаржы құралдарын сатып алу және сату арқылы өзгеруi. Жинақ портфелiнің активтерi эталон портфелiмен салыстыру бойынша портфельдің кiрiстілігiн көтеру мақсатында тактикамен бөлiнедi.
19. Портфельдi валютаға қарсы хеджирлеу - осы валютаның айырбас бағамының өзгерiстерiнен түскен портфельдiң рыноктық құнының тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету.
20. Активтерге кепiлге берiлген бағалы қағаздар (ABS) - эмитент кепiлдiк берген жылжымайтын мүлiктi қоспағанда, активтер сатып алу үшiн заемдарға кепiлдiкке берiлген борыштық мiндеттемелер.
21. Жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздар (MBS) - эмитент кепiлдiк берген жылжымайтын мүлiктi сатып алу үшiн заемдарға кепiлдiкке берiлген борыштық мiндеттемелер.
22. Эталон портфелi - құрамы инвестордың мүддесiмен белгiленетiн бағалы қағаздар жиынтығы. Эталон портфелiнiң кiрiстiлiгi активтердiң басқару кiрiстiлігін бағалау кезiндегi шара болып табылады. Эталон портфелi ретiнде әлемдiк жетекшi қаржы компаниялары әзiрлеген және тексерген индекстер қолданылады.
3-тарау. Тұрақтандыру және жинақ портфельдерiн
басқару жөнiндегi жалпы стратегия
23. Қор активтерi тұрақтандыру және жинақ портфельдерiне бөлiнедi.
24. Тұрақтандыру портфелінің рыноктық құны Қордың барлық активтерiнiң рыноктық құнының 20%-нен кем болмауы тиiс.
25. Егер күнтiзбелiк тоқсанның соңғы күнiнде тұрақтандыру портфелiнiң рыноктық құны осы Ереженiң 24-тармағында белгiленген шектеудi қанағаттандырмайтын болса, Қор активтерiнiң бiр бөлiгi келесi тоқсанның басынан бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде жинақ портфелiнен тұрақтандыру портфелiне берiледi.
26. Қор активтерiн түрлерi және көлемi бойынша тұрақтандыру портфелiнен жинақ портфелiне аудару немесе керiсiнше осы Ереже шеңберiнде Өкiлеттi өкiлдiң тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырылады.
27. Қордың тұрақтандыру және жинақ портфельдерiнің активтерiн басқарудың кiрiстiлiгiн бағалау мақсатына арналған базалық валютасы АҚШ доллары болып саналады.
28. Қор активтерi инвестицияланатын қаржы құралдары мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздармен, Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен, корпоративтiк бағалы қағаздармен, жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздармен (MBS) және активтермен (АВS), акциялармен, репо және керi репо операцияларымен, депозиттермен (салымдармен), кепiлге берiлген қарызға бағалы қағаздар (securities lending) берумен, стандартты туынды қаржы құралдарымен, құрылымдық өнiмдермен, жинақ және тұрақтандыру портфелiне кiретiн елдердiң валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледi. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздардың тұрақтандыру портфелiн және жинақ портфелiн сенiмгерлiк басқару кезiнде активтi де пассивтi де басқару қолданылуы мүмкiн.
29. Репо және керi репо операциялары A1 Standard & Рооrs\Р1 - Moody's төмен емес қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар және А+ - Standard & Рооrs\А1 - Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингi бар қарсы әрiптестермен жүргiзiледi. Керi репо операцияларын қамтамасыз ететiн мерзiмi 10 жылдан аспайтын, рыноктық құны операция сомасынан кемiнде 102% болатын мемлекеттiк бағалы қағаздар болуы тиiс. Репо және керi репо операцияларының ең көп мерзiмi - 1 ай.
30. Депозиттер (салымдар) А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар және АА- - Standard & Рооrs\Аа3 - Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингi бар банктерге ғана орналастырылады. Барлық депозиттердiң (салымдардың) үлесi Қордың 5%-нен аспауы тиiс. Депозиттердiң (салымдардың) ең кеп мерзiмi - 1 ай.
31. Туынды құралдар Қор активтерiн хеджирлеу және тактикалық бөлу үшiн ғана пайдаланылады.
