Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 121 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1534

Қолданыстағы
      "Сақтандыру қызметi туралы" Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

                              ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, 
аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына 
жіберсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы





                                   Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                   Банкі Басқармасының
                                   2001 жылғы 20 сәуірдегі 
                                   N 121 қаулысымен бекітілген

        Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген      
          меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының 
        және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру 
                 (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен 
                        қызмет туралы шарттарды тiркеу
                                   ЕРЕЖЕСІ   

                            1. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) қаржылық және баланстарда көрсетiлмеген басқа да мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi уақтылы алу мен баға беру мақсатында әзiрленген, уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi тiзiлiмдерiн жүргiзу және сақтандыру ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды (бұдан әрi - бiрлескен қызмет туралы шарт) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттары мен басқа да мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қосымша мiндеттемелер туралы шарт) және бiрлескен қызмет туралы шарттарды жасау, орындау және тоқтату негiздемелерi мен талаптары заңнамамен реттеледi.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды тізілімге енгізеді немесе заңнама талаптарына сәйкес жасалған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркейдi.
      4. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды (бiрлескен қызмет туралы шарттарды), оның ішiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға тiркеу үшiн құжаттарды уақтылы ұсынбауынан енгiзбеу (тiркеу туралы деректердiң болмауы) осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылмайды.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының тiзiлiмге енгiзiлетiн немесе осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелген шарттарды орындауына жауап бермейдi.
      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы жасалған шарттардың соңғы бетiне N 1 қосымшаға сәйкес белгi қояды.
      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық филиалы сақтандыру ұйымының немесе оның филиалының орналасқан жерi бойынша қосымша мiндеттемелер туралы шартты тiзiлiмге енгiзедi және бiрлескен қызмет туралы шартты тiркейдi.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық филиалы:
      1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;
      2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының тiзiлiмiн;
      3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттарды тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi.
      8. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi осы Ереженің 7-тармағында көзделген бiрыңғай тiзiлiмдердi жүргiзедi.

                       2. Тiзiлiмге енгiзу тәртiбi

      9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күндiк мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәмiленiң жасалғаны туралы хабар беруге және тiзiлiмге енгiзу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      10. Жасалған мәмiле пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға әкеп соқтырған жағдайда немесе әкеп соқтыруы мүмкiн болған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымына қатысты заңнамада көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      11. Қосымша мiндеттемелер туралы шартты тiзiлiмге енгiзу үшiн сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) хабарлама (еркiн нысанда);
      2) қосымша мiндеттемелер туралы шарттың түпнұсқасы және оның көшiрмесi;
      3) негiзгi мiндеттеме шартының түпнұсқасы және оның көшiрмесi (аталған мәмiле негiзгi мiндеттеменiң қамтамасыз етуi болған жағдайда).
      Қажет болған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымынан ұсынылған құжаттарды қарауға байланысты қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
      12. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган тiзiлiмге енгiзу туралы белгiнi сақтандыру ұйымына қайтарылатын шарттың түпнұсқасына қояды.
      Шарттың көшiрмесi уәкiлеттi мемлекеттiк органда сақтаулы қалдырылады.
      13. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық филиалының басшысы немесе

оның орынбасары қол қойғаннан кейiн тiзiлiмге енгiзу туралы белгi қойылады 
және мөрмен расталады.
     Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық филиалы шарттарды тiзiлiмге 
енгiзудiң әрбiр жағдайы туралы шарттың көшiрмесiн жiберу арқылы 
сақтандыруды қадағалау бөлiмшесiне үш күндiк мерзiмде хабар бередi.
     14. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттар уәкiлеттi мемлекеттiк 
органның аумақтық филиалына келіп түскен күннен бастап бес күндiк мерзiмде 
тiзiлiмге енгiзiледi.
     15. Сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкi кепiл шарттарының 
тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
     1) кепiл берушi болып табылатын сақтандыру ұйымының атауы;
     2) кепiл шартының күшiне енгізiлген күнi;
     3) кепiл шартының нөмiрi;
     4) кепiлдiң мәнi;
     5) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер 
үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi кепiлмен қамтамасыз етiлсе);
     6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мөлшерi;
     7) кепiл шартының қолданылу мерзiмi;
     8) кепiл ұстаушының атауы;
     9) шарттың тiзілiмге енгізілген күні;
     10) кепiл шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.


