Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн, ол және осы қаулы 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
N 120 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру,
актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып
алу және актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ереже
Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызметтi (бұдан әрi - актуарийлiк қызмет) жүзеге асыру талаптарын, актуарийлiк қызметтi жүргiзуге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу негiздерi мен тәртiбiн, сондай-ақ актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктерін белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
2. Актуарийлiк қызмет Заңға, уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне және актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерiне (стандарттарына) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында актуарийлiк қызметтi жүргiзуге лицензия (бұдан әрi - лицензия) беру уәкiлеттiгi бар бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
4. Лицензия иелiктен алынбайтын, яғни лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
7. Актуарийлiк қызметтiң мiндетi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiн экономикалық-математикалық есептеудi жүзеге асыру болып табылады.
Актуарийдiң қызметiне мынадай қызметтер көрсету кiредi:
1) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi мен көздерi жөнiнде консультациялар мен нұсқамалар;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға байланысты мәселелер бойынша қызметтер;
3) сақтандыру тарифтерiн есептеу методологиясы мен экономикалық негiздемелер әзiрлеу;
4) заңнамада қабылданған сақтандыруды жiктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру ережелерiнде көрсетiлген сақтандыруды жүзеге асыру жөнiндегi талаптарды экономикалық негiздеудi бағалау;
6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн заемдар мөлшерiн айқындау;
7) актуарийлiк есептеулер мәселелерi бойынша консультациялық қызмет көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржы рыногындағы өзге де қызметтер.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қабылданған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі үшін актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервi мiндеттi түрде болуы тиiс.
9. Актуарийлiк есептеулердi мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:
міндетті - есепті жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бірінші жарты жылдықта, сондай-ақ
Заң
талаптарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда есепті жылда жүзеге асырылатын;
бастамамен - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын;
2) сақтандыру саласына (сыныбына) жатқызылуына байланысты және қайта сақтандыру бойынша - "өмiрдi сақтандыру" саласы немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша, қайта сақтандыру немесе Заңмен белгiленген жiктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын;
3) жасалу мақсаты бойынша:
есептi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп беру кезеңi iшiнде жасалған және есеп беру кезеңiнiң аяғында жарамды болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп берiлетiн күнi жүзеге асырылатын;
жоспарлы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәжiрибесiне уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды (қайта сақтандыруды) енгiзу кезiнде;
кейiнгi - бұрын жүргiзiлген актуарийлiк есептеулердi түзету мақсатында;
4) қолданылу масштабы бойынша:
жалпы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалануға есептелген
аймақтық - Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары мен аймақтары үшін жасалған;
жеке - жекелеген сақтанушының немесе сақтанушылар тобының (заңды және/немесе жеке тұлғалар) деректерi бойынша орындалған.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінiң мөлшерiн актуарийлiк бағалау толық болуына және объективтiлiк принциптерiне негiзделедi және актуарий қорытындысы нысанында ресiмделедi.
Актуарий мiндеттi немесе бастамалық актуарийлiк есептеулер шегiнде жүргiзiлген сақтандыру резервтерiнiң талап етiлетiн мөлшерiн бағалауға байланысты жасаған актуарийлiк қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде орындауы қажет.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы толық және объективтi түрде актуарийлiк қорытынды жасау үшiн актуарийге өзiнде бар құжаттарды (деректердi) және олар қосымша сұратқан негiзгi сақтандыру қызметiне қатысты, актуарийге актуарийлiк есептемелер жасау қажеттi деректердi ұсынады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негiзгi қызметiне актуарийлiк бағалауды өткiзу нәтижелерi бойынша жасалған актуарийлiк қорытындыда:
актуарийлiк есеп айырысуларды модельдеу мен жүзеге асыру әдiстемесiнiң, прициптерiнiң сипаттамасы;
актуарийлiк есеп айырысуларда қолданылған статистикалық және өзге де деректер;
қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу журналының көшiрмесi;
есептi кезеңде жарияланған шығындарды есепке алу журналының көшiрмесi;
қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын, оның iшiнде сақтандырудың ерiктi және мiндеттi нысандары бойынша жеке есептi кезеңде жарияланған шығындардың жалпы мөлшерi;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдiң болуы немесе болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекел болған жағдайда қажеттi қосымша резервтердiң мөлшерiн көрсету қажет;
өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын өлiм-жiтiм кестесi (қалыптасу көзi, құру әдiстемесi) жөнiндегi қорытынды;
тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектiң сипаты; актуарийдiң қарауы бойынша актуарийлiк қорытындыға енгiзiлуге жататын өзге де материалдар болуы тиiс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
13. Актуарийлiк қорытынды кемiнде үш дана етiп N 1 Қосымшаға сәйкес үлгi нысанға сәйкес ресiмделедi және актуарийдің өзi қол қояды.
