ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 13 ақпанда 460 нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын, Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" V970460_ Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 159 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ережеде (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, II том, 1998 ж., 66-703-беттер):
1) 3.1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1. Акцияларға ҰБН беру тәртiбi БҚҰК Директоратының бекiтуiне жататын жеке нұсқаулықпен белгiленедi. Басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген акциялар эмиссиясы Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген жағдайда осы акцияларға ҰБН берiлмейдi; оларда осы акциялар эмиссиясын тiркеу кезiнде берiлген бiрiздендiру нөмiрi (бiрiздендiру нөмiрлерi) сақталады.";
2) 3.2 және 3.3 тармақтары алып тасталсын;
3) 4 және 5 тараулар алып тасталсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн. 3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін. Ұлттық комиссияның Төрағасы Ұлттық комиссияның мүшелері Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.