1. Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;
3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінің жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жариялайтын болсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 57 қаулысымен бекітілген
Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 U010549_ Жарлығына (бұдан әрі - Қазақстан Президентінің Жарлығы) және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленген.
2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау, сондай-ақ оларды қолма-қол ақша айналымынан алу жөніндегі операцияларды есепке алу тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.
3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қолма-қол тиындар - құны 2, 5, 10, 20 және 50 тиын 1993 жылғы үлгідегі металл тиындар;
2) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі - Ұлттық Банктің орталық аппаратының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
3) Ұлттық Банктің филиалдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
2-тарау. Қазақстан Республикасының ақша айналымынан
қолма-қол тиындарды алу тәртібі
4. Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалады.
5. Қазақстан Президентінің Жарлығы жарияланған күннен бастап тек қана Ұлттық Банктің филиалдары және екінші деңгейдегі банктер айырбастау, сондай-ақ Ережеде көрсетілген тәртіппен банктік есепшоттарға есептеу үшін қолма-қол тиындарды қабылдайды.
6. Екінші деңгейдегі банктер:
1) заңды және жеке тұлғаларға операциялық кассалардан қолма-қол тиындар беруді тоқтатуға;
2) клиенттерден ешқандай шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін операциялық кассаға қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) заңды және жеке тұлғалардан бір теңгеге дейінгі қолма-қол тиындарды айналымдағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне ешқандай шектеусіз қабылдауға және айырбастауға міндетті;
4) қолма-қол тиындар сомасы теңгемен айырбастау үшін жеткіліксіз болған кезде қолма-қол тиындар клиенттің банктік есепшоттарына есептелуі мүмкін. Күмәнді және төленбейтін тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады;
5) операциялық кассадағы қолма-қол тиындардың қалдығын Ұлттық Банктің филиалдарына тапсыруға міндетті.
7. Ұлттық Банктің филиалдары:
1) екінші деңгейдегі банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан қолма-қол тиындар беруді тоқтатады;
2) Ұлттық Банктің эмиссия-кассалық операцияларын жүргізу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолма-қол ақшасыз баламаны екінші деңгейдегі банктердің тиісті банктік есепшоттарына кейіннен аудару арқылы екінші деңгейдегі банктерден және Ұлттық Банкте банктік есепшоттары бар заңды тұлғалардан қолма-қол тиындарды айналым кассасына шектеусіз қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасының ақша айналымынан қолма-қол тиындарды алудың шектеу мерзімі белгіленбейді және олар ақша айналымынан толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
3-тарау. Ұлттық Банк филиалдарының ақша айналымынан
алынған қолма-қол тиындарды есепке алу тәртібі
9. Ұлттық Банктің филиалдары:
1) қолма-қол тиындар сомасын есепке алу үшін "Ақаулы (бүлінген)" 9 133 01 баланстан тыс есепшот бойынша "Металл ақшаның (тиындардың) резервтік қорлары" 9 130 01 баланстан тыс есепшотында бөлек жеке есепшоттар ашады;
2) "Эмиссиялық ораудағы" 9 131 01 және "Жарамды" 9 132 01 баланстан тыс есепшоттар бойынша бұрын "Металл ақшаның (тиындардың) резервтік қорлары" 9 130 01 баланстан тыс есепшотында есептеліп алынған қолма-қол тиындар сомасын "Ақаулы (бүлінген)" 9 133 01 баланстан тыс есепшоты бойынша жаңадан ашылған жеке есепшоттарға аударады;
3) бөлек жеке есепшотта қолма-қол ақшаның резервтік қорларындағы қолма-қол тиындарды есепке алады;
4) айналым кассасындағы қолма-қол тиындары бар толық қапшықтарды қолма-қол ақшаның резервтік қорларына есептейді және бөлек жеке есепшотта есепке алады;
5) қолма-қол тиындары бар толық емес қапшықтарды айналым кассасы қалдығының лимитінен шығара отырып "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютадағы банкноттар және металл ақша" 1 01 00 баланстық есепшоты бойынша бөлек жеке есепшоттағы айналым кассасында есепке алады.
10. Қолма-қол тиындарды айналымнан алу аяқталғаннан кейін барлық металл ақша (тиындар), оның ішінде айналым кассасындағы толық емес қапшықтар Ұлттық Банк филиалының қолма-қол ақшаның резервтік қорларының бөлек жеке есепшотына есептелуі тиіс.
11. Ұлттық Банк филиалының қолма-қол ақшаның резервтік қорларындағы және "Ақаулы (бүлінген)" 9 133 01 баланстан тыс есепшот бойынша "Металл ақшаның (тиындардың) резервтік қорлары" 9 130 01 баланстан тыс есепшотының бөлек жеке есепшотында есепке алынатын айналымнан алынған қолма-қол
тиындар бойынша аптасына кемінде бір рет баланстан тыс есепшоттың шығысы жүзеге асырылады және "Ұлттық Банктің бөлімшесі қабылдаған әр түрлі құжаттар және құндылықтар" 9 270 60 баланстан тыс есепшоты бойынша жаңадан ашылған бөлек жеке есепшотқа қолма-қол тиындары бар әрбір қапшық бойынша 1 (бір) теңге шартты бағамен көшіріледі. 4-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ақша белгілерін айналымнан алу бойынша қорытынды шығару тәртібі 12. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі жылына кемінде бір рет қолма-қол тиындарды айналымнан алу бойынша өткізілген жұмыстың нәтижелері туралы күнтізбелік жылға есеп даярлайды және оны белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады. 13. Қолма-қол тиындардың айналымнан алынуына қарай Ұлттық Банктің тиісті нормативтік құқықтық актілері негізінде Ұлттық Банк оларды жойып (балқытып) отырады. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.