Актуарийлiк қорытындының бiр данасы актуарийде сақталады, бiр данасы уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi (мiндеттi актуарийлiк қорытынды жасалғанда), ал қалғаны - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқаруына берiледi.
14. Актуарий:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiмен және актуарийлiк есептеулер жүргiзу не актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңнамада рұқсат етiлген өзге де қызмет түрлерiн көрсету үшiн пайдалану (зерделеу) қажет болатын өзге де құжаттарымен танысуға;
2) мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға актуарийлiк қорытынды әзiрлеу (басқа да қызмет көрсету) үшiн қажеттi мәлiметтер мен мәселелер бойынша құжаттар беру туралы ресми сұраныс жiберуге;
3) тиiстi шарттар (келiсiмдер) жасауға және басқа актуарийлерге немесе мамандарға жасалатын актуарийлiк қорытынды шеңберiнде жекелеген мәселелердi зерттеу мен талдауды тапсыруға құқылы.
15. Актуарий:
1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына актуарийлiк есептеулердi жүзеге асыруға, актуарийлiк қорытынды жасауға және/немесе өзге де қызметтер көрсетуге тиiстi шарт жасасу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды беруге;
2) актуарийлiк қорытындыны және қажеттi актуарийлiк есептеу нәтижелерiн, пайдаланылған әдiстемелер мен актуарийлiк рұқсат берулерге сипаттамаларды, тиiстi негiзделген деректердi және басқа да қолда бар материалдарды қоса бере отырып басқа ресми құжаттарды жасауға;
3) олар жасайтын шарттардың (келiсiмдердiң), жасалатын актуарийлiк қорытындының және өз қызметi туралы басқа да деректердiң есебiн уақтылы әрi толық жүргiзуге;
4) уәкiлеттi мемлекеттiк органға актуарийлiк есептеулердiң нәтижелерiн, олардың сипаттамаларын және қолда бар растау құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлер туралы кейiнге қалдырмай жазбаша нысанда хабарлауға;
5) уәкiлеттi мемлекеттiк органға әзiрленген актуарийлiк қорытындылардың саны мен түрлерi (өзге де қызмет түрлерi), олар бойынша шағым талаптардың бар екендiгi туралы әрбiр жарты жылдық қорытынды бойынша ақпарат беруге;
6) актуарийлiк қызметке байланысты барлық құжаттарды кемiнде бес жыл сақтауға;
7) сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияны сақтауға мiндеттi.
16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийден олар жасаған актуарийлiк қорытындыға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.
17. Сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша сақтандыру резервтерiнiң актуарийлiк есептеулерiн жүзеге асырудың жалпы методологиясы мен әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады және реттеледi.
18. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға лицензия алу үшiн мыналар өтiнiш беруге құқылы:
1) жоғары бiлiмi және осы Ереженiң 19-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген бағдарлама бойынша оқуға қатысқан жеке тұлға;
2) актуарий деген мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесі бар актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға.
Ескерту. 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320
қаулысымен
.
19. Лицензия алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) лицензия алуға кандидаттың N 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнамасы;
3) жеке басы куәлiгінiң (төлқұжатының) көшiрмесi;
4) жоғары бiлiм туралы дипломның нотариат куәландырған көшiрмесi;
5)
<*>
;
6) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) лицензия алуға кандидаттың актуарийлерді оқытудың актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - ең төменгi бағдарлама) оқуға қатысқанын және тиiстi емтихандарды сәттi тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері N 5 қосымшада көрсетiлгендер тiзбесiне сәйкес (осы Ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн).
N 5 қосымшада көзделген ең төменгi бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың Қазақстан Республикасында актуарийлердi оқытуға құқығы бар;
8) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына (қоғамына немесе өзге де бірлестікке) мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі ретінде мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін);
9) тиiстi актуарийлер қауымдастығының (қоғам немесе өзге де бiрлестiктiң) ұсыным хаты (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн).
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
,
2004 жылғы 27 қарашадағы N 320
қаулысымен
.
20. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар жинағының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес түскен күнi лицензия беруге арналған құжаттарды ұсыну күнi болып есептеледi.
21. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк ұйымдардан шығатын құжаттар нотариат куәландыра отырып мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне аударылуы және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң заңдастырылуы тиiс.
22. Лицензия алуға кандидат өздерi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң шынайы және толық болуына жауап бередi.
23. Лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап он күннiң iшiнде қарауы тиiс.
25. Лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
1) егер лицензия алуға кандидат осы Ереженiң 17-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер осы Ереженiң 18-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса;
3) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;
4) егер лицензия алуға кандидат уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясынан (бұдан әрi - бiлiктiлiк комиссиясы) оң қорытынды алмаса.
26. Бiлiктiлiк комиссиясы мына негiздер бойынша лицензия алуға талапкер тұлғаның кандидатурасы бойынша терiс қорытынды беруге құқылы:
1) актуарийлiк қызмет негiздерi туралы жеткiлiктi бiлiмi болмаса;
2) сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселелерi бойынша жеткiлiктi бiлiмi болмаса;
3) халықаралық принциптер мен сақтандыруды қадағалауды ұйымдастыру және актуарийлiк қызмет стандарттары туралы жеткiлiктi бiлiмi болмаса.
27. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздерiн көрсете отырып лицензия беруден бас тарту туралы хабарлайды.
28. <*>
Ескерту. 28-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
29. Актуарий лицензияны жоғалтқан жағдайда көшiрме алуға құқығы бар. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның көшiрмесін бередi.
30. Актуарий аты-жөнi өзгерген жағдайда бiр айлық мерзiмде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
31. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және лицензияның көшiрмесiн беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төлейдi.
4. Лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу
33. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешiмдi Заңда көзделген негiздер бойынша қабылдайды.
34. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде оның қолданылуын тоқтату мерзiмi және Заңда көзделген негiздеме көрсетiлуi тиiс.
35. Осындай шешiм актуарийге жiберiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылған деп саналады.
37. Заңнаманы бұзу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған өзге де жағдайлар жойылғаннан кейiн актуарий заңдардың бұзылуын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылған өзге талаптарды жою фактісін растайтын құжаттарды қажет болғанда қоса бере отырып лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не лицензияның қолданылуын тоқтатуға белгiленген мерзiм бiткенге дейiн оның қолданылуын жаңарту туралы өтініш беруге құқылы.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
38. Актуарий лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған жөнсiздiктер немесе өзге де жағдайлардың жойылғанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi өз қорытындысын әзiрлейдi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган соның негiзiнде лицензияның қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
39. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензияны тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын жаңарту туралы өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
40. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны қайтарып алуы туралы шешiмiнде оны қайтарып алу негiзi көрсетiлуi тиiс.
41. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның актуарийдiң лицензиясын қайтарып алу туралы шешiмi мұндай шешiмдi актуарийге жiберген не баспа бетiнде жариялаған күннен бастап күшiне енедi. Лицензияны қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
42-1. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне оның құрамына кiрмейтiн, актуарийлiк қызмет саласында тиiстi бiлiмдерi мен дағдылары бар тұлғалар консультанттар ретiнде шақырылуы мүмкiн.
Ескерту. 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
43. Бiлiктiлiк комиссиясы бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiнде әңгiмелесу нысанында лицензия алуға кандидаттың, сондай-ақ актуарий осы Ережеде көзделген тәртiппен әр екi жыл сайын өткiзiлетiн бiлiктiлiк емтиханын тапсырған кезде бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарға сәйкес болуын тексередi.
Біліктілік комиссиясы лицензияны алуға ниеттенген кандидаттың (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін) білім деңгейі мен біліктілігінің оны біліктілік комиссиясының отырысына шақырмастан қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы шешімді қабылдай алады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
,
2004 жылғы 27 қарашадағы N 320
қаулысымен
.
