Кейбір селолық округтерді ірілендіріп шекараларын өзгерту және жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер құру туралы

Ақмола облыстық мәслихатының, облыс әкімінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N С-5/5 Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 19 желтоқсанда N 406 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ Заңының 11-бабына "Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің U000432_ Жарлығына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру мақсаттарында, Аршалы, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жарқайың және Целиноград аудандарының әкімдері мен мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:
      - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:

                  Аршалы ауданы бойынша:
      1. Волгодоновское селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Вологодоновка, Қойгелді, Береке, N№42 разъезд селоларының шекараларында Волгодоновское селолық округі, округ орталығы Волгодоновка селосы;
      - Вячеславка, Бабатай станциясы селоларының шекараларында Вячеславское селолық округі, округ орталығы Вячеславка селосы.

                  Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      1. Заураловское және Макенка селолық округтерінің шекаралары Қаратал селосын Заураловское селолық округының әкімшілігі қарамағынан алып, Макинка селолық округінің әкімшілігі қарамағына тапсырылсын, округ орталығы Макинка селосы.
      2. Еңбекшілдер және Уәлиханов селолық округтерінің шекаралары Терек селосын Еңбекшілдер селолық округінің әкімшілігі қарамағынан алып, Уәлиханов селолық округі әкімшілігінің қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін, округ орталығы Уәлиханов селосы.

                  Ерейментау ауданы бойынша:
      1. Павлов және Улентинское селолық округтарының шекаралары

өзгертіліп, бір әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
     - Қойтас, Ажы селоларының шекараларында, Қойтас селолық округі, округ 
орталығы Қойтас селосы. 
                  Есіл ауданы бойынша: 
     1. Бізұлық селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Бізұлық селолық округі, Бізұлық селосының шекарасында, округ 
орталығы Бізұлық селосы; 
     - Сұрған селолық округі, Сұрған селосы мен Сұрған станциясының 
шекараларында, округ орталығы Сұрған селосы. 
     2. Интернациональный селолық округі ірілендіріліп, өзгертіліп, үш 
әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын: 
     - Интернациональная селолық округі, Интернациональная селосының 
шекарасында, орталығы Интернациональная селосы; 
     - Ейское селолық округі, Ейское селосының шекарасында, орталығы 
Ейское селосы; 
     - Юбилейное селолық округі, Юбилейное селосының шекарасында, орталығы 
Юбилейное селосы; 
     3. Қаракөл селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Қаракөл селолық округі, Қаракөл селосының шекарасында, орталығы 
Қаракөл селосы; 
     - Речное селолық округі, Речное селосының шекарасында, орталығы 
Речное селосы; 
     4. Московское селолық округі ірілендіріліп, үш әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Жаныспай селолық округі, Жаныспай селосының шекарасында, орталығы 
Жаныспай селосы; 


      - Ковыльненское селолық округі, Ковыльненское селосы мен Ковыльный

станциясының шекараларында, орталығы Ковыльненское селосы; 
     - Московское селолық округі, Московское селосының шекарасында, 
орталығы Московское селосы; 
     5. Ярославское селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Раздольное селолық округі, Раздольное селосының шекарасында, 
орталығы Раздольное селосы; 
     - Ярославка селолық округі, Ярославка селосының шекарасында, орталығы 
Ярославка селосы. 
                 Жарқайың ауданы бойынша 
     1. Баранкөл селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі 
әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: 
     - Баранкөл селолық округі, Баранкөл және Бапалақ селоларының 
шекараларында, орталығы Баранкөл селосы; 
     - құмсуат селолық округі, Құмсуат селосының шекарасында, орталығы 
Құмсуат селосы. 
     2. Бірсуат селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі 
әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: 
     - Бірсуат селолық округі, Бірсуат және Балуанкөл селоларының 
шекараларында, орталығы Бірсуат селосы; 
     - Зерноградское селолық округі, Зерноградское селосының шекарасында, 
орталығы Зерноградское селосы. 
     3. Далабай селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі 
әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: 
     - Далабай селолық округі, Далабай, Ақтөбе селоларының шекарасында, 
округ орталығы Далабай селосы: 
     - Тассуат селолық округі, Тассуат селосының шекарасында, округ 
орталығы Тассуат селосы. 
     4. Нахимовский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі 
әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: 
     - Нахимовский селолық округі, Нахимовка, Обылсай селоларының 
шекараларында, округ орталығы Нахимовка селосы.
     - Львовский селолық округі, Львовское селосының шекаралында, округ 
орталығы Львовский селосы. 
     5. Пригородное селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік 
аумақтық бірлік құрылсын:
     - Пригородное селолық округі, Пригородное селосының шекарасында, 
орталығы Пригородное селосы; 
     - Гастелло селолық округі, Гастелло және Дауылбай селоларының 
шекараларында, орталығы Гастелло селосы. 
               Целиноград ауданы бойынша: 
     1. Шұбар, Қызылсуат, Малотимофеевка селолары шекараларында Шұбар 
селолық округі құрылсын:
     - округ орталығы Шұбар селосы. 


      2. Талапкер, Қоянды, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы селолар, N№96 разъезд шекараларында, Талапкер селолық округі құрылсын:
      - орталығы Талапкер селосы.
      3. Қосшы селолық округінің аумағы өзгертіліп, ол төмендегі шекарада белгіленсін:
      - Қосшы, Майбалық, Тайтөбе селолары, округ орталығы Қосшы селосы.
      4. Красноярка селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық бірлік құрылсын:
      - Жалғызқұдық, Краснояр селоларының шекараларында Красноярка селолық округі, орталығы Жалғызқұдық селосы;
      - Мәншүк Мәметова атындағы селоның шекарасында Мәншүк Мәметова

атындағы селолық округ, орталығы Мәншүк Мәметова атындағы село. 
     5. Софиевка селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Софиевка, Миновка, Апполоновка селоларының шекараларында Софиевка 
селолық округі, орталығы Софиевка селосы; 
     - Приречное және Антоновка селоларының шекараларында Приречное 
селолық округі, орталығы Приречное селосы. 
     6. Малиновка селолық округі ірілендіріліп, екі әкімшілік аумақтық 
бірлік құрылсын: 
     - Малиновка, Өтеміс селоларының шекараларында Малиновка селолық 
округі, орталығы Малиновка селосы; 
     - Ильинка, Қаражар, Жаңажол селоларының шекараларында Қараөткел 
селолық округі, орталығы Ильинка селосы. 
     Облыстың мәслихат сессиясының төрайымы 
     Облыс әкімі 
     Облыстық мәслихаттың хатшысы
     
     Оқығандар: Закиев М.М.