Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692 бұйрығы ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 2, ст.311) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 15 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1364

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлуді қамтамасыз ету, олардың қызметке дер кезінде келуін және жас мамандармен жұмысты сапалы ұйымдастыру үшін оларды мамандықтары бойынша пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. ІІББ, ІІБ және КІІБ бастықтары:
      1) осы бұйрықтың талаптарын кадр аппараттарының орындауын жеке бақылауға алсын;
      2) бітірушілерді қызметте тек мамандықтары бойынша және жоғары және орта арнайы білімі бар мамандардың орнын ауыстыруға жататын лауазымдар тізбесіне сәйкес пайдалансын;
      3) бітірушілерге күнделікті қамқорлық көрсетіп, оларға тиісті тұрмыстық жағдай жасасын, сонымен бірге олардың ішкі істер органдарындағы қызметке қалыптасуы мен бекітілуін мейлінше жеделдетуге қол жеткізіп, оларға тәлімгерлерді бекітсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бастықтары:
      1) мүдделі тараптарды қатыстыра отырып, дербес бөлу жөніндегі

комиссияның уақтылы және тиімді жұмысын қамтамасыз етсін;
     2) ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында 
жас мамандар жұмыстарының нәтижесі бойынша ІІББ, ІІБ және КІІБ 
басшылығына пәрменді екі жақты байланысты ұйымдастырсын.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі 
генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсін.
     
     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі -
     Ішкі әскерлер қолбасшысы
     генерал-лейтенант
     
     
                                                  Қазақстан Республикасы   
                                                     Ішкіісминінің
                                               2000 жылғы 12 желтоқсандағы 
                                                  N 692 бұйрығына қосымша
     
                  Қазақстан Республикасының Ішкіісмині
                 оқу орындарының бітірушілерін жеке бөлу
              және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы 
      
                              НҰСҚАУЛЫҚ
     
                         1. Жалпы ережелер 
     


      1. Жалпы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындары мен колледждері күндізгі оқыту факультеттерінің бітірушілерін ішкі істер органдарында қызмет ету үшін дербес бөлу және жіберу тәртібін, сондай-ақ жас мамандармен жұмыс ұйымдастыруды U952707_ белгілейді.
      2. Күндізгі оқытудың толық курсын аяқтаған және дипломдық жұмыс қорғаған, мемлекеттік емтихандарды тапсырған және дербес бөлу жөніндегі комиссия жұмысқа жіберген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны мен колледжінің бітірушісі (бұдан әрі - бітіруші) лауазымға тағайындау күнінен бастап үш жыл бойы жас маман деп есептеледі.
      3. Бітірушілерді дербес бөлуге әдістемелік басшылық етумен және жас мамандармен жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің Оқу орындар басқармасы жүзеге асырады.

