"Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы № 96 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 ақпанда тіркелді. N 1400. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)
                            ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" V980707_ Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына ("Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 3(4), 7-13-бет; N 7(8), 4-5-бет; N 9(11), 12-бет; 2000 ж., N 2(3), 18-бет):
      32-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың төртiншi азатжолында белгiленген талап тұрпаты бойынша осы Қағидаларға және Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарына толық сәйкес өзiнiң функциясын орындайтын, оның iшiнде оның осы акцияларды сатып алудың және сатудың Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген әдеттегi (арнайы осы маркет-мейкер үшiн айқындалған) өлшемнен аспайтын мөлшерде жариялаған бағалары арасындағы спрэдтерді (айырмашылықтарды) қамтамасыз ететiн маркет-мейкер бар акцияларға қолданылмайды.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
     3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау 
басқармасы:
     1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар 
рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан 
қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына 
жеткiзсiн;
     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Ұлттық комиссияның мүшелері
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.