"Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 30 қазан N 571 ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 2, ст.303) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтар N 1349 тіркелді

Қолданыстағы
      Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" V990990_ Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде,
      9-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "сондай-ақ көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқау алдындағы техникалық жағдайын диагностикалық үшiн алынатын ақының ең төменгi мөлшерi".
      2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
     3. Iшкіісминнiң Жол полициясы департаментi (Қ.Т. Тоқсаитов) осы 
бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген 
тәртiппен тiркеудi қамтамасыз етсiн.
     4. Осы бұйрықтардың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-министрi
полиция генерал-майоры И.И. Оттоға жүктелсiн.
     
     
     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі -
     Ішкі әскерлер қолбасшысы
     генерал-лейтенант
     
      Мамандар
     Орынбекова Д.К.
     Омарбекова А.Т.