ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" V980707_ Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына ("Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 3(4), 7-13-бет; N 7(8), 4-5-бет; N 9(11), 12-бет; 2000 ж., N 2(3), 18-бет):
32-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Осы тармақтың төртiншi азатжолында белгiленген талап тұрпаты бойынша осы Қағидаларға және Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарына толық сәйкес өзiнiң функциясын орындайтын, оның iшiнде оның осы акцияларды сатып алудың және сатудың Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген әдеттегi (арнайы осы маркет-мейкер үшiн айқындалған) өлшемнен аспайтын мөлшерде жариялаған бағалары арасындағы спрэдтерді (айырмашылықтарды) қамтамасыз ететiн маркет-мейкер бар акцияларға қолданылмайды.".
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау
басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар
рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан
қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына
жеткiзсiн;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Ұлттық комиссияның мүшелері
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.