Мұғалжар аудандық кейбiр селолар мен мектептердiң атауларын өзгерту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 478 тіркелді

Қолданыстағы

       "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi Шешім етеді:
      1. Мұғалжар ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Мұғалжар ауданындағы:
      Шевченко селосы Көтiбар батыр ауылы;
      Золотонош селосы Елек ауылы;
      Восток селосы Көктөбе ауылы.

      Мектеп атаулары:
      Шевченко орталау мектебi Көтiбар батыр орталау мектебi;
      Золотонош орталау мектебi Елек орталау мектебi;
      Восток орталау мектебi Көктөбе орталау мектебi болып атаулары өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылсын.

        Облыстық Мәслихат                  Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы