"Облигацияларды шығаруды және өтеуді тіркеу тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 92 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 желтоқсанда N 1342 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 (V032591) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы  10-бабының екінші бөлігінің, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының  33-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженің 4-тармағы 3) тармақшасының негізінде Ұлттық комиссия

                            Қаулы етеді:

      1. "Облигацияларды шығаруды және өтеуді тіркеу тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 ақпанда 263 нөмірмен тіркелген Облигацияларды шығаруды және өтеуді тіркеу туралы ережеде (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік-заң актілер жинағы, 1997 жыл, 92-100-беттер; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 2000 ж., N 5 (10), 12-бет):

      1) 21-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-1. Осы Ереженің 21-тармағының күші мынадай жағдайларға қолданылмайды:
      1) егер облигациялардың жаңа шығарылымы жылжымайтын мүліктің ипотекасымен қамтамасыз етілсе (егер осы облигациялар ипотекалық болып табылса);
      2) егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде олардың бұрын шығарған облигацияларын өтеу жөніндегі және/немесе олар бойынша сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындалмау, толық немесе уақытында орындалмау жағдайлары болмаса;
      егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде "В-дан" ("Standart & Рооr's", "Moody's" немесе "Fitch" жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді қамтамасыз етілмеген шетелдік валютадағы кредиттік рейтингтік бағалау бар болса;
      егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғының жағдайы бойынша левераж (міндеттемелердің мөлшерлерінің және олардың эмитентінің бухгалтерлік есеп жүргізу туралы заңдарға сәйкес есептелген өз капиталының арасындағы ара қатынас) 1,0-ден аспаса және осы облигациялар шығарылымын толық орналастыру нәтижесінде аталған өлшемнен аспайтын болса (осы Ереженің 21-2-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескерумен).";
      2) мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
      "21-2. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін олардың сақтаулары кезінде оларға облигациялардың бұрынғы шығарылымдарын өтеу туралы есептерді бекіткенге дейін облигациялардың жаңа шығарылымдарын жүзеге асыруға рұқсат етілетін левераждың шекті рұқсат етілген мәні ретінде өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік мәні қолданылады.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті) жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Корпоративтік қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар эмитенттерінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) мемлекеттік емес облигациялар шығаруға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Ұлттық комиссияның мүшелері