Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 12 қазан N 680 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 қараша N 1306 тіркелді

Қолданыстағы
      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары қызметтерiнiң жағдайын оңтайландыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 V980641_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидалары 8-тармағының және аталған қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидалары V980642_ 11-тармағының негiзiнде Ұлттық комиссияның Директораты

                             ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымның Ұлттық комиссияға зейнетақы активтерiн өсiм есептеусiз инвестициялау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен жүгiнуi талап етiлмеген кезде, осы қордың зейнетақы активтерiнiң мөлшерi мынадай болғанда осы қордың кастодиан-банктегі инвестициялық шотындағы ақшалардың ең жоғарғы қалдығы былайша айқындалсын:
      1) бiр миллиард теңгеге дейiн - 400.000 (төрт жүз мың) теңге;
      2) бiр миллиардты құрайтын және одан көп - зейнетақы активтерi мөлшерiнiң 0,1 %, бiрақ 10.000.000 (он миллион) теңгеден аспайтындай.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң осы Қаулының тiркеуге жатпайтындығы туралы хаты алынған күннен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өзiнiң мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып) назарына жеткiзсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және талдау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және кастодиан-банктердiң

("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодианы ретiнде 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоса) назарына жеткiзсiн;
     2) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi 
қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың 
назарына жеткiзсiн;
     3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасау жүктелсiн.
     
     
     Ұлттық комиссияның
         төрағасы
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева Ә.Ж.