Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 45 толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 191 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1497.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 375 P010375_ "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету жөнiндегi шаралар туралы" және 2001 жылғы 10 сәуiрдегi N 485 P010485_ "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы" қаулыларына сәйкес
                             БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
      "10.1.257.33 Өсiмдiк шаруашылығында тұқымдық репродукторларды қолдау" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "10.1.257.34 Тұқымдық астық сатып алу бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау";
      "10.1.257.82 Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру"

деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
     "10.1.257.83 2001 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын 
жүргiзуге ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру".
     2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) 
департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     Министр
     
     Мамандар:
        Икебаева А.Ж.
        Жұманазарова А.Б.