ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң Қазақстан Республикасына берiлген рейтингтен төмен емес ең аз талап қойылатын рейтингi болуы тиiс деп белгiленсiн.
Бұл тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен басқа мемлекеттiң банктердi қадағалайтын уәкiлеттi органы арасындағы келiсiмде басқаша көзделген жағдайларда қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылатын рейтингiн, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе банк резиденттердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгізiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, сонымен бiрге банктiң он және одан да көп акциялары бар Қазақстан Республикасының резидент банктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында еншiлес банктерi бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде осы қаулыда белгiленген ең аз талап қойылатын рейтингтiң болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 16 сәуiрдегi N 96 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының,
сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң,
Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар)
Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он
процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз
талап қойылған рейтингiн және осындай рейтингтi, сондай-ақ оффшорлық
аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама
құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық
аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң
рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылған
рейтингiн және осындай рейтингтi, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерi мыналар болып табылады: 1. Мооdу,s Investors Service 2. Standard & Poors 3. Ғitсh Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Икебаева А.Ж. Жұманазарова А.Б.