Ембi-5 елдi мекенiн Жем деп өзгерту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 482 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi Шешім етеді:
      1. Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкiмiнiң, облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Мұғалжар ауданындағы "Ембi-5" елдi мекенi "Жем" деп өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылсын.

       Облыстық Мәслихат            Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы