БҰЙЫРАМЫН:
1. Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Экономикалық талдау және қаржылық қамтамасыз ету департаментi (С.Ержанова) осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. "Рынокта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД V990773_ бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
4. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы (Ғ.Сауытов) осы бұйрықты
Агенттiктiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары С.Құрманғалиевқа жүктелсiн. Агенттік төрағасы Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ереже "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" U952335_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 P991713_ қаулысының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - монополияға қарсы орган) мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Тiзiлiм - бәсекелiк салада кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, тиiстi тауар рыногындағы үлесi жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейтiн шектi шамадан асатын рынок субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi.
3. Бәсекелiк салаға объективтi түрде технологиялық, экономикалық және әлеуметтiк себептер болғандықтан, рыноктық кеңiстiктi ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сай нысаны рынок субъектiлерiнiң еркiн бәсекесiнiң қарым-қатынастары болып табылатын рыноктар жатады.
4. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
тауар рыногы - сатып алушының тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) экономикалық, аумақтық және технологиялық сатып алу мүмкiндiгiмен айқындалатын, алмастырушысы немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлары (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жоқ тауар айналымының саласы;
бiрiн-бiрi алмастыратын тауар - сатып алушы тұтыну процесiнде функциялық тағайындалуы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа өлшемдерi бойынша оларды бiр-бiрiмен нақты алмастыра алатындай немесе алмастыруға даяр болатындай салыстыруға келетiн тауарлардың тобы;
географиялық шекаралар немесе географиялық рынок тұтынушылардың осы тауарды сатып ала алатын және осы аймақтан тыс жерде экономикалық және басқа себептер бойынша сатып алуға мүмкiндiгi жоқ аймақ;
үстем жағдай - тауар рыногындағы рынок субъектiсiнiң бәсекеге терiс әсер ететiн, басқа рынок субъектiлерiнiң тауар рыногына кiруiн қиындататын немесе басқаша түрде олардың экономикалық қызметiнiң еркiндiгiн шектейтiн ерекше жағдайы.
2. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу тәртiбi
5. Тiзiлiмдi қалыптастыру экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарын және бәсекеге қарсы iс-қимылдар, яғни басқа рынок субъектiлерiнiң еркiн бәсекеге құқықтарын бұзу жолымен бәсекенi шектеуге немесе жоюға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын қызмет байқалған тауар рыноктарын талдау негiзiнде жүргiзiледi. Сонымен бiрге үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында тауар рыногын талдауды монополияға қарсы (аумақтық) органдар осы рыноктың бiр субъектiсi бiр рет бұзған фактiсi анықталғанда, жүргiзедi.
Экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарына басқа тауар топтарына қарағанда, баға мультипликаторы болып табылатын өнiмдер мен халықтың тұрмыс деңгейiне мәндi әсер ететiн қызмет көрсетулер (көмiр, мұнай, мұнай өнiмдерi, электр және жылу энергиясы, табиғи газ, астық, нан, қант, дәрi-дәрмек, сұйытылған газ және олардың бағасын көтеруге әкелетiн қызмет көрсетулер, қатты тұрмыс қалдықтарын әкету және көму, жолаушыларды тасымалдау және басқалар) жатады.
Содан басқа, Тiзiлiмге кiргiзуге мыналар жатады:
бәсекеге қарсы iс-әрекеттер байқалған тауар рыноктарында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерi;
мемлекеттiк қызмет көрсетулердi өздерiне Үкiметтiң, орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен берiлген айрықша (эксклюзивтiк) құқыққа сәйкес монополиялық жүзеге асыратын және (немесе) қызмет көрсетулердiң белгiлi бiр түрi рыногында онда бәсеке болмағандықтан, үстем жағдайға ие мемлекеттiк кәсiпорындар.
6. Тiзiлiмге меншiк нысандарына қарамастан, әлеуметтiк мәндi тауар түрлерiнiң рыноктарындағы үлесi жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейтiн шектi шамадан асатын барлық қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғалар енгiзiледi.