                          2. Бітірушілерді бөлу

      4. Әдетте, бітірушілер оқуға жіберген ішкі істер органына және мекемесіне қызметке бөлінеді. Оларды басқа органдар мен мекемелерге бөлу Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің (бұдан әрі - КжТЖД) келісімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Ол туралы комиссия отырысының хаттамасында тиісті жазба жасалады.
      5. Бітірушілерді дербес бөлуді оқу орны бастығының бұйрығымен құрылған дербес бөлу жөніндегі комиссиялар олардың оқу орнын бітіруіне кемінде 4 ай уақыт қалғанда жүргізеді.
      Дербес бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия құрамына: оқу орнының бастығы, ол төрағаның орынбасары болып табылады, оқу орнының басқа да басшылары, шығарушы факультеттердің, кафедралардың бастықтары, Ішкіісминнің және жасақтаушы ішкі істер органдарының, сондай-ақ оқу орындарының қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.
      Комиссия төрағасының орынбасары комиссия жұмысының уақыты туралы мүдделі тараптарға 2 аптадан кешіктірмей хабарлайды және комиссия жұмысы кезінде іскерлік ахуал мен оның тыңғылықты болуын қамтамасыз етеді.
      6. Дербес бөлу жөніндегі комиссия:
      1) ішкі істер органдарының жас мамандарға қажеттілігін олардың тапсырысына сай қамтамасыз етеді;
      2) отырыстың хаттамасын және бітірушілерді дербес бөлу ведомосін (N 1 қосымша) жүргізеді;
      3) өз отырыстарында бітірушілердің сауалнамалық деректерімен танысады, оқу орнының оларды барынша мақсатқа сай пайдалану туралы ұсынымдарын, сондай-ақ бітірушінің өзінің болашақ жұмысы туралы жеке тілектерін талқылайды;
      4) бітірушілерге олардың алған мамандықтарын, денсаулық жағдайын, отбасы жағдайын, үлгерімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын ескере отырып, қызмет орнын, ақшалай жалақысын, тұрғын үйдің берілуін көрсетіп, тиісті лауазымдарды ұсынады және бөлуге байланысты басқа да мәселелерді қарастырады;
      5) комиссия отырысына келмеген оқу бітірушілерді бөлу туралы мәселелерді олардың сыртынан қарай береді;
      6) оқу бітірушілерді бөлу туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды, дауыстар саны тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
      7) бөлу аяқталғаннан кейінгі екі апта ішінде оқу бітірушілерді дербес бөлудің екі данадағы хаттамасы мен оның нәтижелері туралы анықтаманы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне бекітуге ұсынады;
      8) оқудың толық курсы аяқталған соң, мемлекеттік емтихандар тапсырылып, диплом берілгеннен кейін Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, оқу бітірушілерді бөлудің түпкі нәтижелері туралы есеп ұсынады.
      7. Оқу бітірушілерді дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімін өзгерту (қайта бөлу) тек Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр және тәрбие жұмысының департаментінің құзыретіне жатады.
      8. Жіберілген жерін өзгертудің негіздері:
      1) тұрғылықты жері бойынша отбасының еңбекке жарамды басқа мүшелері болмаған кезде оқу бітірушінің ата-аналарының бірінші және екінші топтағы мүгедектігі;
      2) оқу бітірушінің немесе оның отбасы мүшелерінің бөлінген жердегі климаттық жағдайда тұруына қарама-қайшылықтардың барлығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
      3) оқу бітірушілерге - екіқабат әйелдерге, оқу орындарын бітіру сәтіне 1,5 жасқа дейінгі баласы бар аналарға немесе әйелдерге (күйеуінің, әйелінің, ата-аналарының) отбасының тұрақты мекен-жайы бойынша жұмыс беріледі;
      4) заңды некеде тұрса:
      Егер жұбайлар, әртүрлі аумақтық органнан оқуға жіберіліп, оқу орнын бір мезгілде бітірсе, бір қалада немесе ауданда орналасқан ішкі істер органына жіберіледі;
      Егер жұбайлардың біреуі оқу орнын бұрын бітірсе, онда ол басқа жұбайдың келешекте жіберілетінін ескере отырып, сол ауданға (қалаға), егер кейін бітірсе - жұбайдың тағайындалатын орны бойынша жіберіледі.
      Егер жұбайлардың біреуі басқа ведомствоның оқу орнын бітірсе, онда олардың жұмыс орны сол ведомствомен шарт бойынша, сонымен бірге оқу бітірушілердің неғұрлым мақсатқа сай пайдаланылуына сүйеніп анықталады.
