Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Z970160_
Заңының 78 бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған "Қоршаған ортаны қорғау саласында өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қағидалары" бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау, Бас Мемлекеттік инспекциясы Департаментіне (Елеушов Б.С.) жүктелсін.
Министр
_________________________________________________________________
Іске, Комитеттерге, Департаменттерге, Аумақтық облыстық басқармаларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
Министрiнің 2001 жылғы
11 наурыздағы N 50-п
бұйрығымен бекiтiлген
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Z970160_
Заңының 20 және 76-шы баптарына сәйкес кәсiпорындардың және ұйымдардың (бұдан әрi - объектiлер) қоршаған ортаға келтiретiн ықпалын анықтау, болдырмау үшiн, сондай-ақ анықталған табиғат қорғау заңдарының бұзушылықтарын жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жүргiзiледi.
2. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырудың Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) шаруашылықты iске асыратын және табиғат қорын пайдаланатын меншiк нысандарына және бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарға (соның қатарында анықталған ережемен әскери және қорғаныс объектiлер), басқа да заңды және жеке тұлғаларға жайылады.
3. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 8, 78-шi баптарына сәйкес өндiрiстiк бақылау ол туралы орталық органдармен немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттiк мемлекеттiк органдарының бекiткен кәсiпорындардың қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
6. Жоспарлы өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау объект қызметi дайындаған, шаруашылық субъектi басшысы бекiткен, қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық мемлекеттiк органымен келiсiлген тексеру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
7. Жоспардан тыс (кенеттен) өндiрiстiк бақылау, қоршаған ортаны қорғау қызметiнiң объектiнiң қоршаған ортаны қорғау белгiленген сапа нормативiн қадағалауы және экологиялық талаптардың табиғат қорғау заңдылығын, сонымен қатар iшкi табиғат қорғау нұсқауларының, шаралардың, әкiмшiлiктiң қоршаған ортаны айықтыруға бағытталған бұйрықтары мен өкiмнiң орындалуын бiлу мақсатында өткiзiледi.
8. Өндiрiстiк бақылаудың қорытындысы бойынша тиiстi өндiрiстiк Акт жазылады, ол орта буындағы қызмет адамдарына табиғат қорғау заңдылықтарындағы кемшiлiгiн жоюға ұйғарым ретiнде берiледi және шара қолдану үшiн объект бастықтары ескертiледi.
9. Қоршаған ортаға нормадан тыс ластағыш заттарды шығару байқалған жағдайда, сондай-ақ техногендiк сипатта төтенше экологиялық ахуал туғанда, объектiнiң қоршаған ортаны қорғау қызметкерi дереу басшылықты хабарландырып, жағдайды қалпына келтiруге, ал ол заңдарды белгiленген тәртiп бойынша қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiк органдары мен басқа ведомстволарға хабар бередi.
Өндiрiстiк бақылау кезiнде мынадай жағдайлар тексерiледi.
10. Жер ресурстарын қорғау мен қалдықтарды жою бойынша:
1) жер жағдайына керi әсер етушi шаруашылық және басқа қызмет түрлерiнде экологиялық талаптарды сақтау;
2) жердi ластанудан және өндiрiстiк қалдықтармен ластаудан, химиялық, биологиялық және радиоактивтiк заттардан, басқа бұзу процестерiнен қорғау;
3) қолдану, сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру және көму, химизация құралдары және биологиялық заттар, сонымен қатар қажетсiз пестицидтер мен тәртiбiн сақтау;
4) жер участоктерiнде топырақ құнарлығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi эрозиялық қарсы шараларды дер кезiнде және дұрыс жүргiзу;
5) бұзылған жерлердi, олардың өнiм беруiн және басқа да жердің пайдалы жақтарын қалпына келтiру және оларды уақытында шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ету;
6) жердiң бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу барысында, өнiм берушi құнарлы жердi алу, сақтау және пайдалану;
11. Атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық жай бойынша:
1) мүмкiн деп шектелген шашылымдардың рауалды шығарымды жобасына сәйкес, ластандырушы заттардың шашылымдарының белгiленген нормативте сақтауды инструменталдық қадағалау және шашылған ластандырушы заттардың инструменталдық өлшеуiнiң қорытындысы белгiленген нормативтерге сәйкес болуы;
3) белгiленген тәртiппен бекiтiлген шектелу рауалды шығарымды томы және ластандыру заттарды атмосфераға шашуға рұқсат болуы;
4) атмосфераға шашылуларды төмендету туралы және нормативтi мүмкiн деп шектелген рауалды шығарымды жобасына сәйкестiкке жетудi тексеру;
6) жанармай мен газда iстейтiн технологиялық қондырғылардың жұмыс орындарында жергiлiктi карта болуын;
7) атмосфераны ластандыру кезiнде тазарту қондырғылар бар болуы, егер оны өндiрiстiң технологиясы талап етсе және олардың паспорттарының бар болуы, дұрыс толтыруын;
8) қорғау заң жиынтығының талаптарын бұзатын ауаға шашылымдары бар объектiлер мен агрегаттарды пайдалануға қосу, реконструкция жасау, молайту жаңадан құрылыс жасау туралы фактiлер;
11) объектiлердiң және қоршаған орта факторларының радиоактивтiк ластануының, ескертiлуiнiң өндiрiстiк технологиялық регламенттерiн бақылау;
2) тазартқыш қондырғыларының технологияға сәйкес жұмысын, суды қайта айналып пайдалану жүйесiнiң жұмысын және жер үстi суларын алған кезде балық қорғау құрылғысының технологиялық шарттарға сәйкестiгiн;
3) төгiндi сулардың тазалау дәрежесiнiң қадағалануы және шектеулi рауалды төгiндiде белгiленген нормативтердiң қадағалануы;
4) суды алу есебiн белгiленген нысанда жүргiзу және белгiленген нысанда тастанды, төгiндi сулардың сапасын бақылау;