Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiне толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 413 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 15 қаңтарда N 1362 тіркелді.

Қолданыстағы
      Валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" V970314_ 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiне толықтырулар бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiне толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiне толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130

қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты 
қызметтi лицензиялау ережесiне толықтыруларды бұқаралық ақпарат 
құралдарында жариялайтын болсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     Келiсiлдi:                          Қазақстан Республикасының
     Қазақстан Республикасының           Ұлттық Банкi Басқармасының
     Экономика министрлігі               2000 жылғы 30 қазандағы
     20.09.2000 ж.                       N 413 қаулысымен бекiтiлген

             Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
                    қызметтi лицензиялау ережесiне
                            толықтырулар
     


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережені бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 3-тараудың 3.1-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi шет елдердегi шет ел банктерiнде есепшоттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен шет ел банктерi арасында жасалған тиiстi шарттарда көзделген негiзде және тәртiппен ашады".
      2. Ереже мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
              "3-1. Резидент кредит ретiнде резидент еместен
             алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына
                есептеу жөнiндегi операцияларды лицензиялау

      3-1.1. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      3-1.2. Кредит ретiнде резидент еместен алынатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеудi көздейтiн мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi лицензияламайды.
      3-1.3. Резиденттер осы Ереженiң 3-1.4-тармағының 6 және 7-азатжолдарында айқындалған құжаттарға қол қойылғаннан кейiн бiр айлық мерзiмде, бiрақ жасалған шарттар мен келiсiм-шарттар бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталғанға дейiн лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өтiнiш беруге мiндеттi.
      3-1.4. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөніндегі операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мынадай құжаттар ұсынылады:
      резиденттiң, шетелдiк кредитордың және үшiншi тұлғаның деректемелерін көрсете отырып резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшіншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу қажеттiгi экономикалық негiзделген өтiнiш (заңды тұлға - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұсынған өтiнiште осы заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi екендiгiн растайтын жазба жасалуы тиiс);
      заңды тұлғалар үшiн құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
      заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органында мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
      жеке тұлғалар үшiн жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      сақтандыру ұйымымен жасалған нотариат куәландырған кредиттiк келiсiмнiң көшiрмелерi, нотариат куәландырған сақтандыру шартының көшiрмелерi (үзiндiлерi) және/немесе тiзбесi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен белгiленген жетекшi рейтингтiк агенттiктердiң рейтингi бар, бiрақ Қазақстан Республикасына берiлген рейтингтен төмен емес рейтингi бар банкпен жасалған кепiлдiк шартының және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкiндегi заңды тұлғаның есепшотына не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда кредит ретiнде алынған шетел валютасын шетелдiк банктегi оның есепшотына есептеу мүмкiн еместiгiн растайтын басқа құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiзбесiн анықтаған жетекшi рейтинг агенттiктерiнiң бiрi белгiлеген тиiстi АА рейтингiнен төмен болмайтын тәуелсiз кредиттiк рейтингi бар елдiң экспорттық кредиттерi жөнiндегi мемлекеттiк агенттiкте сақтандырылған экспорт-импорт мәмiлесін қаржыландыру үшiн кредит алған жағдайда - халықаралық рәсiмдерге сәйкес басқа растайтын құжаттар берiлуi мүмкін;
      кредиттiк келiсiм шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар мен шарттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
      баламасы 100 мың АҚШ долларынан асатын сомаға резидент кредит ретінде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнінде операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жазбаша келiсiмi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне аударым жасалған күндi көрсете отырып, кредиттiк келiсiм шегiнде үшiншi тұлғаның пайдасына аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сұратуы бойынша өзге де ақпараттарды тоқсан сайын берiп отыруға шетелдiк кредитордың орыс тiлiне немесе мемлекеттік тілге нотариат куәландырған аудармасы бар жазбаша келiсiмi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiзбесiн анықтаған жетекшi рейтинг агенттiктерiнiң бiрi белгiлеген тиiстi АА рейтингiнен төмен болмайтын тәуелсiз кредиттiк рейтингi бар елдiң экспорттық кредиттерi жөніндегi мемлекеттiк агенттiкте сақтандырылған экспорт-импорт мәмiлесiн қаржыландыру үшiн кредит алған жағдайда - мұндай ақпарат беру туралы өтiнiш берушiнiң жазбаша келiсiмi;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi жоқ екендiгi туралы өтiнiш бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күн ішiнде берiлген салық қызметi органының құжаты. Құжаттар түгел тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден салық қызметi органының салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi жоқ екендiгi туралы кейiнiрек берген құжатын сұратуға құқылы;
      заңды тұлғаның соңғы есеп беру күнiндегi салық органы қойған белгiсi бар жылдық балансы мен қызметкерлердiң саны жөнiнде ақпарат бар заңды тұлға қызметінің негізгi көрсеткiштерi туралы статистикалық орган қойған белгiсi бар есеп берiлетiн соңғы күндегi статистикалық есептiң көшiрмесi (шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн);
      лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi лицензия беру туралы шешiм қабылдағаннан кейін берiледi).
      3.1.5. Қазақстан Республикасының резидентi шетелдiк кредитормен бас кредиттiк келiсiм жасаған жағдайда осы Ереженiң 3-1.4-тармағының 7-азатжолында көрсетiлген құжаттарды алу үшiн лицензия керек емес. Резидент осы құжаттарға қол қойылғаннан кейін 10 күн iшiнде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беруге мiндеттi.
      3-1.6. Қазақстан Республикасының резидентi шетелдiк кредитормен сомасы бойынша шектеусіз бас кредиттiк келiсiм жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi әрбiр жеке жағдайға бөлек белгiленетiн белгiлi бiр сомаға резидент кредит ретінде резидент еместен алатын шетел валютасын үшінші тұлғаның есепшотына есептеу жөніндегі операцияларды жүргiзуге лицензия бередi. Лицензиат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында көрсетiлген барлық сомаға операция жүргiзгеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жаңа лицензия алу үшiн өтiнiш беруге мiндеттi.
      3-1.7. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензия алған не осындай лицензияны алатын резидент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң талап етуi бойынша барлық қажеттi құжаттардың нотариат куәландырған аудармасын ұсынуға мiндеттi.
      3-1.8. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензия беру туралы өтiніштi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттар тапсырылған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс.
      Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензия беру туралы шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұсынған өтiнiштi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттар тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде қарауы тиiс.
      3-1.9. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшіншi тұлғаның есепшотына есептеу бойынша операциялар жүргiзуге лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) шетел кредиторы ұсынған құжаттарда резиденттiң резидент еместен кредит ретiнде алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына мiндеттi түрде есептеу туралы талаптар болмаса;
      2) осы Ереженiң 3-1.4-тармағында көзделген құжаттар түгел тапсырылмаса;
      3) операциялар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмесе немесе әдейi жалған ақпарат берiлсе.
      3-1.10. Резидент кредит ретінде резидент еместен алған шетел валютасын үшiнші тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензия алатын лицензиат:
      1) лицензия беруге негiз болған талаптарды сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тоқсан сайын есеп берiлетiн кезеңнен кейiнгi айдың 10-на дейiн осы Ереженiң N 6 қосымшасына сәйкес резидент еместердiң кредиттiк келiсiм шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша мiндеттемелердi орындағанын растайтын құжаттардың көшiрмесi (кеден-жүк декларациясының және/немесе өзге құжаттардың көшiрмесi) қоса берiлген есептi ұсынуға мiндеттi.
      3-1.11. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлген лицензия:
      1) лицензиядағы талаптар сақталмаған жағдайда;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат ұсынылмаған жағдайда немесе әдейi жалған ақпарат ұсынылған жағдайда;
      3) лицензиат қолданылып жүрген заңдарды бұзған жағдайда қолдану тоқтатылады не қайтарып алынады.
      3-1.12. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлген лицензия бiржолғы лицензия болып табылады және кредиттiк келiсiм мен оның шегiнде жасалған келiсiм-шарттарда көзделген барлық мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қолдану тоқтатылады. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлген лицензияны басқа адамдарға беруге болмайды.
      3-1.13. Резидент кредит ретінде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген лицензияның болуы заемшы-резиденттердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құқықтық нормативтiк актiлерiне сәйкес резидент еместерден алған кредиттi тiркеуден өткiзу жауапкершiлiгiнен босатпайды.
      3-1.14. Резидент кредит ретiнде резидент еместен алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның есепшотына есептеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлген лицензия негiзiнде жүргiзiлген операциялар бойынша резиденттiң мiндеттемелерiне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тарапынан қандай да бiр мiндеттемелерсiз берiледi".
      3. Ереже N 6 қосымшамен толықтырылсын.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                   Валюталық құндылықтарды пайдалануға 

