Хобда ауданының Қобда ауылдық округiн құру туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 480 тіркелді

Қолданыстағы

       "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3 тармағына сәйкес жасалған Хобда ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Әкiмшiлiк орталығы Қобда ауылы Қобда ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 6783 га аумақ кiргiзiлсiн.
      2. Қайтадан құрылған Қобда ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
      3. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

       Облыстық мәслихат              Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы