Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 387 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 желтоқсан N 1331 тіркелді

Қолданыстағы
      Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" V991093_ 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген

Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну 
ережесiне өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 
аумақтық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
    Қазақстан Республикасының                   Қазақстан Республикасының
    Қаржы министрлігімен                        Ұлттық Банкі басқармасының
    Келісілген                                  2000 жылғы 13 қазандағы
    23 қараша 2000 жыл                             N 387 қаулысымен
                                                       БЕКIТIЛГЕН

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
        1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472  

V001331_

  қаулысымен бекiтiлген
          Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi
                есебiн жасау және ұсыну ережесiне
                     өзгерiс пен толықтыру
     
     1. - 6-тармақтың 1) тармақшасындағы "N 3 нысан бойынша ақша қозғалысы 
туралы есеп (Ережеге N 3 нысан)" деген сөздер алынып тасталсын;
     2. 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi тармақшамен толықтырылсын:
     - "3) "N 3 нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (Ережеге N 3 
нысан) жыл сайын берiлiп отырады".
     
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.