44-45. <*>
Ескерту. 44-45-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38
қаулысымен
.
Ескерту. 5-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
45-1. Актуарий лицензия берiлген күннен бастап әр екi жыл сайын осы Ереженiң 5-қосымшасына сай ең төменгi бағдарламаға сәйкес қажеттi бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгiнiң бар екенiн растайтын бiлiктiлiк емтиханын тапсырады.
Бiлiктiлiк емтиханына тестiлеуден өту және Бiлiктiлiк комиссиясымен әңгiмелесу жатады.
45-2. Актуарий лицензияны алған не бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен сәттен бастап екi жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн екi ай iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы Ереженiң 7-қосымшасына сай нысан бойынша өтiнiшпен хабарласады.
Актуарийдiң өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның көшiрмесi;
3) бұрынғы бiлiктiлiк емтиханының тапсырылғаны туралы мәлiметтер;
4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету шарттарының көшiрмелерi, актуарийлiк қорытындылардың көшiрмелерi) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi ақпарат.
5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
6) ол мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының актуарийдің соңғы екі жыл ішінде заңдарды бұзуының және санкциялардың болмауы жөніндегі хаты.
5) және 6) тармақшалардың талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.
Актуарий көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарласпаған жағдайда актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған деп саналады.
Ескерту. 45-2-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320
қаулысымен
.
45-3. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзу сәтiне лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған актуарийге, актуарий лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бұрынғы бiлiктiлiк емтиханын тапсырмауы нәтижесiнде тоқтата тұрылған жағдайды қоспағанда, бiлiктiлiк емтиханынан өтуге рұқсат берiлмейдi.
45-4. Тестiлеу компьютерлiк және/немесе жазбаша сұрау салу нысанында, актуарий өтiнiш келiп түскен сәттен бастан жиырма күннен кешiктiрмей тест сұрақтарына берiлiп отырған жауаптың бiреуiн таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Тест сұрақтары жауаптардың бес нұсқасынан кем болмауы тиiс әрi олардың бiреуi дұрыс болып табылады.
45-5. Актуарийдi тестiлеу осы Ереженiң 5-қосымшасына сай актуарийлердi оқытудың ең төменгi бағдарламасында көзделген тақырыптар бойынша өткiзiледi.
45-6. Актуарий осы Ереженiң 19-тармағы 7)-тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген ұйымдарда тестiлеуден өте алады. Мұндайда, актуарий уәкiлеттi мемлекеттiк органға тестiлеу қорытындылары көрсетiлген, аталған орган берген тестiлеуден өтуiн куәландыратын құжатты ұсынады.
45-7. Егер актуарий тестiлеу қорытындысы бойынша тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемiнде алпыс және одан астам процентiн жинаса, оған Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне әңгiмелесуден өту үшiн жол берiледi.
Өткiзiлген әңгiмелесу және тестiлеу қорытындысы бойынша Бiлiктiлiк комиссиясы актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешiм қабылдайды.
Біліктілік комиссиясы актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешімді олар осы Ереженің 45-2-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда әңгімелесуді және тестілеуді өткізбестен қабылдай алады.
Ескерту. 45-7-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320
қаулысымен
.
45-8. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған жағдайда ол бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн, бiрақ бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде үш реттен астам емес құжаттарды қайта ұсынады.
45-9. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын қайта тапсырмаған жағдайда (күнтiзбелiк жыл iшiнде қатарынан екi рет) лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын сәттi тапсырғанын растайтын құжат тапсырылғанға дейiнгi мерзiмге тоқтатылады.
46. Уәкілетті мемлекеттік органның немесе оның біліктілік комиссиясының шешіміне лицензия алуға кандидат, актуарий шешім қабылдағаннан кейін он күндік мерзім ішінде уәкілетті мемлекеттік органның жоғары органына не сотқа шағым жасауына болады.