7. Тауар рыногындағы рынок субъектiсi үлесiнiң шектi шамасын оның жағдайы үстем деп танылған жағдайда, жыл сайын монополияға қарсы орган белгiлейдi, бiрақ ол 35%-дан кем болмауға тиiс.
8. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан кем рынок субъектiлерi, егер үстем (монополиялық) жағдайды монополияға қарсы орган мыналардың негiзiнде белгiлесе, Тiзiлiмге енгiзiлуге жатады:
- рынок субъектiсiнiң тиiстi тауар рыногындағы үлесiнiң тұрақтылығы;
- рыноктағы бәсекелестерге тиесiлi үлестерiнiң салыстырмалы мөлшерi;
- жаңа рынок субъектiлерiнiң (бәсекелестердiң) рынокқа кiру мүмкiндiктерi.
9. Үстем (монополиялық) жағдайы мынадай талаптарға сәйкес танылған рынок субъектiлерiнiң тобы Тiзiлiмге енгiзiлуге жатады:
белгiлi бiр тауар рыногындағы екiден көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 50 және одан көп пайызды құраса;
белгiлi бiр тауар рыногындағы үштен көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 70 және одан көп пайызды құраса.
10. Өндiрiсi жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн қолданумен байланысты жаңа, тектестерi жоқ және сұранысқа ие тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзе отырып, белгiлi бiр тауар рыногына алғаш кiрген рынок субъектiлерiнiң үстем жағдайы бiр жыл бойы монополиялық деп танылмайды.
11. Рынок субъектiсiнiң үстемдiк үлесiн есептеу монополияға қарсы орган әзiрлеген, белгiлi бiр тауар түрi рыногының шекараларын айқындау тәртiбi және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi монополист деп тану туралы нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жүргiзiледi.
12. Рынок субъектiсiнiң үстемдiк үлесi субъектiнiң белгiлi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрiн республиканың, облыстың, қаланың тауар рыноктарына жеткiзiп беру немесе өткiзу көлемiнiң оны тауар рыногы шекараларынан тыс әкету көлемiн қоспағандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) белгiлi бiр түрлерi рыногының жалпы көлемiне арақатынасы ретiнде айқындалады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) белгiлi бiр түрi рыногының жалпы көлемi осы рынок субъектiлерiнiң белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) әкелу және әкету көлемдерiн ескере отырып, белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды жеткiзiп беру немесе өткiзу сомасы ретiнде айқындалады.
13. Тiзiлiмдi қалыптастыру үшiн мынадай деректер пайдаланылады:
1) рынок субъектiлерi беретiн статистикалық нысанның 1-П (жылдық) көшiрмесi;
2) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) Қазақстан Республикасына экспорт және импорт көлемдерi туралы статистикалық ақпарат;
3) монополияға қарсы (аумақтық) орган жүргiзген республиканың тауар рыноктарын талдау нәтижелерi;
4) өз қызметiн сол немесе өзге тауар рыногында жүзеге асыратын субъектiлердiң өнiмдердi жеткiзiп беруi (өткiзуi), әкелуi, әкетуi туралы ақпарат;
5) монополияға қарсы (аумақтық) органның Сараптама кеңесiнiң ұсынымы.
14. Тiзiлiм жыл қорытындылары бойынша қалыптастырылады және монополияға қарсы (аумақтық) органның бұйрығымен (Тiзiлiм нысаны 1-қосымшада келтiрiлген) бекiтiледi. Осы бұйрықпен бекiтiлген Тiзiлiмнiң қолданылу мерзiмi белгiленедi.
