Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрайымының 2001 жылғы 17 наурыздағы N 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу нөмірі 1431. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

     Бұйырамын:

     1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық

департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекітілген



V980489_
 

, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі

нұсқаулыққа қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.


     Төрайым


     Келісілген                           Бекітілген

     Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасы

     Қаржы бірінші вице-министрі          Қаржы министрлігі

     2001 жылғы 16.03.                    Қазынашылық комитетінің

                                          2001 жылғы 17 наурыз N 141

                                          бұйрығы


     Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа

                       өзгерiстер мен толықтырулар



 
       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтiлген V980489_ Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      32-тармақта:
      Мемлекеттiк мекемелерге арналған шығыстар сметасы орындалуының бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарында:
      VII "Есеп айырысу" бөлiмiнде:
      18 "Жұмысшылармен, қызметкерлермен және стипендиаттармен есеп айырысу" шоты 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      159-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванстың қалдығын қайтаруы теңгемен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылады, тиындармен сомада есеп беретін тұлға қайтармаған қалдық есепке соманы кейіннен беру кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шығу сәтінде немесе есепті жылдың аяғында қайтармаған, 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша ескерілетін тиындармен есеп беретін соманың қалдығы оның жалақысынан ұсталады, бұл ретте 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 160-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің есеп беретін тұлғаның алдындағы тиындармен борыш сомасы жұмыстан шығу сәтінде 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады, бұл ретте 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";
      174-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Депозитке салынған соманы қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, тиындармен төленбеген соманың қалдығы 180-қосалқы шотқа қайтарылады және жалақы төлеу кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады";
      178-тармақ 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      181-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қызметкерге жалақының тиындармен төленбеген сомасы өтпелі қалдықпен (оң немесе теріс) 180-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
      Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады";
      182-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Стипендияның оны алушыға төленбеген тиындармен сомасы өтпелі қалдықпен 181-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады. Стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың сомасы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады";
      188-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Атқару қағаздары және басқа құжаттар бойынша жалақыдан ұсталған сома мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы теңгемен қолма-қол ақшамен берілуі мүмкін. Оны алушыға төленбеген тиындармен сома өтпелі қалдықпен 187-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
      Атқару қағазының немесе басқа құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады";
      мынадай мазмұндағы 188-1-тармақпен толықтырылсын:
      "188-1. 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотында қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу себебі бойынша қызметкер жұмыстан босатылған, стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған, атқару қағазының немесе басқа да құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда төленбеген немесе артық төленген тиындардың сомалары көрсетіледі. Жалақының, стипендиялардың, атқару парағы бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомаларының төленбеген қалдығы 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша және 160, 180, 181, 187-қосалқы шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
      Жылдың аяғында соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеу арифметикалық әдісін қабылдау нәтижесінде жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша жалақының, стипендияның төленбеген сомаларының, атқару парақтары бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомалардың және артық төленген тиындар сомаларының төленбеген қалдықтары арасындағы айырмашылық түрінде пайда болған 188 қосалқы шоттың кредиті бойынша қалдық бюджетке есепке алуға жатады, бұл ретте 188 қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі, оны бюджетке аудару кезінде 173-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүзеге асырылады. 188-қосалқы шоттың дебеті бойынша қалдық келесі жылға ауысады.";
      191-3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

 

     "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 7

ақпандағы Жарлығы шыққан сәттен бастап бұрын бөлшек көлемі бар сомаларда,

яғни тиындармен тағайындалған әлеуметтік төлемдер бойынша берешек тиын

сомасына қарамастан, бір теңгеге дөңгелектеуге жатады. Бұл ретте

дөңгелектеуге байланысты есептелгенге дейінгі сомаға 200-қосалқы шоттың

дебеті бойынша және 193-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.".


     Мамандар:

       Икебаева А.Ж.

       Жұманазарова А.Б.