Қарғалы ауданының Батамша поселкелік округін құру туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 24 сәуірде N 476 тіркелген

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3 тармағына сәйкес жасалған Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi Шешім етті:
      1. Әкiмшiлiк орталығы Батамша поселкесi Батамша поселкелiк округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 1557 га аумақ кiргiзiлсiн.
      2. Қайтадан құрылған Батамша поселкелiк округiн ұстау шығыны2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
      3. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстықәкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

       Облыстық мәслихат                Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы