Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттіктерi туралы ереженi бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттіктерi туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 сәуiрде тіркелді. Тіркеу N 1473

Қолданыстағы
      "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Z000126_ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      3. Осы қаулы және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 V001256_ қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 V001256_ қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г. Марченкоға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
       Төрағасы


                                            Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысымен бекiтiлген


          Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн,
          басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын
        кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және
           қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк
                         комиссиясының өкiлеттiктерi туралы
                                        ереже

      Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi, сақтандыру қызметiн реттейтiн және қадағалайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органымен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) басшы қызметке сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбiн, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының (бұдан әрi - бiлiктiлiк комиссиясы) өкiлеттiктерiн белгiлейдi.
      1. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерi (бұдан әрi - басшы қызметкер) және сақтандыру ұйымының басшы қызметiне сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидат (бұдан әрi - кандидат) Заңда белгiленген ең төменгi талаптарға сай болуы тиiс.
      2. Басшы қызметкердi және кандидатты келiсу үшiн сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы өтiнiш;
      2) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлау (тағайындау) туралы сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының шешiмi (кандидат үшiн - осындай шешiм болған жағдайда);
      3) осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ұсынылған басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер.
      3. Сақтандыру ұйымы ұсынған толық құжаттар топтамасы болуын және дұрыс ресiмделгендiгiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi тексередi.
      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар сақтандыру ұйымына қайта ресiмдеуге қайтарылады.
      Құжаттардың осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар топтамасының түскен күнi келiсуге ұсынған күн болып саналады.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi барлық қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап он күннiң iшiнде қаралатын әрбiр кандидатура жөнiнде бiлiктiлiк комиссиясына жазбаша қорытынды ұсынады.
      6. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмдi бiлiктiлiк комиссиясы қабылдайды.
      7. Бiлiктiлiк комиссиясы жетi адамнан құралады және оған уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн басшысы немесе оның орынбасары - комиссия Төрағасы басшылық етедi. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына сақтандыруды қадағалау бөлiмшесiнiң төрт қызметкерi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның бухгалтерлiк есеп және заң қызметi бөлiмшелерiнен бiр-бiрден қызметкер кiредi. Бiлiктiлiк комиссиясы мүшелерiнiң бiреуi комиссия төрағасының орынбасары болады.
      8. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
      9. Басшы қызметкердiң немесе кандидаттың кәсiби талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешкенде бiлiктiлiк комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органды немесе оның бөлiмшелерiн инспекциялық тексерген кезде алынған қосымша мәлiметтердi, сондай-ақ Заңның 34-бабының 4-тармағында көзделген мәлiметтердi зерделеуге құқылы.
      10. Бiлiктiлiк комиссиясы басшы қызметкердiң немесе кандидаттың сәйкестiгі туралы мәселенi қарайды және толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      11. Бiлiктiлiк комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, осы мәселе бойынша сақтандыру ұйымдарымен хат жазысуды қоса алғанда, оның қызметiнiң нәтижелерiн ресiмдеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi жүзеге асырады.
      12. Бiлiктiлiк комиссиясы өз мәжiлiстерiн қажетiне қарай өткiзедi және мәжiлiске оның құрамының кем дегенде 2/3 қатысса, заңды болып табылады. Шешiм мәжiлiске қатысушылардың қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең болғанда - бiлiктiлiк комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiстi оның орынбасары өткiзуге құқылы.
      Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiстерiне хаттама жүргiзу үшiн бiлiктiлiк комиссиясының құрамына кiрмейтiн хатшы қатысады.
      13. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi хаттамаға енгiзiледi. Егер бiлiктiлiк комиссиясы мүшесiнiң қаралып отырған мәселе бойынша ерекше пiкiрi болса, ол хаттамада көрсетiледi.
      14. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне шақырылған басшы қызметкер немесе кандидат келмей қалған жағдайда, оны келiсу туралы мәселе бiлiктiлiк комиссиясының келесi мәжiлiсiне қалдырылады. Екiншi рет келмеген жағдайда, бiлiктiлiк комиссиясы бұл тұлғаны келiсу туралы мәселенi сақтандыру ұйымы бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне келмеу себептерiн көрсетiп, қосымша өтiнiш жасағанға дейiн қарамай қалдыруға құқылы.
      15. Басшы қызметкерге немесе кандидатқа бiлiктiлiк комиссиясы келiсiмдi бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiнде онымен әңгiмелесу нысанында жүзеге асырылады.
      16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Заңның Z000126_ 34-бабында көзделген негiздер бойынша:
      1) басшы қызметкердiң лауазымына сәйкес емес деп тану туралы шешiм қабылдауға;
      2) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы.
      17. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi он күндiк мерзiмде сақтандыру ұйымына уәкiлеттi мемлекеттік орган қабылдаған шешiм туралы хабарлауға мiндеттi.
      18. Басшы қызметкерлердi сипаттайтын деректердi есепке алу мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлер құрамы бойынша мәлiметтер тiзбесiн жасайды.
      19. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiне сақтандыру ұйымы, басшы қызметкер немесе кандидат шешiм қабылданған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғары органына не сотқа шағым беруiне болады.
      20. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      Төраға
                                           Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы Ережеге қосымша