15. Тiзiлiмге өзгерiстер жыл iшiнде, бiрақ жылына бiр реттен көп емес әрбiр тауар тобы бойынша (бекiтiлген Тiзiлiмнiң қолданылу жылының 1-жарты жылдығы бойынша) енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер монополияға қарсы (аумақтық) органның бұйрығымен монополияға қарсы (аумақтық) органның тиiстi бөлiмшесiнiң қорытындысы негiзiнде:
1) шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) номенклатурасы өзгерген;
2) тиiстi тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерi құрылған, қайта ұйымдастырылған, таратылған;
3) бұрын жұмыс жасаған рынок субъектiлерiнiң негiзiнде жаңа шаруашылық жүргiзушi субъектілер құрылған;
4) бәсекелес ортаның жай-күйiне талдау жүргiзу барысында экономикалық және әлеуметтiк мәндi тауар рыноктарында монополияға қарсы (аумақтық) орган жыл сайын белгілейтiн шектi шамадан жоғары үлесi бар жаңа рынок субъектілерi анықталған;
5) бәсекенi шектеуге әкелетiн рынок субъектiлерiнiң iс-әрекеттерi туралы растайтын фактiлер анықталған;
6) рынок субъектiсiнiң мәртебесi өзгерген немесе оның тауар рыногындағы үлесi төмендеген жағдайларда енгiзiледi.
16. Субъектiлер Тiзiлiм бекiтiлген күннен бастап 10 күн мерзiмде олардың Тiзiлiмге енгiзiлгенi туралы (хабарлама нысаны N 2 қосымшада келтiрiлген) хабарландырылады.
17. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi монополияға қарсы органға оларды Тiзiлiмге енгiзу туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр апта мерзiм iшiнде өзiнiң келiспейтiндiгi туралы арызбен жүгiнуге құқылы. Арызда оларды Тiзiлiмнен шығаруды негiздейтiн материалдар (жеткiзiп берудiң (өткiзудiң), экспорттаудың жеке көлемдерi, бәсекелес құрылымдар, олардың жеткiзiп беру (өткiзу) көлемдерi туралы ақпарат және басқалар) болуға тиiс. Орталық уәкiлеттi орган 10 күн мерзiмде жүгiнген рынок субъектiсiн Тiзiлiмнен шығару немесе қалдыру туралы шешiм қабылдайды.
18. Бекiтiлген Тiзiлiм жыл сайын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiне қатысты
қолданылатын шаралар
19. Мемлекеттiк тiзiлiм монополистiк қызметтi ескерту және болдырмау құралы болып табылады. Монополияға қарсы (аумақтық) орган рынок субъектiсiн Тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн:
1) оның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) қосылуына, берiлуiне және сатылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) рынок субъектiсi құрылымындағы өзгерiстерге бақылау жасауды жүзеге асырады;
3) Тiзiлiмге енгiзiлген субъектiлердiң тұтынушылармен жасасқан шарттарына бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектілер басшыларының директорлар кеңесiне және бәсекелесушi құрылымдардағы қоғамды басқару органдарына қатысуын қадағалайды;
5) жоғары пайда алу үшiн баға келiсудi, бағаны кемсiтушiлiктi және монополиялық жоғары (төмен) бағаларды қолдануды болдырмау мақсатында монополиялық өнiмге қойылған бағаларды бақылауды жүзеге асыру.
20. Монополияға қарсы (аумақтық) орган Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыратын рыноктарға талдау жүргiзедi. Жүргiзілген талдау нәтижелерi бойынша бәсекенi дамыту үшін мүмкiндiктер қарайды және монополистік қызметтi болдырмау мен монополияландырылған рыноктарда бәсекенi күшейту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
21. Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер монополияға қарсы органға:
1-жарты жылдық нәтижелерi бойынша үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде, 2-жарты жылдықтың нәтижелерi бойынша келесi жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде қаржы-шаруашылық қызметi туралы есеп;
кәсiпорындардың акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және басқаруға беру туралы мәлiметтер;
өнiмнiң монополиялық түрлерi: өндiрiс көлемi, босату бағалары және өндiрiстiң кiрiстiлiгi жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi.
