Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 20 қыркүйектегi N 293 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесiне өзгерiстер

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 9 қазан N 378 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қараша N 1293 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 20 қыркүйектегi N 293 V990954_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесiне өзгерiстер бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесiне өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн осы қаулыны және 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi, несиелерi және 
депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесiне өзгерiстердi 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi 
бөлiмшелерiне және филиалдарына жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

     
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
 


                                              Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 378 қаулысымен Бекітілген


           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
          1999 жылғы 20 қыркүйектегi N 293 қаулысымен бекiтiлген
            Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi,
           несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде)
                   есептеу ережесiне өзгерiстер

      1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесi".
      2. Ереженiң бүкiл мәтiнi бойынша:
      1) "кредит", "кредиттiң", "кредиттi", "кредиттердiң", "кредиттерi" деген сөздер тиiсiнше "банктiк заем", "банктiк заемның", "банктiк заемды" "банктiк заемдардың", "банктiк заемдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "кредиттеу" деген сөз "заем беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "несие", "несиенiң", "несиеге", "несиенi", "несиемен", "несиелерге", "несиелердi" деген сөздер тиiсiнше "заем", "заемның", "заемға", "заемды", "заеммен", "заемдарға" "заемдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) "(мүдде)", "(мүдденi)", "(мүддеден)" деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Ереженiң 5-тармағындағы "кредит, несие" деген сөздер "банктiк заем шарты, заем шарты" деген сөздермен және 7-тармағындағы "Кредит, несие" деген сөздер "банктiк заем шартын, заем шартын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Ереженiң 6-тармағындағы "кредит, несие немесе депозит шартында"

деген сөздер "банктiк заем шартында, заем шартында, депозит шартында" 
деген сөздермен ауыстырылсын.
     5. Ереженiң 10-тармағындағы "кредит шартында" деген сөздер "банктiк 
заем шартында" деген сөздермен ауыстырылсын.
     6. Ереженiң 16-тармағындағы "несие берешегiнiң", "несие берешегiне" 
деген сөздер тиiсiнше "заем бойынша берешектiң", "заем бойынша берешекке" 
деген сөздермен ауыстырылсын.

     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
      Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Қасымбеков Б.А.