Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарын бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарына толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 91 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1468

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Z010173_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рақымшылық жасалған Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарын бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарына V001402_ толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарына толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарына толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                          Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 91 қаулысымен бекітілген


             Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының

       "Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға
        арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарын бекiту
        туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген
        Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас бухгалтерлiк кiтабын жасауға
            арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот жоспарына
                                 толықтырулар

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 
тамыздағы N 325 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң Бас 
бухгалтерлiк кiтабын жасауға арналған бухгалтерлiк есептiң толық есепшот 
жоспарының  

V001402_

  2-тармағына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
     1) 2200 есепшоттар тобы "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны 
жария етуi бойынша арнайы есепшоттар" 2222 000 есепшоттарының шағын 
топтарымен толықтырылсын:
2222 191        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша теңгемен арнайы есепшоттар (үй шаруашылығына);
2222 192        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша ЕАВ-мен арнайы есепшоттар (үй шаруашылығына);
2222 193        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша ВБТ-мен арнайы есепшоттар (үй шаруашылығына);
     2) 2700 есепшоттар тобы "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны 
жария етуi бойынша арнайы есепшоттар бойынша есептелген шығыстар" 2722 000 
есепшоттарының шағын топтарымен толықтырылсын:
2722 191        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар бойынша теңгемен есептелген
                шығыстар (үй шаруашылығына);
2722 192        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар ЕАВ-мен теңгемен есептелген
                шығыстар (үй шаруашылығына);
2722 193        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар бойынша ВБТ-мен есептелген
                шығыстар (үй шаруашылығына);
     3) 5200 есепшоттар тобы "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны 
жария етуi бойынша арнайы есепшоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты 
шығыстар" 5222 000 есепшоттарының шағын топтарымен толықтырылсын:
5222 191        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар бойынша теңгемен сыйақы
                төлеуге байланысты шығыстар (үй шаруашылығына);
5222 192        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар бойынша ЕАВ-мен сыйақы
                төлеуге байланысты шығыстар (үй шаруашылығына);
5222 193        Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуi
                бойынша арнайы есепшоттар бойынша ВБТ-мен сыйақы
                төлеуге байланысты шығыстар (үй шаруашылығына).
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     Мамандар:
              Икебаева Ә.Ж.
              Жұманазарова А.Б.