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы және
қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу
мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті
органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері
туралы туралы ережеге
N 1
қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
Актуарийлік қорытындының
үлгі нысаны
Актуарийлік қорытынды
1. Сақтандыру ұйымы туралы деректер:
1) Толық атауы:_____________________________________________________
2) Мекен-жайы және банктік деректемелері:___________________________
____________________________________________________________________
3) Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі:________________
____________________________________________________________________ (номері және берген күні)
4) Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензия:_____
____________________________________________________________________ (номері және берген күні)
2. Актуарий туралы деректер:
1) Аты-жөні:________________________________________________________
2) Тұрғылықты жері (мекен-жайы):____________________________________
3) Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүргізуге берілген
лицензия:
____________________________________________________________________ (нөмері және берген күні):
3. Актуарийлік қорытындының түрі:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша- __________________________________
2) сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша - ____________________________
____________________________________________________________________
3) жасау мақсаты бойынша -__________________________________________
4) қолданылу масштабы бойынша -_____________________________________
4. Актуарийлік есептерді әзірлеу негізі____________________________
____________________________________________________________________
(шарт, шарттың номері және жасалған күні)
5. Актуарийлік зерттеудің мәні (белгіленген міндеттердің тізбесі)
____________________________________________________________________
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары берген құжаттардың
(деректердің) тізбесі_______________________________________________
____________________________________________________________________
7. Актуарий қолданған басқа материалдар мен деректер (олардың
көздері және/немесе алынған орны)___________________________________
8. Актуарий қолданған есептеулер әдісі______________________________
9. Алынған нәтижелер мен қорытындылар______________________________
10. Ұсыныстар (болған жағдайда)_____________________________________
11. Актуарийлік қорытындыны әзірлеу мерзімі және жасау орны_________
____________________________________________________________________
12. Қолы, күні және дана саны_______________________________________
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
асыру актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы
және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
уәкілетті органның біліктілік комиссиясының
өкілеттіктері туралы ережеге
N 2 қосымша
Ескерту: 2-қосымшаның мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан мәтіннің орысшасын қараңыз.
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
асыру актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы
және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
уәкілетті органның біліктілік комиссиясының
өкілеттіктері туралы ережеге
N 3 қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру қызметiн реттеу
және қадағалау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк органның
басшысына
ӨТІНІШ
Мен,_______________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногында актуарийлiк қызмет жүргiзуге маған лицензия беру туралы мәселенi қарауыңызды сұраймын.
Мен өтiнiшке қоса берiлген құжаттар мен мәлiметтердiң нақтылығына толық жауап беремiн, сондай-ақ сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiштi қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уақтылы ұсынуға мiндеттенемін.
Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың атаулы көрсеткiшi, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ саны көрсетiлсiн).
_______________ _______________
(қолы) (күні)
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi
жүзеге асыру актуарийлерге лицензия беру,
қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және
актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
тәртібі туралы және қаржы рыногын және
қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті органның біліктілік
комиссиясының өкілеттіктері туралы туралы
ережеге N 4
қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
Актуарий лицензиясын
алатын кандидатқа
САУАЛНАМА
1. Аты-жөнi______________________________________________________
2. Туған күнi___________________________________________________
3. Туған жерi____________________________________________________
4. Азаматтығы____________________________________________________
5. Тұрғылықты жерi (толық почталық мекен-жайы, байланыс телефоны)
_________________________________________________________________
6. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы куәлiк
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тiркеу деректерi)
7. Бiлiмi:
__________________________________________________________________
Оқу орнының атауы Оқу кезеңi Алған Диплом, Оқу орнының
мамандығы серти. мекен-жайы
фикат N
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Дипломдардың және сертификаттардың нотариат куәландырған
көшірмелерін қосу керек)
8. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер:
____________________________________________________________________
Ұйымның атауы Лауазымы Жұмыс кезеңi Ұйымның мекен-жайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Қаржы саласындағы еңбек стажының жалпы ұзақтығы
____________________________________________________________________
10. Актуарийдiң бiлiктiлiк емтихандарын тапсырғаны туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________
Бiлiктiлiк емтиханын Бiлiктiлiк Бiлiктiлiк емтиханын
тапсыру күнi комиссиясының алынған тапсырғанын
қорытындысы растайтын құжат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Өтiнiш берушінің кәсiби деңгейiн сипаттайтын басқа деректер_____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________ ________________
(қолы) (күні)
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
асыру актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы
және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
уәкілетті органның комиссиясының
өкілеттіктері туралы ережеге
N 5 қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен , 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысымен .
Актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасы алты курстен тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтиханы болады.
Алғашқы екі курсы базалық және 2001 жылдың 1 маусымынан бастап міндетті болып табылады, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті.
курстардың тақырыбы және курстардың мазмұнында қосылған бөлімдердің ең төменгі тізбелеріне кіреді:
1-курс. Проценттік ставкалар теориясы және өмірді сақтандырудағы кездейсоқ процестер
1) Жай және күрделі проценттер негіздері
2) Аннуитеттер құрудың принциптері
3) Займдар және оларды өтеу кестелері
4) Борыштық бағалы қағаздар
5) Адам өмірі ұзақтылығының кестесі
6) Адам өмірін сақтандыру бойынша аннуитеттер
7) Бірнеше тұлғаның өмірін сақтандыру теориясы
8) Зейнетақылар
2-курс. Актураийлік принциптер және олардың қосымшалары
1) Адам өмірін және бір адамның денсаулығын сақтандыру
2) Адам өмірін және денсаулықты топтап сақтандыру
3) Мүгедектікті сақтандыру
4) Жалпы сақтандыру
5) Қайта сақтандыру
6) Зейнетақы
7) Әлеуметтік сақтандыру
8) Инвестициялар
3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру
1) жалпы сақтандыру принциптері
2) Сақтандыру өнімдерін жасау
3) Андеррайтинг
4) Сақтандырудағы баға белгілеу
5) Сақтандыру резервтері
6) Пайда функциялары
7) Нақтылық теориясы
8) Қайта сақтандыру және олардың түрлері
4-курс. Адам өмірін және денсаулықты сақтандыру
1) Бiр адамның өмiрiн сақтандыру
2) Сақтандыру өнiмдерi мен андеррайтингтi құру
3) Баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң әртүрлi әдiстерi
4) Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi
5) Медициналық сақтандыру
6) Баға белгiлеу және медициналық сақтандыруда сақтандыру резервтерiнiң қалыптасуы
7) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру
8) Шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу
9) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру кезiндегi сақтандыру резервтерi
5-курс. Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтiк сақтандыру
1) Зейнетақы жинақтары принциптерi
2) Зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттiк және жеке
3) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары
4) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
5) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру
6) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
7) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер
8) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау
9) Әлеуметтiк сақтандыру принциптерi
10) Әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi
11) Әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi
12) Басымдықтарға салыстырмалы талдау және әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау
6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау
1) Инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта рыноктарының құралдары және туынды құралдар
2) Тәуекел және табыстылық
3) Сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, трастық әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерi мен инвестициялары
4) Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi
5) Сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы
6) Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға талаптар
7) Сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру рыногындағы бухгалтерлiк есеп бойынша заңнама
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
асыру актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердің
біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы
және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
уәкілетті органның біліктілік комиссиясының
өкілеттіктері туралы ережеге
N 6 қосымша
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі -
сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген бланкіге басылады)
Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыруға берiлген
ЛИЦЕНЗИЯ
Лицензия N___________
__________________________________________________________берiлдi.
(актуарийдің аты-жөні)
Азаматтық _______________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның берiлген күнi - "___"____________20__жыл.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөнiндегi агенттiгiнiң
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
М.О.
Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге
лицензия беру, қолданылуын тоқтату
және қайтарып алу, актуарийлердiң
бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi
туралы және қаржы рыногын және
қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi
органның бiлiктiлiк комиссиясының
өкiлеттiктерi туралы ереженiң
7-қосымшасы
Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен .
ӨТIНIШ
Мен, _____________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi, аты)
бiлiктiлiк емтиханынан өтуге жiберуiңiздi сұраймын.
Мен өтiнiшке қоса берiлiп отырған құжаттар мен мәлiметтердiң
шынайылығына толық жауап беремiн, сондай-ақ сақтандыру қызметiн
реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға
өтiнiштi қарауға байланысты сұратылып отырған қосымша ақпарат пен
құжаттарды уақтылы беруге мiндеттенемiн.
Қосымша: (жiберiлетiн құжаттардың атауы бар тiзбесi, олардың
әрқайсысының данасы мен саны көрсетiлсiн).
____________ __________________
(қолы) (күні)