22. Тiзiлiмге енгiзiлген субъект 2 апта мерзiмде монополияға қарсы органға монополиялық өндiрiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалардың алдағы уақытта көтерiлуi туралы және көтеру себептерiн растайтын құжаттарды (мысалы, шикiзатты жеткiзiп беру құнын арттыру кезiнде шарттың көшiрмесiн жiберу және т.б.) тапсыра отырып, оларды көтерудiң себептерi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
23. Тiзiлiмге енгiзiлген субъектiлердiң монополияға қарсы заң Z980272_ V990793_ нормаларын бұзған фактiлерi анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Заңның 21-, 22-, 23-, 24-баптарына сәйкес монополияға қарсы ықпал ету шараларын қолданады.
24. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы (аумақтық) органның шешiмiн, нұсқамасын орындамаған жағдайда:
тәртiп бұзғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiру туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа тәртiп бұзғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн актiнi толығымен немесе iшiнара алып тастау туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа актiнi толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн шартты өзгерту немесе бұзу туралы не шартты рыноктың басқа субъектiсiмен жасасу туралы монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа шартты толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы не шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы;
монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы, монополияға қарсы (аумақтық) орган сотқа монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке өндiрiп алу туралы талап-арыз ұсынуға құқылы.
25. Аумақтық монополияға қарсы органның мiндеттi нұсқамалар сипаты бар шешiмдерiне, сондай-ақ рынок субъектiлерiне айып салу туралы шешiмдерiне орталық монополияға қарсы органда шағым жасалуы мүмкiн. Монополияға қарсы органның шешiмдерi сот органдарында заңда белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесіне N 1 қосымша
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие
рынок субъектiлерiнiң ______ жылға арналған мемлекеттiк тiзiлiмі ___________________________________________________________________________ Рет. Рынок Рынок Тауарлар. Рынок Рынок Рынок. Тізілімнің тік субъек. субъек. дың солар субъек. субъек. тың бекітілгені N тісінің тісінің бойынша тісінің тісінің геогра. (Тізілімге (субъек. (субъек. рынок (субъек. (субъек. фиялық өзгерістер тілері. тілері. субъектісі тілері. тілері. шека. мен толықты. нің) нің) заң. (субъекті. нің) нің) ралары рулар енгі. атауы ды мекен- лері) жағдайын үстемдік зілгені ту. жайы Тізілімге үстем үлесі ралы) туралы енгізіліп деп Агенттік отырған тануға бұйрығы атаулары негіздеме ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесіне N 2 қосымша
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие
рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізілгені туралы хабарлама ___________________________________________________________________________ рынок субъектісінің атауы ___________________________________________________________________________ Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) олар бойынша рынок субъектісі Тізілімге енгізілетін атауы ___________________________________________________________________________ Агенттік бұйрығының оның негізінде рынок субъектісі Тізілімге енгізілетін N және күні Тiзілімге енгiзілген шаруашылық жүргiзушi субъектілер монополияға қарсы органға:
- 1-жарты жылдық нәтижелерi бойынша үстіміздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзімде, 2-жарты жылдықтың нәтижелері бойынша келесi жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп;
- кәсіпорындардың акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және
басқаруға беру туралы мәлiметтер; - өнiмнің монополиялық түрлерi: өндiрiс көлемi, босату бағалары және өндірістің кірістілігі жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi. Тізілімге енгізілген субъект 2 апта мерзімде монополияға қарсы органға монополиялық өндiрiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалардың алдағы уақытта көтерілуі туралы және көтеру себептерін растайтын құжаттарды (мысалы, шикiзатты жеткізiп беру құнын арттыру кезінде шарттың көшiрмесiн жiберу және т.б.) тапсыра отырып, оларды көтерудiң себептерi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндетті. Агенттік төрағасы Мамандар: Икебаева А.Ж. Жұманазарова А.Б.