Интерпол саласы бойынша іздестірудегі көлік құралдары табылғанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 24 қараша N 631 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 желтоқсан N 1329 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 223 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2021 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айдап әкетілген және ұрланған көлік құралдарын Интерпол саласы бойынша іздестіру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында

      Бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен келісілген Интерпол саласы бойынша іздестірудегі көлік құралдары табылғанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық орталық бюросының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің, Криминалдық полиция департаментінің, Жол полициясы департаментінің, Жедел-техникалық қызмет департаментінің, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ бастықтары осы Нұсқаулықтың талаптарын сынақ қабылдау арқылы көрсетілген қызметтер мен бөлімшелер қызметкерлерінің оқып-үйренуін және оны күнделікті қызмет бабында басшылыққа алуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Интерполдың Қазақстандағы Ұлттық орталық бюросының бастығы полиция полковнигі Д.Т. Мажиринге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі -


Ішкі әскерлер қолбасшысы


генерал-лейтенант



      "Келісілді" Қазақстан Республикасы

      Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің

      Бас прокуроры 2000 жылғы 24 қараша

      2-дәрежелі мемлекеттік N 631 бұйрығымен

      әділет кеңесшісі бекітілді

      2000 жылғы 21 қараша

Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегi көлiк құралдары
табылғанда Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi
Нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық iшкi iстер органдарының Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегi көлiк құралдары табылғанда құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Көлiк құралын тексерген кезде Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегі көлiк құралының идентификациялық номерi толық сай келетiнiн анықтаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi осы факт жөнiнде көлiк құралы табылған аумақтағы iшкi iстер органының кезекшiсiне дереу хабарлайды.

      3. Аумақтық iшкi iстер органының кезекшiсi көлiк құралын жол полициясының iздестiру бөлiмiне (бөлiмшесiне, тобына) жеткiзу жөнiндегi шаралар қолданады. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кезекшiсi және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары хабарландырылады. Халықаралық iздестiрiлудегi көлiк құралының табылу фактiсi туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң тәулiктiк ақпарына қосылады.

      4. Жол полициясының инспекторы көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктi алып қояды және криминалистермен бiрге көлiк құралын тексередi, ол туралы екi данада тиiстi хаттама (N 1 қосымша) мен көлiк құралы салонындағы мүлiктiң тiзiмiн жасайды. Көлiк құралының иесiнен оны сатып алу мән-жайы туралы түсiнiк алынады, сондай-ақ көлiк құралының iшiнде болған адамдардан да түсiнiк алынуы мүмкiн.

      5. Хаттаманың бiрiншi данасына қоса көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк пен түсiнiктемелер ұсталған көлік құралының тұрақты тiркелген жерiндегі жол полициясының бөлiмшесiне жолданады, ал хаттаманың екiншi данасы (мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiмен бiрге) ұсталған сәтте көлiк құралын басқарушы адамға қолхат алу арқылы берiледi. Анықталған көлiк құралы алынып қойылмайды, ол материал бойынша соңғы шешiм қабылданғанға дейiн иесiне не оның сенiмдi адамына кепiлдiк қолхат арқылы берiледi. Көлiк құралын уақытша есепке алу талонын (4-қосымша) алу үшiн көлiк құралының иесi не оның сенiмдi адамы көлiк құралының тұрақты тiркелген жерiндегi жол полициясының тiркеу бөлiмшесiне келудi мiндетiне алады (10 күн мерзiм iшiнде келуi туралы хаттамада жазбаша мiндеттеме берiледi).

      6. Iздестiрiлудегi көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит арқылы жүрiп өткен кезде анықталған жағдайда тиiстi хаттама жасалады, көлiк құралын жүргiзуге уақытша рұқсат қағазы берiледi, ал материалдар көлiк құралының тұрақты тiркелген жерiне жiберiледi.

      7. Ұсталған көлiк құралының тұрақты тiркелген жерiндегi жол полициясы тiркеу бөлiмшесiнiң лауазымды адамы:

      1) алынған материалдар мен алынып қойылған құжаттардың негiзiнде көлiк құралының иесiне не оның сенiмдi адамына "Интерполдың iздестiруi. Шеттету құқығынсыз." деген белгiсi бар, берiлген күнiнен бастап алты ай мерзiмге көлiк құралын уақытша есепке алу талонын (4-қосымша) беруге мiндеттi. Қажет болған жағдайда есепке алу талонының мерзiмi алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

      2) осы көлiк құралын тiркеудi есепке алу құжаттарына "Интерполдың іздестiруi. Шеттету құқығынсыз." деген белгi енгiзуге мiндеттi.

