БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар берудің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аттестациялық комитеттің
төрағасы А.Қ. Құсайыновқа жүктелсін. Министрдің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы N 421 бұйрығымен бекітілген
ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер терең кәсiби бiлiмi бар, ғылыми және ғылыми-педагогтық қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген адамдарға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртiбiн белгiлейдi. Ғылыми атақтарды iзденушiлерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) анықтайды және ол талаптар мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарға қолданылады.
2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерiне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерiнiң ұсынысы бойынша ЖАК бередi.
3. Профессорлар мен доценттерге Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерiне ғылыми атақтар берiлетiн мамандықтар номенклатурасына сәйкес белгiленген мемлекеттiк үлгiдегi аттестаттар тапсырылады.
2. Ғылыми атақтар беру
4. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, профессор немесе жоғары оқу орны кафедрасының меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогтық стажы он жылдан кем емес;
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде бес ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi ЖАК ұсынған басылымдарда, жарияланған;
3) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi он баспа табақтан кем емес, оның iшiнде кем дегенде бес баспа табағы iзденушiнiң жеке үлесiн құрайтын, жарияланған оқу құралдары немесе ЖАК ғылыми дәреже берген екi шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi.
5. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмдерiнде бас, жетекшi ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтық стажы он жылдан кем емес;
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде он ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi ЖАК ұсынған басылымдарда, жарияланған;
3) ЖАК ғылыми дәреже берген екi шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi.
6. Профессор ғылыми атағы, айрықша жағдай ретiнде, бiр жылдан артық уақыт профессор қызметiнде iстейтiн және диссертация қорғағаннан кейiн, көлемi кем дегенде он баспа табақ оқу құралдарын жариялаған Қазақстан Республикасы (СССР) Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты-ғылым докторларына берiлуi мүмкiн.
7. Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүйелерiндегi және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiндегi офицерлердiң атқарып жүрген қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, айрықша жағдай ретiнде, жоғарыда көрсетiлген ведомстволарға бағынышты жоғары оқу орындарының профилi бойынша арнаулы кафедралардың (кафедралар ЖАК арнаулы тiзбесiмен анықталады) бастығы, сондай-ақ жоғары оқу орнының бастығы, оның ғылыми немесе оқу жұмыстары жөнiндегi орынбасары қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы жетi жылдан кем емес;
2) жеке өзi жазып оқулық жариялаған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген шәкiрт дайындаған;
3) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген оперативтi-тактикалық (арнайы-тактикалық) тапсырмалар әзiрлеген ғылым кандидаты-доценттерге профессор ғылыми атағы берiлуi мүмкiн.
8. Профессор ғылыми атағы өнер және сәулет өнерi саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Z952676_ Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, профессор немесе кафедра меңгерушiсi (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген, жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша оқытушылық етушi;
1) шығармашылық-педагогтық жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектерi бар;
3) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi, көлемi үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бiрлесiп, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған, бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, оқу құралы бар;
4) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
5) халықаралық конкурстың үш лауреатын (дипломантын) дайындаған қызметкерлерiне берiлуi мүмкiн.
9. Профессор ғылыми атағы ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi мен доцент ғылыми атағы бар, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы бар;
2) жаттықтырушылық-педагогтық жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
3) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi, көлемi үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бiрлесiп, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған, бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, оқу құралы бар;
4) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан бес жыл бұрын алған;
5) Азияның, Еуропаның екi чемпионын, әлем және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерiн дайындаған жаттықтырушыларға берілуi мүмкiн.
10. Доцент ғылыми атағы жоғары оқу орнының профессоры, доцентi, кафедра меңгерушiсi (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде үш ғылыми еңбегi (тезисi емес) жарияланған (депоненттелмеген);
3) көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазып, бiлiм беру процесiнде қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген бiр шәкiрт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына берiледi.
11. Доцент ғылыми атағы ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмдерiнде бас, жетекшi ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде бес ғылыми жұмысы жарияланған;
3) көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген бiр шәкiрт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына берiледi.
12. Сонымен қатар доцент ғылыми атағы өнер және сәулет өнерi саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Z952676_ Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, аға оқытушы, доцент (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) шығармашылық-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектерi бар;
3) халықаралық және республикалық конкурстың екi лауреатын (дипломантын) дайындаған;
4) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған қызметкерлерiне;
5) "Дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбегi үшiн" немесе "Еңбегi сiңген жаттықтырушы" құрметтi атағы бар;
6) жаттықтырушылық-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
7) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған;
8) Әлемдiк универсиадалардың, Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарының, Азия және Олимпиада ойындарының кем дегенде екi жүлдегерiн дайындаған жаттықтырушыларға берiлуi мүмкiн.
13. Ғылыми атақтар, осы Ережелердiң 4, 5, 7-11 тармақтарының талаптары сақталған жағдайда, 4, 5, 9, 10-тармақтарында аталған қызметтердi қоса атқарып (жылдық жүктемесi 240 сағаттан кем емес) жүргендерге берiлуi мүмкiн.
14. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң ғылыми атақтар беру туралы шешiмi жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Кеңестiң мәжiлiсi, егер оның жұмысына кеңес құрамының ең кем дегенде үштен екiсi қатысса, құқықты болып саналады. Кеңестiң ғылыми атақ беру мәселесi туралы оң шешiмi мәжiлiске қатысып отырған кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi, бiрақ тiзiмдегi кеңес құрамының кемiнде жартысы, жақтап дауыс бергенде қабылданды деп есептеледi.
Оң шешiм қабылданған жағдайда ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық)
кеңесi бiр ай мерзiм iшiнде ЖАК-қа ғылыми атақ iзденушiнiң аттестациялық iсi құжаттарының бiрiншi даналарын жiбередi. 15. Ғылыми атақ беру жөнiндегi аттестациялық iс құжаттарының рәсiмделу тәртiбiн ЖАК белгiлейдi. 16. Ғылыми атақ беру туралы аттестациялық iстің қаралу мерзiмi аттестациялық iстің ЖАК-та тiркелген күнiнен бастап профессор үшiн - 4 ай, доцент үшiн - 3 ай. Аттестациялық iстердi ұзағырақ уақыт сараптаудан өткiзудi талап ететiн ерекше жағдайларда бұл мерзiмдi ұзарту мәселесiн нақты әр iс бойынша ЖАК басшылығы шешедi. 3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды қайта аттестаттау
17. Қазақстан Республикасымен ғылыми атақтар бойынша мемлекеттiк үлгідегi бiлiктiлiк құжаттарды өзара тану туралы келiсiм жасасқан мемлекеттердiң мемлекеттiк аттестаттау органдары берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта аттестаттау жоғарыдағы келiсiмдерге сәйкес олар жұмыс iстейтiн ұйымның немесе өздерiнiң жеке өтiнiшiмен белгiленген тiзбе бойынша құжаттарын ұсынған жағдайда жүргiзiледi.
Басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң азаматтарына ғылыми атақ беру мәселесi осы Ережелердiң талаптарына сай шешiледi.
18. Қайта аттестаттауға әр түрлi мемлекеттiк емес ұйымдардың (шағын кәсiпорындардың, қоғамдық академиялардың, академияаралық комиссиялардың, т.б.) берген профессорлар мен доценттердiң аттестаттары қабылданбайды.
19. Қазақстан Республикасымен бiлiктiлiк құжаттарды өзара тану туралы келiсiм жасаспаған елдер берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа елдердiң азаматтарының аттестаттарының сәйкестiгi туралы мәселенi ЖАК жеке жағдайда халықаралық конвенцияларға сәйкес шешедi, ол туралы iзденушiге тиiстi анықтама берiледi.
4. Ғылыми атақтардан айыру
(қалпына келтiру)
20. Ғылыми атақтар жаңсақтықпен берiлген адамдарды ғылыми атақтар беру туралы шешiм қабылдаған ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң өтiнiшi негiзiнде ЖАК бұл атақтардан айыруы мүмкiн.
21. Ғылыми атақтардан айрылған адамдардың осы атақтарын ЖАК, бұрын осы ғылыми атақтардан айыру туралы өтiнiш жасаған ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестердiң өтiнiштерiнiң негiзiнде, егер бұл үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, қалпына келтiруi мүмкiн.
22. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң отырысы, егер оның жұмысына тiзiмдегi құрамның кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, құқықты болып саналады. Ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) туралы кеңестiң шешiмi, егер дауыс берудiң нәтижесiнде кеңеске қатысушылардың кем дегенде үштен екiсi, бiрақ құрам тiзiмiндегi мүшелердің жартысынан кемi емес, оны жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады.
Ерекше жағдайды ескеру қажет болған, оның iшiнде аталған кеңестер өз қызметтерiн тоқтатқан кездерде ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) жөнiндегi өтiнiш туралы мәселе ЖАК-тың тапсыруы бойынша, басқа кеңестерде қаралады.
5. Апелляцияларды қарау
23. Ғылыми атақтарды беру (айыру) мәселесi туралы төралқа
шешiмдерiне, шешiм шығарылған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, ЖАК-қа шағымдануға болады. Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн ЖАК апелляцияларды қабылдамайды. Төралқаның шешiмдерiне берiлген апелляцияларды ЖАК-тың апелляциялық комиссиясы қарайды. Апелляциялық комиссиясының қорытындыларын төралқа қарап бекiтедi. Оның шешiмiне қайта берiлген апелляция қабылданбайды. 24. Ғылыми атақ беруге ұсынылған iзденушiлердiң терiс шешiм қабылданған аттестациялық iстерi жөнiнде жаңа өтiнiш беру ЖАК тиiстi шешiм қабылдаған күннен бiр жыл өткеннен кейiн ғана мүмкiн болады. Қайталап өтiнiш беру үшiн жаңа материалдардың болуы мiндеттi шарт болып табылады. 25. Осы Ережелермен реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртiппен шешiледi. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.