      16. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме)

шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер 
енгiзiледi:
     1) сақтандыру ұйымының атауы;
     2) кепiлдiк (кепiлдеме) немесе басқа да мiндеттеме берiлген және оның 
күшіне енгiзiлген күні;
     3) шарттың (немесе қабылданған мiндеттемелер туралы құжаттың) нөмiрi;
     4) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер 
үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi қамтамасыз етiлсе);
     5) кепiлдiктiң (кепiлдеменiң) немесе сақтандыру ұйымындағы басқа да 
мiндеттемелердiң мөлшерi;
     6) шарттың қолданылу мерзiмi;
     7) кредитордың атауы;
     8) шарттың тiзiлiмге енгiзiлген күнi;
     9) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
     17. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосымша мiндеттемелер туралы 
шарттарда көрсетiлген ақшалай мiндеттеменiң сомасын осы сақтандыру ұйымы 
бойынша ақпараттық базада көрсетедi.
     18. Шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды тiзiлiмге енгiзу негiзгi 
шарт үшiн көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

                        3. Шарттарды тiркеу тәртiбi

     19. Бiрлескен қызмет туралы шарттар уәкiлеттi мемлекеттiк органның 
аумақтық филиалында жасалған күннен бастап 10 күн ішiнде тiркелуi тиiс. 
Сақтандыру ұйымының бiрлескен қызметi (оған өзгерiстер мен толықтырулар) 
туралы шартты тiркеу осы Ереженiң 11-14 және 18-тармақтарында көзделген 
тәртіппен жүзеге асырылады.
     20. Сақтандыру ұйымының бiрлескен қызметi туралы шарттарды тiркеу 
тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
     1) сақтандыру ұйымының атауы;
     2) шарттың тараптары;
     3) шарттың күшiне енгiзiлген күнi;
     4) шарттың нөмiрi;
     5) сақтандыру ұйымының шарт бойынша мiндеттемелерiнiң мөлшерi;
     6) шарттың қолданылу мерзiмi;
     7) уәкiлеттi мемлекеттiк органның тiркеу күнi;
     8) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.

                            4. Қорытынды ережелер

     21. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық филиалы әрбiр айдың 8-нен 
кешiктiрмей уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау 
бөлiмшесiне баланстан тыс есеп бойынша қоса берiлiп отырған нысанға (N 2 
қосымша) сәйкес қағазға шығарылған және "Х-400" электронды почта арқылы 
Есеп-ведомосiн ұсынады.
     22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен 
шешiледi.

     
     
     Төраға




                                  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының   

баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің тізілімін жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне N 1 қосымша


     Уәкілетті мемлекеттік орган "___"_________200 _ж. N____
     _______________________________________________________ шартын
                            (шарттың атауы)
     "___"__________200__ж. N_____тізілімге енгізді (тіркеді)
     _______________________________________________________________ 
                        (қажеттінің астын сызып қойыңыз)
     
     
     
     
     Уәкілетті мемлекеттік органның
     аумақтық филиалының басшысы
     (оның орынбасары)
    
     ___________________________
             (Аты-жөні)
     ___________________________
               (қолы)   
     
     "___"_____________200__ж.
     
     


                                  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының   

баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің тізілімін жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне N 2 қосымша


                       ________________200_жылы

      Тізілімге енгізілген, сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойынша    
     уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық филиалы тіркеген сақтандыру
     (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің  
     кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің  
       және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет   
                          туралы шарттар жөніндегі
                               ЕСЕП-ВЕДОМОСІ
     
__________________________________________________________________________
 N  Сақтандыру  Уәкілетті  Баланста көрсетіл.  Баланста көрсетіл.  Заемшы.
р/с (қайта      мемлекет.    меген меншікті      меген меншікті      ның
    сақтандыру) тік орган.   мүліктің кепіл,      мүліктің кепіл,    атауы
     ұйымының   ның шартты   кепілдік (кепіл.    кепілдік (кепіл.   (шарт
       атауы    тізілімге    деме) шарттары.    деме) шарттарының   тарап.
                 енгізу      ның және басқа     және басқа міндет.   тары) 
                (тіркеу)    міндеттемелердің     темелердің және
                күні мен    бірлескен қызмет    бірлескен қызмет 
                 номері     туралы шарттардың   туралы шарттардың
                           жасалған (берілген)  қолданылу мерзімі. 
                             күні мен номері       нің аяқталуы 
__________________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жиынтығы:


       Таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________ 
Заемшы    Креди.   Кепілдік.  Кепілдік.  Кепілдік    Шартқа   Пайдаланған  
Банкінің  тордың   тің және   тің және   беру (және   өзге.   кепілдіктің
атауы     атауы     басқа      басқа      басқа      рістер   (және басқа
(шарт              міндетте.  міндетте.  міндетте.   енгізу   міндеттеме.
тарап.             мелердің   мелердің   мелердің)  жөніндегі   лердің)   
тары)              теңгемен    шетел     валютасы    белгі      сомасы  
                    сомасы    валютасы                      
                                мен       
                              сомасы
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________    
 
Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының басшысы (оның орынбасары) ____________ (қолы)
     
Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының бас бухгалтері ____________ (қолы)     
        
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.