                                                          (фото)




     ________________________________________________________________     
               (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)        
     ________________________________________________________________
     ________________________________________ қызметiне кандидаттың
     
                                  САУАЛНАМАСЫ
     
                     Кандидаттың өмiрбаяндық деректерi
     1. Аты-жөнi ____________________________________________________
     ________________________________________________________________
     2. Туған күнi __________________________________________________
     3. Азаматтығы __________________________________________________
     4. Мекен-жайы (почта индексi көрсетiлiп, толық жазылады): ______
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________     
     5. Жеке басын куәландыратын құжаттар (нөмiрi, сериясы, берiлген 
күнi және кiм берген) _______________________________________________
     6. Телефон нөмірi (жұмыс және үй, қаланың коды) ________________
     7. Бiлiмi және жұмыс тәжірибесі:
     1) Бiлiмi туралы деректер (мамандығын жетiлдіру курсын қоса)*:
_____________________________________________________________________
Оқу орнының  Бітірген жылы   Мамандығы     Диплом.       Оқу орнының 
   атауы                                  Сертификат     тұрған жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     
     (* нотариат растауға дипломның және сертификаттың көшiрмелерi қоса 
берiлсін)
     2) Еңбек қызметi басталғаннан берi орындаған жұмысы**
     (** бөлек параққа жазылсын)
     
     3) Ғылыми қызмет туралы қосымша мәліметтер:
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     
     4) Кандидаттың мына салаларда жеткілікті бiлiмi бар ма: (иә - жоқ)
     - Қазақстан Республикасының сақтандыру заңы
     ________________________________________________________________
     - сақтандыру қызметінде бухгалтерлік есеп және есеп беру ісін жүргізу
     ________________________________________________________________
     - Қазақстан Республикасының валюталық реттеуi
     ________________________________________________________________
     - Қазақстан Республикасының салық заңы
     ________________________________________________________________
     - сақтандыру қызметін компьютерлендіру және автоматтандыру
     ________________________________________________________________
 
     5) Бiліктілігін анықтағанда анкета тапсырушы адам маңызды деп 
санайтын кез келген өзге ақпарат:
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     
     8. Кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiне 
байланысты талап ету бойынша қандай да бiр сотта жауап берушi ретiнде 
жауапқа тартылды ма? (иә; жоқ), егер жауапқа тартылған болса, мына 
төмендегi кестеде егжей-тегжейлi ақпарат берiңiз:
_____________________________________________________________________
Талапкер және!Соттың атауы!Сот iсi қаралған!Соттың шешiмi!Талап сомасы
талаптың     !            !       күн      !             !
мазмұны      !            !                !             !
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     
     9. Кандидаттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 
тәртiппен өтелмеген немесе есептен алынбаған қылмысы бар ма?

     _____________________                       __________________
        (қолы)                                   (қол қойылған күн)
     
     Мамандар:
       Икебаева А.Ж.
       Жұманазарова А.Б.