32. "Төлемге қарсы жеткiзу" рәсiмi бойынша мәмілелер А+\А1 (ұзақ мерзiмдi) және А1+\Р1 (қысқа мерзiмдi) төмен болмайтын кредиттiк рейтингi бар қарсы әрiптестермен жүргiзiледi.
4-тарау. Тұрақтандыру портфелiнiң негiзгi өлшемдерi
33. Тұрақтандыру портфелiнiң мынадай индексi эталон портфелi болып саналады: Salomon 6-month US Treasury Bill Indех.
34. Тұрақтандыру портфелi кредиттiк рейтингi ААА\Ааа болатын елдердiң ақша рыногының өтiмдiлігі жоғары активтерiнен тұрады.
35. Тұрақтандыру портфелiнің кем дегенде 50%-i ААА\Ааа болатын елдердiң, агенттiктердiң, ХҚҰ-ның мемлекеттiк бағалы қағаздарынан тұрады.
36. Тұрақтандыру портфелiнiң Қордың базалық валютасына қарсы толық хеджирленуi тиiс.
37. Тұрақтандыру портфелiндегi корпоративтiк бағалы қағаздар және кепiлге берiлген активтердiң эмитенттерінің А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi және AA - Stаndаrd&Рооrs\Аа3 Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингi болуы тиiс.
38. Екiншi деңгейдегi банктердiң депозитiне (салымына) тұрақтандыру
портфелiнiң ең көп дегенде 10% орналастырылуы тиiс. Осы банктердiң қысқа мерзiмдi рейтингi А1+ - Standard & Рооrs\Р1 - Moody's - төмен болмайтын қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингiнен және АА - Stаndаrd&Рооrs\Аа3 - Moody's - төмен болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингiнен төмен болмауы тиiс. 39. Тұрақтандыру портфелi активтерiнiң ең көбi 10%-i мемлекеттiк, агенттiк бағалы қағаздарды және ХВҚ-ның бағалы қағаздарын қоспағанда бағалы қағаздарға инвестициялануы және/немесе бiр эмитенттің депозиттерiне (салымдарына) орналастырылуы мүмкiн. 40. Бағалы қағазды өтеудiң ең жоғары мерзiмi 12 айдан аспауы тиiс. 41. Тұрақтандыру портфелiнiң дюрациясы 0.75 көрсеткiшiнен аспауы тиiс. 42. Тұрақтандыру портфелi активтерінің кемiнде 50%-i сыртқы басқаруға берiлуi мүмкiн. 5-тарау. Жинақ портфелiнiң өлшемдерi 1. Жинақ портфелiнiң негiзгi өлшемдерi 43. Жинақ портфелi кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiне және акциялар портфелiне бөлiнедi. 44. Жинақ портфелi құрамындағы кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелi мен акциялар портфелiнiң рыноктық құнының жол берiлетiн ауытқушылықтары мынадай: ___________________________________________________________________________ Эталон Ең аз Ең көп ___________________________________________________________________________ Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелi 60% 50% 70% Акциялар портфелі 40% 30% 50% ___________________________________________________________________________ 45. Жинақ портфелi үшiн SWGB Index 80% USD hedged 60%-нен және МSСI World Index excluding Energy 40%-нен тұратын индекс эталон портфелi болып саналады. 46. Жинақ портфелi кiрiстiлігінiң эталон портфелi кiрiстiлiгiнен ауытқу өзгермелiлiгi (tracking еrrоr) 2.0%-тен аспауы тиiс. 2. Жинақ портфелiнiң кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң өлшемдерi 47. Жинақ портфелiнiң кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелi үшiн SWGB Index 80% USD hedged индексi эталон портфелi болып саналады. 48. Инвестициялар эталон портфелiне кiретiн елдерде айналымға түсетiн бағалы қағаздарға ғана рұқсат етiледi. 