Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1520

Қолданыстағы
      "Сақтандыру қызметi туралы" Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                         Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысымен бекітiлген


                Сақтандыру брокерінің қызметiн лицензиялау,
            лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу
                                  ережесi

                           1. Негізгі ережелер

      1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Z000126_ Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес әзірленген және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртiбін белгілейді.
      2. Сақтандыру брокерiнiң қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар (бұдан әрі - лицензия) заңды тұлға сақтандыру брокері болуға құқылы.
      Сақтандыру брокерінiң лицензиялық ережелерді сақтауын бақылауды уәкiлетті мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

                           2. Лицензиялау тәртiбi

      3. Лицензиат лицензия алу үшiн уәкілеттi мемлекеттік органға Заңның 37-бабында көзделген құжаттарды ұсынуға тиiс.
      4. Лицензия алуға өтініш N 1 қосымшаға сәйкес нысанда жасалады.
      5. Лицензия алуға құжаттар қабылдауды және қарауды әрбiр өтініш бойынша өз қорытындысын жасайтын уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi жүргізеді.
      6. Лицензия беру туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап екі айдың ішiнде уәкiлетті мемлекеттік орган қарауға тиіс.
      7. Өтiнiш берушiнің құрылтай құжаттарында сақтандыру брокерінің қызметі ерекше болып табылатыны және қандай да бiр басқа қызметпен қоса атқаруға болмайтыны туралы ереже болуға тиiс.
      8. Заңның 38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылады.
      9. Лицензияны N 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.
      10. Лицензия иелiктен алынбайды, яғни оны лицензиат басқа заңды және жеке тұлғаларға бере алмайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
      11. Лицензия беру (қайтарып алу) туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында - "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында" жарияланады.
      12. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзi берген (қайтарып алған) лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
      13. Лицензия жоғалған жағдайда сақтандыру брокерi оның көшiрмесiн алуға құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган он күннiң iшiнде сақтандыру брокерiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның көшiрмесiн бередi.
      14. Сақтандыру брокерi атауын, мекен-жайын өзгерткен жағдайда бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш беруге мiндеттi.
      15. Сақтандыру брокерi тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күннiң iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияны қайта ресiмдейдi.
      16. Лицензияны берген кезде, қайта ресiмдеген кезде және көшiрмесiн берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төленедi.

        3. Лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу тәртiбi

      17. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешiмдi Заңда көзделген негiздемелер бойынша қабылдайды.
      18. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтату негiздемелерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      19. Сақтандыру брокерiнiң атқару органына лицензияның қолданылуын тоқтату шешiмi жөнiнде хабарланған күннен бастап оның қолданылуы тоқтатылды деп саналады.
      20. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
      21. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықты жойғаннан кейiн сақтандыру брокерi лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмi өткенге дейiн лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не оның қолданылуын қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге құқылы.
      22. Сақтандыру брокерi лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықты жойғанына айғақ болатын құжаттар ұсынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi өз қорытындысын даярлайды, соның негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      23. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын тоқтатуға негiздеме болып табылған заң бұзушылықтың жойылғаны туралы ақпаратқа растау алу мақсатында сақтандыру брокерiнiң қызметiне инспекциялық немесе басқа да тексеру жүргiзуге құқылы.
      Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi өз қорытындысын даярлайды, оның негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      24. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы сақтандыру брокерiнiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
      25. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны қайтарып алу туралы

шешiмiнде Заңда көзделген оны қайтарып алу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
     26. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру брокерiнiң лицензиясын 
қайтарып алу туралы шешiмi оның сақтандыру брокерiнiң басқару органына 
жiберiлген немесе баспасөзде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 
Лицензияны қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте 
жарияланады.
     27. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша сақтандыру 
брокерiнiң лицензиясын қайтарып алудың Заңның 56-бабында көзделген салдары 
болады.

                         4. Қорытынды ережелер
     
     28. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен 
шешiледi.
     
     Төраға


                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 92 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау ережесiне N 1 қосымша G011520a а

                                 Қазақстан Республикасының сақтандыру

қызметiн реттеу және қадағалау бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органының басшысына _______________________________________


                              ӨТIНIШ

     ___________________________________________________________________
                  (сақтандыру брокерiнiң толық атауы)
     сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берудi 
сұрайды.
     
               Осы өтiнiштi ресiмдеуге құқық берiлген адам:
     ___________________________________________________________________   
                       (адамның аты-жөнi және
     ___________________________________________________________________   
      өкiлеттiктердi алу үшiн негiздеме болып табылатын құжатқа сiлтеме)
     ___________________________________________________________________   
          (адамның жұмыс орны, лауазымы, үйдiң толық мекен-жайы)
     
     Құрылтайшылар өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың және ақпараттың 
сенiмдiлiгiне, сондай-ақ өтiнiштi қарауға байланысты сұратылатын қосымша 
ақпарат пен құжаттардың сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау бойынша 
уәкiлеттi мемлекеттiк органға уақтылы ұсынылуына толық жауап бередi.

     Қосымша: (жiберiлетiн құжаттардың атауларын, олардың әрқайсысы 
бойынша даналардың және парақтардың санын тiзiп көрсетiңiз):
     
     ______________________________
     (құрылтайшылар атынан өтiнiштi
     беруге уәкiлеттi адамның қолы, күнi)
     
     


                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 92 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау ережесiне N 2 қосымша


                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi -

         сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi
                      уәкiлеттi мемлекеттiк орган
     
               (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
              елтаңбасы бейнеленген бланкiге басылады)
     
       Сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген
                                 ЛИЦЕНЗИЯ
     
                        Лицензия N___________

     ___________________________________________________________________   
                       (сақтандыру брокерiнiң толық атауы)
     ____________________________________________________________берiлдi.
     
     Сақтандыру брокерiнiң мекен-жайы _________________________________
     ___________________________________________________________________
     
     Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады
     
     Лицензияның қолданылу мерзiмi - "_____"_________мерзiмсiз
     
     Лицензияның берiлген күні -  "___"_________ 200__жыл.
     
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
     Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
                                                 М.О.
      
                              Алматы қаласы
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.