1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 V001120_ "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететін инвесторлармен келісім-шарт жасағанда берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды беру процесін жетілдіру туралы" бұйрығына келесі өзгертулер мен толықтыру енгізу:
1) бұйрықтың мәтініндегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікке", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікті", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікпен" сөздерін сәйкес "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетке", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетпен" сөздерімен ауыстыруды;
2) 3 қосымшаға "2002 жылға дейінгі мерзімде отандық және шетелдік
тікелей инвестиция тарту үшін маңызды өндірістер тізімі": 2 тарауына "Өңдеу өнеркәсібі" келесі жолдың мазмұнын енгізуге: "Кедей мырыш концентратынан гидрометаллургия тәсілімен металдық мырыш шығару". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді. Төраға Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.