      5) комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін оқу бітірушілердің некеге отыруы кезінде жұбайлардың жұмыс орындары ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ арасындағы шарт бойынша ҚР Ішкіісмині Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің келісімімен 8.5-тармаққа сәйкес белгіленеді;
      6) ғылыми-зерттеу жұмыстарында қабілеттілігімен танылған жоғарғы оқу орындарының оқу бітірушілері Жоғарғы оқу орны (факультет) кеңесінің ұсынысы бойынша бөлінгеннен кейін адъюнктураға конкурстық қабылдау емтихандарына жіберілуі мүмкін; адъюнктураға түспегендер бөлінген жері бойынша қызметке жіберіледі;
      7) оқу бітіруші комиссия қорытындысымен келіспеген жағдайда он күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне келіспеушілігін дәлелдей отырып, өтініш жасауға құқылы.
      Оқу бітірушінің жеке бөлу жөніндегі комиссия шешімімен келіспеуі оны тағайындалуы бойынша жұмысқа барудан босатпайды.
      9. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині оқу орындарын бітірушілер қызметтің мүдделеріне қарай бөлінген жерлерінде қызмет өткереді.
      10. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарын бітірушілер ішкі істер органдарына жұмысқа жіберу туралы берілген ұйғарымға сәйкес бөлінген жерге уақытында келуге міндетті.
      11. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині оқу орындарының бастықтары оқу бітірушілерді бөлу жұмысы бойынша:
      1) оқу бітірушілерге осы Нұсқаулықтың талаптарын түсіндіруді ұйымдастыруға;
      2) оқу бітірушілерді дербес бөлу жөніндегі комиссия жұмысына дайындық ретінде ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ-ге оларды тағайындау үшін ұсынылатын лауазымдар жөнінде мәліметтер беру туралы сауал жіберуге;
      3) оқу бітірушілерді климаты қолайсыз жерлерге жіберген жағдайда оқу бітірушілерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық куәландыруды ұйымдастыруға;
      4) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бұйрықтарында көзделген мерзімде оқу бітірушілерді алдын-ала бөлуді жүргізуге;
      5) дербес бөлу жөніндегі комиссия отырыстарын хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ оқу бітірушілер мемлекеттік емтихандарды тапсырып болғаннан кейін олардың жеке істерін тиісті ішкі істер органдары мен мекемелеріне жіберуді қамтамасыз етуге;
      6) оқу бітірушілерге дипломдарымен бірге, бірақ оқу орнын аяқтағаннан кейін кем дегенде 5 күн ішінде тиісті құжаттарды, оның ішінде ішкі істер органдарына жұмысқа жіберу туралы ұйғарымды (куәлікті) беруді ұйымдастыруға (N 2 қосымша);
      7) Ішкіісминнің оқу орнын бітіруіне байланысты демалыс бермей, оқу бітірушіні дербес бөлінген жері бойынша ішкі істер органына жіберуге;
      8) оқу бітірушілердің бөлінген жерге уақытында жетуін қамтамасыз етуге және әзірше ол жас маман болып саналатын үш жыл ішінде Ішкіісминнің оқу орындарында кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ басшылығымен бірге олардың жұмыстарының нәтижелерін оқып-танысуды жүргізуге міндетті.
      12. Ішкі істер органдарының және мекемелерінің бастықтары қарамағына оқу бітірушілер жіберілгенде:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына қанша бос орын барын, оған орналасатын жоғары және орта арнайы білімді мамандардың лауазымдарын, олар бойынша шектелген арнайы атағын, кесімді еңбекақысын, оларға тұрғын-жай берілу мүмкіндіктерін және басқа мәліметтерді беруге;
      2) оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, оқу бітірушілердің арасында мамандарды іріктеу жөнінде дайындық жұмысын ұйымдастыруға;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарын бітірушілерді дербес бөлуде комиссияның жұмысына міндетті түрде қатысуға;
      4) оқу бітірушілерге арналған бос орындардың олар келгенге дейін сақталуын қамтамасыз етуге, жайлы тұрмыстық тұрғын-жай жағдайларын жасауға және оларды қызметінде орнығып тұруына ықпал ететін басқа да мәселелер жөнінде шаралар қабылдауға;
      5) комиссияның шешімімен дербес бөлініп өздеріне жіберілген барлық оқу бітірушілерді олардың қандай ішкі істер органдарының ұсынысымен оқуға жіберілгеніне қарамастан жұмысқа орналастыруға міндетті.

             3. Жас мамандармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру

      13. Ішкі істер органдарының және мекемелерінің бастықтары қарамағына оқу бітірушілер келгенде:
      1) жас мамандардың картотекалық есебі мен олардың бөлінген жеріне дер кезінде келуіне бақылау жасауды ұйымдастыруға (N 3 қосымша); Олар келгеннен кейін бес күннің ішінде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің КжТЖД-не және оқу орынына жазбаша растауға; жас маман бөлінген органға бір ай мерзімде келмеген жағдайда оқу орнына және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің КжТЖД-не хабарлауға;
      2) оқу бітірушілерге Ішкіісминнің оқу орнын күндізгі оқу нысаны бойынша аяқтауына байланысты олардың дербес бөлінген жері бойынша ішкі істер органдарында лауазымға тағайындалғанынан кейін еңбек демалысын беруге, демалыс уақытындағы ақшалай төлем пропорциялы өтелсін; оқу мерзімі кезінде - оқу кезеңінде берілетін ақшалай үлестен; ал лауазымға тағайындалғаннан кейін - сол тағайындалған лауазымына сәйкес ақшалай үлестен;
      3) оқу бітірушілерді лауазымға сапалы түрде енгізуді ұйымдастыруға және оларды нақтылы жағдайларда қызмет атқаруларына дайындықтарын қамтамасыз етуге, оларға тәлімгерлер бекітуге, тәлімгерінің басқа қызметке немесе бөлімге ауысуы кезінде, сонымен бірге оқу бітірушілердің ішкі істер органдарындағы қызметінде қалыптасу уақытын қысқартуға қол жеткізіп, оған басқа тәжірибелі қызметкерді қайта бекітуге;
      4) жас мамандарды лауазымға тағайындау кезінде, әдетте оларды басқару аппаратында пайдаланбауға;
      5) мерзімді, жылына кемінде бір рет оқу бітірушілердің жұмыстарының нәтижелері туралы оқу орындары мен КжТЖД-ге хабарлауға, оқу орындарында кадрлар даярлауды жетілдіру туралы ұсыныс енгізуге;
      6) оқу бітірушілермен жүйелі түрде слеттер, кездесулер, семинарлар өткізуге, қызметтегі қиындықтарды жеңуге, жаңа жағдайларға бейімделуге ұдайы көмек пен қолдау көрсетуге;
      7) жас мамандармен жұмыс істеу жөніндегі, олардың келуі, лауазымға тағайындалуы, ауысулары, қызметтен босатылуы және басқа да мәліметтерді көрсете отырып жыл сайын 1 қарашаға қарсы КжТЖД-ға ұсынымхатты қамтамасыз етуге міндетті.

          4. Жас мамандардың ауысуы мен жұмыстан босатылуы

      14. Жас мамандардың ауысуы:
      1) бір ішкі істер органының, бөлімшесінің немесе мекемесінің шегінде тиісті органның, бөлімшенің немесе мекеменің басшылары ауыстырады;
      2) қызметтің бірінші жылында бір ІІББ-ден, ІІБ-ден, көліктегі ІІБ-ден басқа басқармаға Қазақстан Республикасы Ішкіісмині КжТЖД-нің рұқсатымен ауыстырылады;
      3) Қазақстанның шегінен шығуды ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы шешеді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарын бітірушілерге қатысты оқуға кеткен шығынды қабылдаушы тараптың төлеуі туралы шарттар ескеріледі;
      4) Жас мамандарды ауыстыруды шешу үшін ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ бірінші жетекшілерінің қолы қойылған тиісті материалдарды Қазақстан Республикасы Ішкіісмині КжТЖД-не жібереді.
      15. Жоғарғы және орта арнаулы білімі бар жас мамандар Қазақстан Республикасы Ішкіісмині рұқсатымен жұмыстан шығарылады. Жас мамандар оқу орнында оқуына байланысты жұмсалған материалдық шығынды контрактіде белгіленген тәртіпте орнын толтырады.
      16. Жоғарғы және орта арнайы білімі бар арнайы немесе әскери атақ берілген жас мамандарды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеру туралы ережесіне сәйкес жұмыстан шығарылады.
      17. Жас мамандарды ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару кезінде аумақтық ішкі істер органдары жұмыстан шығушының жеке ісін ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ-ның бірінші басшысы бекіткен қорытындымен бірге Қазақстан Республикасы Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне жібереді U952707_ .

                     Қазақстан Республикасы ІІМ КжТЖД
                        Оқу орындары басқармасы
                                             N 1 қосымша



                                          "Бекітемін" 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Вице-Министрі ___________________ (шені, Ф.а.ә.а.) ______________2000 ж.

     Бітірушілерді дербес бөлу хаттамасы__________________________
                                         (оқу орнының атауы)



___________________________________________________________________________
 N   Ф.а.ә.а.        Туған    Ұлты   Отбасы    Маман  Қай ІІБ  Қай органның
                     жылы                      дығы   келген    құзырына
                                                                жіберілген
___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
     
таблицаның жалғасы 
___________________________________
Лауазымы   Негіз (ІІБ    Ескерту
           шақыру        
           қағазына
           мақұл.
           дама)
____________________________________
____________________________________
     
     
     
     
                                                               N 2 қосымша
     
Формат 290*205

___________________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер      Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
 Министрлігі                            Министрлігі

___________________________________________________________________________
 Нұсқаманың түбіртегі N ___             Нұсқаманың N____    
 2000 ж."__"_______                     __________________________________
___________________________________     __________________________________ 
___________________________________     ________________________________   
___________________________________    ___________________________________ 
_______________құзырына жіберіледі     _________________құзырына жіберіледі
___________________________ қаласы     ______________________________қаласы
___________лауазымына тағайындауға     ____________лауазымына тағайындауға
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
 Негіз_____________________________    Негіз______________________________
 Онымен бірге______________________    Онымен бірге_______________________
 
 Белгіленген орынға келу мерзімі       Белгіленген орынға келу мерзімі
 2000 ж. "__" __________________       2000 ж. "___" _________________

 КБ(КБ) бастығы:                      КБ(КБ) бастығы:
___________________________________   ____________________________________
___________________________________   ____________________________________
           (шені, қолы)                            (шені, қолы)  
    
 М.О                                    М.О.    
     
     
 таблицаның жалғасы    
___________________________________________________________________________
 Кадр және Тәрбие Жұмысы                Кадр және Тәрбие Жұмысы
 Басқармасы                             Басқармасы

 ҚІІБ, ІІБ, КІІБ атауы                  ҚІІБ, ІІБ, КІІБ атауы

 Келуі туралы мәлімдеме                 Келуі туралы мәлімдеме
 _________________________жіберілген    2000 ж. "__" ______________N_______
     (оқу орнының атауы)  
 ___________________________________    Нұсқама бойынша сіздер жіберген
     (бітірушінің Ф.а.ә.а.)             ___________________________________
 2000 ж."__" ____________N ____            (бітірушінің Ф.а.ә.а.)
 ____________________нұсқама бойынша    __________________________________ 
 ___________________________________    2000 ж. "___" ____________________
 _____________________қаласына келді    __________________________________
 ІІБ 2000 ж. "___" ________             __________________________________
 N___  Бұйрығымен                       ___________________қаласына келді
 ___________________________________    ІІБ 2000 ж. "___" ___________
     лауазымына тағайындалды            N_____ Бұйрығымен
                                        __________________________________
                                              лауазымына тағайындалды
 КжТЖБ бастығы:                         КжТЖБ бастығы:
 ___________________________________    __________________________________
 _______________________облыстық ІІБ    ______________________облыстық ІІБ
 ___________________________________    __________________________________
           (шені, қолы)                           (шені, қолы)
 2000 ж. "__"__________                 2000 ж. "___"_________
     
 М.О.                                   М.О.
     
     
  
 Формат 15*10
     
     
                                                               N 3 қосымша

                     Ішкі істер органдарының жас
                         маманы есепке алу     
                            карточкасы
     
     Ф.а.ә.а, шені __________________________________________________
     
     _________________________________________________оқуға жіберілген
     
     ________жылы_____________________________________________бітірген
                           (оқу орнының атауы)
     _________________________________________________________________
     
     ________________________________________________мамандығы бойынша
     
     ______________________________________________________маманданған
     
     _________________________________________________________бөлінген
     
     ___________________________________________________қайта бөлінген
                           (қайта бөлу себебі)
     
     _________________________________________________________________
     
     кезекті шен берілуі______________________________________________
                            (бұйрықтың нөмірі және мерзімі)
     
     _________________________________________________________________
     
     
     
     
                                               карточканың сыртқы беті
     _________________________________________________________________
      N  Қызметтегі лауазамы        Бұйрықтың N         Бұйрықтың
                                                         мерзімі
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.