49. Портфель дюрациясы эталон портфелiнiң дюрациясынан +20/-30% шегiнде болуы тиiс. 50. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң кемiнде 80%-i сыртқы басқаруға берiлуi мүмкiн. 51. Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiнiң секторлық бөлiнуi: ___________________________________________________________________________ Ең аз Ең көп ___________________________________________________________________________ Мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздар және ХВҚ-ның бағалы қағаздары 35% 100% Корпоративтiк бағалы қағаздар және жылжымайтын мүлiк немесе активтер кепiлге берiлген бағалы қағаздар 0% 30% Оның iшiнде жылжымайтын мүлiк немесе активтер кепiлге берiлген бағалы қағаздар 0% 20% ___________________________________________________________________________
52. Бағалы қағаздың корпоративтік эмитентінiң ең аз ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi - АА-/Аа3. Ақша рыногының корпоративтiк бағалы қағаздарының ең аз қысқа мерзiмдi кредиттiк рейтингi - А1+ /Р1. Портфельдің ең көбi 2%-i АА- ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Портфельдiң ең көбi 4%-i АА ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар корпоративтiк бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкiн. Портфельдiң ең көбi 7%-i АА+ ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Жылжымайтын мүлiк (MBS) немесе активтер (ABS) кепiлге берiлген бағалы қағаздарының ААА - Standard & Poors немесе Ааа -
Moody's кредиттiк рейтингтерi болуы тиiс. 53. Портфельдiң кемiнде 5%-i мемлекеттiк бағалы қағаздарды, агенттiктердiң және ХВҚ-ның бағалы қағаздарын қоспағанда бiр эмитенттiң бағалы қағаздарына және портфельдiң кемiнде 2%-i жеке эмиссияға инвестициялануы мүмкiн. Бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының 5%-нен астамын иеленуге рұқсат етiлмейдi. 3. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелiнiң өлшемдерi 54. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелi үшiн МSСI World Index excluding Energy индексi эталон портфелi болып саналады. 55. Жинақ портфелiнiң акциялар портфелiнің (бұдан әрi - акциялар портфелi) активтерi акциялар портфелiнiң эталон портфелiне енгiзiлген жай және артықшылық берiлген акцияларына ғана инвестициялануы мүмкiн. 56. Акциялар портфелiнің кемiнде 80%-iн инвестициялау Қор активтерiн сыртқы басқарушылардың көмегiмен жүзеге асырылуы тиiс. 57. Активтiк басқарудағы акциялар портфелiнiң үлесi 30%-тен, пассивтiк (индекстiк) басқарудағы үлесi кемiнде 70%-тен аспауы тиiс. 58. Бiр компанияның дауыс беру құқығы бар акциялардың 3%-нен астамын иеленуге рұқсат етiлмейдi. 6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезiндегi шектеулер
59. Сыртқы басқарушыларды таңдаудағы негiзгi өлшемдер басқарудағы клиенттер активтерiнiң мөлшерi, жұмыс тәжiрибесi, портфельдiк менеджерлер мен талдаушылардың кәсiбилігі, кадрлардың ең аз тұрақтамауы, аймақтарда портфельдiк басқарушылардың және талдаушылардың болуы, тұрақты қаржы жағдайы, басқару процесiн автоматтандырудың жоғары деңгейi, тәуекелдердi басқарудың сенiмдi жүйесiнің болуы, тұрақты тарихы және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың оң тәжiрибесi болып табылады.
60. Сыртқы басқарушы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) басқаруында клиенттердiң баламасы 100 миллиард АҚШ долларынан кем емес жиынтық активтерi, оның iшiнде Қор активтерiн инвестициялау болжанып отырған - баламасы 1 миллиард АҚШ долларынан кем емес қаржы құралдарының болуы;
2) әрбiр шарт бойынша ең төменгi мөлшерi 100 миллион АҚШ долларына балама активтерi бар кем дегенде әр түрлi үш клиенттiң үш шарты иелігінде болуы;
3) кем дегенде 5 жыл Қор активтерiн инвестициялау болжанып отырған
қаржы құралдарымен жұмыс тәжiрибесi және оның осы кезең iшiнде басқаруының оң нәтижелерi болуы тиiс. 61. Сыртқы басқарушы күн сайын Ұлттық Банкке және кастодианға есеп берiп отырған күнгi Нью-Йорк уақыты бойынша 20:00-ге дейiн жасалған мәмiлелер туралы толық ақпарат бередi. 62. Қордың бiр сыртқы басқарушыға беретiн активтерiнiң рыноктық құны 150 миллион АҚШ долларынан аспауы тиiс. 63. Ұлттық Банк сыртқы басқарушыны хабардар еткеннен кейiн сыртқы басқарушымен жасасқан шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға немесе сыртқы басқарудағы активтердiң бiр бөлiгiн алуға құқылы. Бұл сыртқы басқарушымен жасасқан шартта көзделген болуы тиiс. 7-тарау. Кастодиандарды таңдау кезiндегi шектеулер 64. Кастодианның ең төменгi кредиттiк рейтингi - АА-\Аа3. 65. Бiр кастодианның сақтауында ең төменгi сомасы 1 триллион АҚШ долларына балама болатын клиенттердiң активi болуы тиiс. 66. Кастодиан Ұлттық Банкке нақты уақыт режимiндегi активтер мониторингiне арналған жүйенi және осы Ережемен Қор активтерi көрсеткіштерiнiң сәйкестiгін тексерудi ұсынады. 67. Қордың бiр кастодианға беретiн активтерiнiң рыноктық құны баламасы 2 миллиард долларынан аспауы тиiс. 68. Ұлттық Банктiң есепшотындағы Қор ақшасының мөлшерi бiр кастодианда баламасы 50 миллион АҚШ долларынан аспауы тиiс. Осы шектен асқан жағдайда, осы тәртiп бұзушылық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жойылуы тиiс. 8-тарау. Құрылымдық өнiмдердi пайдалану 69. Құрылыидылық өнiмдер тәуекелдердi хеджерлеуге ғана пайдаланылуы мүмкiн. 70. АА-\Аа3-тен кем емес кредиттiк рейтингi бар компаниялар құрылымдық өнiмдердiң эмитенттерi бола алады. 71. Егер құрылық өнiмнің рыноктық құнын бағалауға мүмкiндiк бар болған жағдайда немесе эмитент құрылымдық өнiмнiң рыноктық құнын бағалау моделiн берген жағдайда құрылымдық өнiмдi сатып алуға рұқсат етiледi. Құрылымдық өнiмнiң эмитентi соңғы 2 жылдағы құрылымдық өнiмнiң рыноктық құны жөнiндегi күнделiктi деректердi беруге мiндеттi. 72. Егер осы өнiмдi эмитентке кез-келген уақытта рыноктық құны бойынша сатуға мүмкiндiк болған жағдайда, құрылымдық өнiмдi сатып алуға рұқсат берiледi. 9-тарау. Есеп беру
73. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткен Қордың сенiмдi басқаруымен жүзеге асырылған инвестициялық операциялардың нәтижесi жөнiндегi мына есептердi кезең-кезеңмен берiп отырады:
Тоқсан сайын:
N 1 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру тоқсанының аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыныптар және валюта түрлерi бойынша бөлудi";
N 2 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру тоқсанының аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры портфелiнiң құрамын";
N 3 қосымшаға сай нысан бойынша есеп беру кезеңiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiмен жасалған мәмiлелер жөнiндегi есептi;
N 4 қосымшаға сай нысандағы "Есеп беру кезеңiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелiн басқару нәтижелерiне талдау жасауды".
Жыл сайын:
1) тиiстi рыноктар жағдайы бойынша жазбаша есептi және олардың портфельге әсерiн, экономикалық шолуды;
2) стратегияға шолуды және портфель құрылымындағы ең маңызды өзгерiстерге түсiндiрменi, инвестициялаудың ағымдағы стратегиясын ұсынады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсе отырып басқа есептердi және Қорды сенiмдi басқару кезiнде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi жөніндегі есепке түсіндірмелер ұсынады.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 ж. 20 маусымның N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сыныптар және валюта түрлерi бойынша бөлу _____________________ (күні) ___________________________________________________________________________ Тұрақтандыру портфелі | Жинақ портфелі ______________________________________________________|____________________ АҚШ долларында| % |АҚШ долларында | % рыноктық құны | |рыноктық құны | ___________________________________________________________________________ Акциялар - 0,00 USD EUR GBP .... ___________________________________________________________________________ Акциялардың барлығы - 0,00 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Облигациялар МБҚ USD EUR GBP ... ___________________________________________________________________________ МБҚ барлығы ___________________________________________________________________________ ХҚҰ USD EUR GBP ... ХҚҰ барлығы ___________________________________________________________________________ Агенттiк USD EUR GBP ... Агенттiктiң барлығы ___________________________________________________________________________ Корпоративтiк облигациялар USD EUR GBP ... Корпоративтің барлығы ___________________________________________________________________________ MBS ABS USD EUR GBP ... МВS, АВS барлығы ___________________________________________________________________________ Облигациялардың барлығы Туынды USD EUR GBP ... Туындының барлығы ___________________________________________________________________________ Құрылымдық өнiмдер - 0,00 USD EUR GBP ... Құрылымдық өнiмдердiң - 0,00 барлығы ___________________________________________________________________________ Ақша және оның баламасы Ақша USD EUR GBP ... Ақшаның барлығы ___________________________________________________________________________ Басқа қысқа мерзiмдi активтер USD EUR GBP ... Басқа қысқа мерзiмдi активтердiң барлығы ___________________________________________________________________________ Ақшаның және оның баламасының барлығы ___________________________________________________________________________ Барлығы ___________________________________________________________________________ Өкiлеттi өкiл
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры портфелiнiң құрамы
______________
(күнi) ___________________________________________________________________________ Құралдың түрі АҚШ долларында рыноктық құны ___________________________________________________________________________ І. Тұрақтандыру портфелі АҚШ-тың МБҚ Германияның МБҚ Депозиттер Репо ... Тұрақтандыру портфелi бойынша жиынтығы II. Жинақ портфелі 1. Кірісі белгіленген БҚ АҚШ Еуроаймақ Ұлыбритания ... 2. Акциялар АҚШ Еуроаймақ Ұлыбритания ... 3. Туынды құралдар 4. Құрылымдық өнiмдер Жинақ портфелі бойынша жиынтығы ЖИЫНТЫҒЫ: ___________________________________________________________________________ Өкілетті өкіл
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне N 3 қосымша
_______ бастап _______ дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiмен жасалған мәмiлелер жөнiндегі есеп ___________________________________________________________________________ Тұрақтандыру портфелі| Жинақ портфелі ______________________________________________________|____________________ АҚШ долларында | АҚШ долларында транзакциялар сомасы |транзакциялар сомасы ___________________________________________________________________________ Валюталар бойынша пайда/шығын Валюта Валютаның бағамын жоғарылату Валюта бойынша барлығы Валюталар бойынша пайда/шығынның барлығы Сатып алынғандар Акциялар Акциялардың барлығы Облигациялар МБҚ ХҚҰ Агенттiк Корпоративтiк облигациялар МВS, ABS Облигациялардың барлығы Туынды Туындының барлығы Құрылымдық өнімдер Құрылымдық өнiмдердiң барлығы Валюта Валютаның барлығы Сатып алынғандардың барлығы Сатылғандар Акциялар Акциялардың барлығы Облигациялар МБҚ ХҚҰ Агенттiк Корпоративтiк облигациялар МВS, ABS Облигациялардың барлығы Туынды Туындының барлығы Құрылымдық өнімдер Құрылымдық өнiмдердiң барлығы Валюта Валютаның барлығы Сатылғандардың барлығы Депозиттер Орналастырылған депозиттер Депозиттердің барлығы Репо Тiкелей репо Кері репо Репо барлығы Барлығы ___________________________________________________________________________ Өкiлеттi өкiл
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне N 4 қосымша
_______ бастап _______ дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелiн басқару нәтижелерiне талдау жасау Жинақ портфелiнiң эталон портфелi: Тұрақтандыру портфелiнің эталон портфелi: __________________________________________________________________________ | АҚШ |АҚШ долларында| Дюрациясы | Tracking |долла.| кiрiстілігі | | error |рында |______________|_____________|_____________ |рынок.| |Эталон | |Эталон | |Эталон | тық | Порт.|порт. |Порт.|порт. |Порт.|порт. | құны | фелі |фелі |фелі |фелі | фелі|фелі __________________________________________________________________________ І Тұрақтандыру портфелі ІІ Жинақ портфелі 1. Кiрісi белгiлен. ген БҚ АҚШ Еуроаймақ Ұлыбритания ... 2. Акциялар АҚШ Еуроаймақ Ұлыбритания ... Жиынтығы __________________________________________________________________________ Өкілетті өкіл Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.