      8. Уақытша есепке алу талоны мен есепке алу құжаттарына "Интерполдың iздестiруi. Шеттету құқығынсыз." деген белгiнiң болуы көлiк құралын жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық тексеруден өткiзуге шектеу болып табылмайды.

      9. Жол полициясының бөлiмшесi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жедел-техникалық қызмет департаментiне көлiк құралын ұстаудың мән-жайлары туралы көрсетiлген үлгiдегi хабарлама (2-қосымша) түрiнде ақпарат жолдайды. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросына Интерполдың iздестiруiндегi көлiк құралының табылғаны туралы хабарлама (3-қосымша) жiберiледi.

      10. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы Интерпол саласы бойынша iздестiрудегi көлiк құралының табылғандығы туралы осы Нұсқаулықтың талаптары бұзылып ресiмделген және iздестiрудiң бастамашысы-елге хабарлау үшiн қажеттi мәлiметтердiң толық тiзбесi мазмұндалмаған хабарламаларды орындауға қабылдамайды.

      11. Ұрланған көлiк құралының табылғаны туралы хабарламаны алғаннан соң, Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы Интерпол Бас Хатшылығының ұрланған көлiк құралдарының халықаралық деректер базасы бойынша тексеру жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi бойынша iздестiру расталған жағдайда Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы iздестiрудiң бастамашы-елiне өз елiнiң құзыреттi органдарының iздестiрiлудегi көлiк құралын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтiнiш жасау арқылы қайтару тәртiбi туралы хабарлайды және көлiк құралын қайтаруға қатысты iздестiрудi бастамашы-елдiң ниеттерi туралы сұрау салады.

      Көлiк құралын iздестiру Интерпол Бас Хатшылығының халықаралық деректер базасы бойынша расталмаған жағдайда Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы Интерполдың Ресей Федерациясындағы Ұлттық Орталық Бюросына Интерполдың iздестiрiлуiндегi көлiк құралы ретiнде Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi Бас Ақпарат Орталығының деректер базасына қоюдың негiздерi туралы сұрау салу жiбередi, негiздер болмаған жағдайда көлiк құралын есептен шығару туралы сұрайды.

      Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросының iздестiрудi растау туралы ақпаратын алған соң, сұрау салушы бастамашы-орган 10 күн мерзiм iшiнде Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросына есепке қоюға негiз болып отырған сұрау салынған көлiк құралының тiркеу құжаттарының көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

      Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы сұрау салудың бастамашы-органынан алынған тiркеу құжаттарының көшiрмелерiн iздестiрудi бастамашы-елдiң Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросына одан әрi идентификациялау үшiн жiбередi.

      12. Iздестiрудiң бастамашысы көлiк құралын беру туралы талаптар қойған кезде Бас прокуратура Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес оны беру мүмкiндiктерi туралы мәселенi қарайды.

      13. Iс бойынша шешiм қабылданғанға дейiн немесе сот үкiмi шыққанға дейін көлік құралын иесіне қайтару тек көлік құралына меншіктік құқық туралы дау болмаса ғана, мүмкiн болады. Көлiк құралына меншiктiк құқық туралы дау туған кезде оны иесiне қайтару туралы мәселенi мүдделi адамның талабы бойынша сот шешуi керек.

      14. Iздестiрiлудегi көлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағында табылу фактiсi бойынша тергеу iс-қимылдарының өндiрiсi туралы халықаралық тапсырма түскен жағдайда iшкi iстер органдары оны орындауға барлық шараларды қолданады.

      15. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк тiркеуден өткен iздестiрiлудегi көлiк құралы табылған жағдайда iшкi iстер органдарының тиiстi қызметтерi заңсыз тiркеу жасаған кiнәлi лауазымды адамдарды анықтау және оларды жауапқа тарту мақсатында қызметтiк тексеру жүргiзедi.

      16. Хабарлама (3-қосымша) жiберiлген күннен алты ай өткеннен кейiн жол полициясының бөлiмшесi Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросына осы көлiк құралы бойынша iздестiрудi бастамашы-елден қандай да бiр тапсырыстың бар-жоғы туралы сұрау салады.

