РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 270 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерi - 10 (он) миллион теңге болып белгiленсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
3. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден
өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi
бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Икебаева А.Ж.
Жұманазарова А.Б.