байланысты қызметті лицензиялау ережесіне N 6 қосымша Ұлттық Банкке есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынылады


                   20 ___ ж. ________ тоқсан бойынша

      Резидент кредит ретінде резидент еместен алатын шетел валютасын      
     үшінші тұлғаның есепшотына есептеу жөніндегі операциялар бойынша     
                              мәліметтер
     ----------------------------------------
     Кредитордың атауы, резиденттік елі
     Заемшының атауы
     Пошта мекен-жайы, телефоны
     Заемшының КҰЖЖ коды
     Ұлттық Банк лицензиясының нөмірі
     Ұлттық банк тіркеу куәлігінің нөмірі
     Кредит валютасы
     Кредит сомасы
     ----------------------------------------

     
-----------------------------------------------------------------------
     Кредит шартының шеңберінде жасалған келісім-шарттың деректемелері
-----------------------------------------------------------------------
Келісім-шарт! Қол     !Импортер-резиденттің!Үшінші тұлғаның !Мәміле
   N        ! қойылған!   деректемелері    !  деректемелері !паспорты.
            ! күні    !                    !                !ның дерек.
            !         !                    !                !темелері
            !         !                    !                !(қосымша
            !         !                    !                !парақ)
-----------------------------------------------------------------------    
                         Атауы Мекен- КҰЖЖ  Атауы Мекен-жайы N  Ресімдеу
                               жайы   коды                        күні
-----------------------------------------------------------------------   
     1          2         3     4      5     6        7      8     9
-----------------------------------------------------------------------    
    
     Таблицаның жалғасы
     
-----------------------------------------------------------------------
  Келісім-шарт      !Кредитордың !Есеп беру кезеңінде резидент пайдасына   
   сомасы           !есеп беру ке!міндеттемелер орындалды
                    !зеңінде үшін!                   
                    !ші тұлғаның !                   
                    !пайдасына ау!                   
                    !дарылған    !
-----------------------------------------------------------------------    
Келісім-шарт   Мың                Бұрынғы кезеңдерде     Есеп беру         
валютасында,   АҚШ                төленген сомалар       кезеңінде
мың бірлік    дол.                     бойынша           төленген
              ларында                                    сомалар бойынша
-----------------------------------------------------------------------   
     10         11         12              13                  14
-----------------------------------------------------------------------    
-----------------------------------------------------------------------    
     
     "__" _________ 20 ____ ж.          Басшысы _________________
     _________________________          Бас бухгалтері (М.О.)  
        (Орындаушы, телефоны)
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева А.Ж.