      17. Терiс жауап алған жағдайда жол полициясының тiркеу бөлiмшесi осы көлiк құралының бастапқыда алынып қойылған тiркеу куәлiгiн бередi немесе көлiк құралының иесiне шетелге шығу кезiнде Интерпол саласы бойынша іздестiрiлудегі көлік құралы ретiнде ұсталуы мүмкін екендiгi туралы түсiндiрiле отырып, көлiк құралын жол полициясының есепке алу құжаттарында Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы жауабының шығыс номерi мен датасы қойылған тиiстi белгiлер жасау арқылы жалпы негiзде тiркейдi. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жедел-техникалық қызмет департаментiне көлiк құралын "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйесiнiң деректер базасындағы есептен шығару туралы хабарлама жiбередi.

      18. Хабарламаның көшiрмесiн алғаннан кейiн Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жедел-техникалық қызмет департаментiне көлiк құралын Интерпол Бас Хатшылығының халықаралық деректер базасының есебiнен шығару туралы iздестiрудi бастамашы-елдегi Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросына қолдаухат жолдайды.

      Қолдау қанағаттандырылған жағдайда Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросы бұл туралы есепке алу құжаттарына тиiстi белгiлер енгiзу үшiн жол полициясының тiркеу бөлiмшесiне хабарлайды.

  N 1 қосымша

Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегi көлiк құралының
көлiк құралын тiркеу туралы куәлiгiн алып қою туралы
ХАТТАМАСЫ

      Толтырылған жерi ___________________________________________

      20___ жылғы "___"________________

      Мен, _______________________________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.а., куәгерлердiң қатысуымен)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      азамат(ша) ______________________________________________________

      Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегi ____________________

      (маркасы, шыққан жылы,

      _________________________________________________________________

      түсi мен идентификациялық деректерi)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (сериясы, датасы, кiм бердi)

      _________________________________________________________________

      көлiк құралының КҚ тiркеу туралы куәлiгiн алып қойдым.

      Көлiк құралы _______________________________________________

      (ЖПБ, ТЕБ органының атауы)

      _________________________________________________________________

      ______________________________________________________ тiркелген.

      КҚ сенiмхат бойынша жүргiзушi азамат(ша) туралы деректер:

      _________________________________________________________________

      Тексеру нәтижесi бойынша КҚ-ның техникалық жағдайы _________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Уақытша куәлiк алу үшiн көлiк құралы тiркелген жердегi ЖПБ-ның

      ТЕБ-ке келу туралы (______ күн iшiнде) ескертiлдiм:

      _________________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      М.О. Хабарлау датасы: 20__ж. "___" __________

  N 2 қосымша
ҚР Iшкіісминiнiң ЖТҚД
бастығына

ХАБАРЛАМА

      20___жылғы "___" ____________ _________ сағат _________ минутта

      қызметкер ___________________________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.а.)

      __________________________________________________________________

      ______________________________________________ мекен-жайы бойынша

      түсі: ________ мемл. номерi: ____________ қозғағышы: ________

      кузовы: ____________________ шассиi: ________________________

      идентификациялық номерi (VIN): ______________________________

      көлiк құралын ұстағанын баяндаймыз.

      Мән-жайлары: ________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________ iздестiрiлудегі

      (iздестiрудiң бастамашысы)

      Көлiк құралы ________________________________________ жеткiзiлдi

      (қай iшкi iстер органына)

      Көлiк құралын _______________________________________ қабылдады.

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.а.)

      Қолы: __________________ Т. А. Ә.а., қызметтiк телефоны _________

      N 3 қосымша

      Интерполдың

      Қазақстан Республикасындағы

      ҰОБ-тың бастығына

Интерпол саласы бойынша iздестiрiлудегi
көлiк құралының табылғандығы туралы
ХАБАРЛАМА

      1. Көлiк құралы: ___________________________________________

      Маркасы: ___________________________________________________

      Идентификациялық номерi (VIN) ______________________________

      Қозғағыштың номерi: ________________________________________

      Түсі ________________________ Шығарылған жылы ______________

      Номерлiк белгiсi (ерекшелiктерi мен суреттемесi): __________

      _________________________________________________________________

      КҚ-ның тiркелген жерi мен датасы: __________________________

      КҚ-ны тiркеген орган: ______________________________________

      2. Агрегаттық номерлерiнiң қайта соғылған /құжаттардың қолдан

      жасалған iздерi бар ма: _________________________________________

      Егер солай болса - қайта соғылған немесе қалпына келтiрiлген номерлер: ______________________________________________________

      КҚ-ның табылған жерi ______________________________________

      датасы ______________________________________

      Анықталған мән-жайы ______________________________________

      ________________________________________________________________

      3. КҚ-ның тiркелген иесi

      Тегi: ______________________ Аты: _______________________

      Әкесiнiң аты: _________________ Туған датасы: _____________

      Тiркелген жерi (мекен-жайы): ______________________________

      ________________________________________________________________

      4. Нақты иесi:

      Тегi: _____________________ Аты: ________________________

      Әкесiнiң аты: _________________ Туған датасы: _____________

      Тiркелген жерi (мекен-жайы): ______________________________

      ________________________________________________________________

      Берген сенiмхат бойынша: __________________________________

      Берiлген датасы _______________ Кiм бердi _________________

      ________________________________________________________________

      5. Ұсталған сәтте КҚ басқарған:

      Тегi _____________________ Аты ____________________________

      Әкесiнiң аты: ___________________ Туған датасы: ___________

      Тiркелген жерi (мекен-жайы):_______________________________

      ________________________________________________________________

      6. КҚ-на берiлген құжаттар (тiркеу туралы куәлiк, анықтама-шот, кеден куәлiгi, сенiмхат, КҚТК): _________________________________

      Басқа құжаттар: ____________________________________________

      7. Иесi мен жүргiзушiге қатысты қылмыстық сипаттағы ақпарат бар ма (бұрын сотты болғаны және қозғалған қылмыстық iстердiң бар-жоғы көрсетiлсiн) ____________________________________________________

      8. КҚ қайда және қашан сатылған (қазiргi иесiнiң сатып алуының

      мән-жайы): _________________________________________________

      Бұрынғы иесiнiң деректерi:

      Тегi: ____________________ Аты: ____________________________

      Әкесiнiң аты: _________________ Туған датасы: ______________

      Тiркелген жерi (мекен-жайы): _______________________________

      9. КҚ қазiр қайда (мекен-жайы): ____________________________

      10. Техникалық жағдайы: ____________________________________

      11. Ұстағанда КҚ-да мыналар болды: _________________________

      _________________________________________________________________

      кiлттердiң түпнұсқалары _____ кiлттердiң телнұсқалары ___________

      Есiктерiнiң және оталдыру құлыптары: _______________________

      Бұзу iздерi бар: ___________________________________________

      Бұзу iздерi жоқ: ___________________________________________

      12. Интерпол саласы бойынша iздестiрудегi КҚ табу фактiсi бойынша тексерудi жүргiзген:

      Iшкi iстер органының атауы, оның мекен-жайы: _______________

      _________________________________________________________________

      Тексерудi жүргiзген қызметкердiң Т. А. Ә.а., лауазымы: _____

      _________________________________________________________________

      Халықаралық кодтың көрсетiлуi арқылы байланыс телефоны:

      ________________________________

      Телетайп және факс номерi: _________________________________

      13. Тексеру жүргiзiлгеннен кейiн шешiм қабылданды:

      _________________________________________________________________

      Материалдар ________________________________________________ жiберiлдi

      Қашан: _____________________ Кiм жiбердi: _______________________

      Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы:

      Қаулы бекiтiлдi: ____________________________________________

      Қашан: _____________________ Кiм бекiттi: ___________________

      Қылмыстық iс қозғау туралы:

      Қылмыстық iстiң номерi: _____________________________________

      Iс кiмнiң өндiрiсiнде: ______________________________________

      Iшкi iстер органының бастығы: ____________________________

      атағы

      ____________________________

      (қолы) А. Ә.а. Т.

      N 4 қосымша

КӨЛIК ҚҰРАЛЫН УАҚЫТША ЕСЕПКЕ
ТАЛОНЫ

      1. КҚ иесi __________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (Т. А. Ә., ұйым)

      2. Мемлекеттiк номерi _____________________________________

      3. КҚТК-нiң сериясы мен номерi ____________________________

      4. КҚ-ның маркасы _________________________________________

      5. Қозғағыштың N __________________________________________

      6. Кузовтың N _____________________________________________

      7. Шассидiң N _____________________________________________

      8. Шығарылған жылы ________________________________________

      9. Түсi ____________________________________________________

      10. Иесiнiң мекен-жайы _____________________________________ _________________________________________________________________

      11. Сенiмдi адамның мекен-жайы______________________________

      _________________________________________________________________

      12. 20 ____ жылғы "____" _________________________ дейiн жарамды.

      _____________________________ ЖПБ бердi.

      _____________________________

      (қолы) 20 ___ ж. "___" ____________________

      М.О.

      СЕРИЯСЫ АА N 00000000

      Ескерту: ИНТЕРПОЛДЫҢ IЗДЕСТIРУI.

      ШЕТТЕТУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ.